Азық-түлікпен бірге сатылатын аурулар

Адамдар сапасыз тағам, ауру тудыратын бактерия, вирус, паразит және зиянды химиялық заттардан тұратын азық-түлік тұтынудан 200-ге жуық түрлі ауруға, яғни іш ауруынан бастап қатерлі ісік кеселіне шалдығады екен.  Азық-түліктен уланудан бөлек, ауру малдың ет-сүтінен инфекция жұқтыру жағдайлары жиі кездеседі. Базардан «сатып» алатын аурулар тізімі, мал және құс өнімдерін сатып алуда ескерер мәселер жайында тарқатамыз.

Сальмонеллез

Сальмонеллез, сарып, ботулизм, аусыл, туберкулез – малдан және олардан алынатын өнімдерден адамға жұғатын инфекциялық аурулар. Ендеше, аурудың алдын алудың жолы және азықтарды сақтаудың ережесін біле жүрген артық болмайды. Мамандар жұмыртқаны пісіргенде кемінде 5 минут қайнату керек екендігін айтады. Себебі, жұмыртқаның қабығының өзінен кеселдің сан түрі кездеседі.
Сальмонеллез — жедел ішек инфекцияларының бірі. Ол 700-ден аса қоздырғыштардың түрін тудырады. Қоздырғыштар көзге көрінбегенімен қоршаған ортада төзімді, азық-түлікте, оның ішінде жұмыртқа, құс еті, сүт өнімдерінде тез көбейеді. Себебі, ірі қара, құстар, шошқа, суда жүзетін құстар негізгі тасмалдаушылар. Тасымалдаушылардан адам ағзасына сальмонелла қоздырғышы тағамдарды дайындау, тасымалдау, сату, тағамды өз дәрежесінде кулинарлық өңдеуден өткізбегенде, сақтау температурасы сақталмаған жағдайда жұғу қауіпі бар. Кесел кейде ауру адамдардан немесе бактерия тасымалдаушылардан жұғуы мүмкін.
— Бактерия тасымалдаушылар – дені сау адамдар, қоздырғышты тасымалдағанымен өзі ауырмайды, ешқандай клиникалық белгілері жоқ. Бірақ сыртқы ортаға ауру тудыратын қоздырғышты бөліп отырады. Сол себепті қоғамдық тамақтану орындары мен мектеп және мектепке дейінгі мекемедегі асхана қызметкерлері бактериологиялық зертханадан жылына 1 рет тасмалдаушылыққа тексеріліп отырады, дейді облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті инфекциялық және паразитарлық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы Құттықыз Жұмақызы.

 

Сарып

Инфекциялық ауруға жататын сарып қоздырғышы адамға қой, ешкі еті мен сүті арқылы жұғады. Аурудың қоздырғышы ағарған мен етте 2 айға дейін сақталады. Сарыптың бактериясы термиялық өңдеуде 60 градуста өледі.  Ауру мал, әсіресе айналасындағылар үшін, іш тастағанда, төлдегенде  қауіпті. Өйткені төлмен, оның қабығымен, шуымен, сондай-ақ сүтімен, зәрімен және қиымен көп мөлшерде сарыптың жұғуын тудыратын микробтар бөлініп шығады. Осы микробтар топырақ, су, жем, сүт және басқа да сүт өнімдерін ластайды, әрі ұзақ уақытқа дейін сақталады. Ауру малды күткен адамдар ластанған қолын мұқият жумай тамақтанбағаны жөн. Темекі шеккенде, сонымен қатар тамаққа сарыппен ауырған малдардың, әсіресе қой мен ешкінің шикі сүтін және брынзаны қолданғанда жұғады.

 

Туберкулез

Туберкулез індетін адамдар жануарлардан да жұқтырады. Оның таяқшалары 100 градуста өледі. Ауру малдың еті мен сүтін ішіп-жегенде ауру жұғады. Бір қатері дерт адамның тыныс жолдары және лимфа жүйесін зақымдайды. Сондықтан, үйді мал ұстағанда ветеринар мамандардың қызметіне жиі жүнінген дұрыс. Ал, мал шаруашылығымен айналысатын шаруа жыл сайынғы медициналық тексерілуден өтіп тұруы артық болмайды.

 

Іш сүзек 

Іш сүзектің таяқшасы оттегінсіз 37 гарус-та көбейе береді. Оның таяқшалары сүт өнімдерінде, шұжықта кездеседі және ол тек 80 градуста ғана өледі. Малдан адамға жұққанда адамда мынадай клиникалық белгілер байқалады: дене қызуы 40С-қа көтеріліп, денесі қышынып, әлсізденеді. Сондай-ақ, орталық жүйке жүйесінің қызметі бұзылады. Дерттің бактериялары адамға сүт, ірімшік, ет, ет жентегі арқылы беріледі. Ауру асқынса, пневмония, холецистит, цистит, миокардит секілді ауруларды асқындырады. Іш сүзекті жұқтырған адам аурудан жазылғанымен бірнеше уақыттан кейін де ауруды тасымалдаушы болуы мүмкін.

 

Аусыл

Үй жануарларында кездесетін карантиндік жағдайға дейін жеткізетін кесел.
Аусылмен ауыруға сиыр, шошқа, қой-ешкі, түйе бейім. Бірлі-жарым бұл ауруға ит пен мысық, қоян мен егеуқұйрық, тіпті кірпі де шалдығатыны туралы мәлімет бар. Ең сезімтал жануарларға сиыр мен шошқа жатады. Кей жағдайда ауру малды күтіп-баптағанда адам да ауырады. Жануарлар вирусты сыртқы ортаға сүтімен, сілекейімен, несеп және нәжісімен бөліп шығарады. Бұның нәтижесінде қора-жай, әр түрлі құрал саймандар, жайылым, жем-шөп, суат, көлік жабдықтары т.б. Ластанады. Бір қызығы, кесел мал арқылы емес, көліктің доңғалағы, өзге жабдықтар, киім-кешек арқылы да тарала береді. Малдан адамға жұғатын аусыл қауіпті болмағанымен денсаулыққа айтарлықтай кері әсерін тигізеді.

 

Ботулизм

Бұл дер кезінде алғашқы көмек көрсетілмесе соңы өлімге алып баратын дерт. Балық, ет, консервіленген өнімдер бұзылғанда, дайындау ережесін сақтамағанда  адам ағзасын улайды. 15-37 градуста дерттің таяқшалары көбейіп, у бөледі. Үй жағдайында шұжық, ет, саңырауқұлақтан консерві дайындағанда аса сақ болған дұрыс. Ботулизмнің пайда болуы-на ықпал ететін осы өнімдер және өршитін кезеңі нақ  қыс мезгілі. Инфекциялар адам ағзасына түскен соң алғашқы тәулікте улану белгілері байқалады. Ауруға  тән белгілер: жалпы әлсіздік, ауыз құрғау, жүрек айну, құсу, іштің бүріп ауруы, іштің өтуі, көздің көруінің бұлдырап тұмандануы, заттардың қосарланып көрінуі,  тамақтың ауыруы, жұтынудың нашарлауы, ауыр түрінде дем алудың қиындауы. Ауру  күдікті тағам қолданған соң 1-2 сағаттан немесе  бірнеше  күннен кейінде  пайда болуы мүмкін.

Айгүл КЕРІМБАЙҚЫЗЫ

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *