Ажырасу шығыны некеге тұрудан қымбат

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жыл басынан бергі 9 айда 102 067 акт жазбасы тіркелген. Оның 16 743-і неке қию, 3 940-ы некені бұзу актісі. Былтырғы жылмен салыстырғанда, некесін заңдастырғысы келетіндер ажырасқандардың азайып, қатары артып келеді. Некені заңды түрде тіркеуге қанша уақыт кетеді және бұл үшін қандай құжаттар қажет? Ажырасу қанша уақытқа созылады, алиментті өндіру үшін арызды қайда жазу керек? Некеде болған кезде алынған мүлік қалай бөлінеді? Осы және тағы да басқа неке мен отбасы төңірегіндегі сұрақтарға байланысты жауап алу үшін облыстық Әділет департаментінің АХАТ және апостильдеу жұмыстарын қамтамасыз ету, бақылау бөлімінің басшысы Шахаризаде Досановаға жолықтық.

Тууды, некені тіркеу, немесе бұзу, тегін, әкесінің атын өзгерту, азаматтық хал актілерін өзгерту, түзету, қалпына келтіру, жою, қайталама куәлік беру, әр түрлі нысандағы анықтамаларды (ф №4, анықтамасы, неке қию қабілеттілігі туралы, азаматтық хал акт жазбаларының жоқтығы туралы, АХАТ бөлімі мұрағатында сақталатын азаматтық хал актілерін растайтын анықтамалар) беру, басқа мемлекеттен келіп түскен арыздарды қарау, Гаага конвенциясына сәйкес ҚР-нан тыс жерде қолдануға арналатын құжаттарды апостилдеу үшін нотариустерден, АХАТ қызметі мен бөлімдерінен, аумақтық әділет органдарынан шығатын ресми құжаттарды қабылдау сынды жұмыстар ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Осы Кодекс неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарын реттеудің мақсаттарын, міндеттерін, қағидаттарын және құқықтық негіздерін айқындайды, отбасының дамуын Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты ретінде айқындай отырып, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді,- дейді бөлім басшысы.

Ажырасу шығыны некеге тұрудан қымбат

Некені тіркеу тәртібі

Шахаризаде Досанованың айтуынша, неке ер мен әйелдің өзара ерікті келісімінің негізінде тіркеледі. Қазақстан Республикасының азаматтары өз некелерін екі жолмен тіркей алады екен. Оның бірі – электронды, екіншісі – АХАТ бөлімі арқылы. Электронды қызметті некесін алғаш рет заңдастырып жатқандар пайдаланса, некесін екінші не болмаса үшінші рет қидыратындар – міндетті түрде тұрғылықты мекенжайы бойынша АХАТ-қа барып, арыз жазуы керек. Арызбен қоса өздерінің жеке куәліктерін, балалары бар болса олардың туу туралы куәліктерінің көшірмесін, бұрынғы некенің бұзылғандығы жайлы куәлікті немесе жұбайы қайтыс болған жағдайда «қайтыс болу туралы» куәліктің көшермесін және 1982 теңге көлемінде мемлекеттік баж салығын төлегендігін растайтын түбіртекті қоса өткізуі қажет.

– Неке арыз берген күннен бастап 30 күнтізбелік мерзім өткен соң тіркеледі. Дәлелді себептер болған жағдайда некені тіркеу рәсімі қысқартылуы немесе ұзартылуы мүмкін. Мәселен, жүктілік, ортақ баланың болуы. Некені тіркеу өткізілгеннен кейін ерлі-зайыптыларға неке қию туралы куәлік беріліп, олар заңды түрде ерлі-зайыптылар деп танылады, – дейді бөлім басшысы.

Некені тіркеу кезінде өтініш иелерінің кәмелет жасына жетуі де ескерілетінін естен шығармаған абзал. Заңға сәйкес неке жасы – 18 жас болып табылады. Алайда, егер қалыңдық жүкті болса неке жасы екі жылға қысқартылады. Ал кәмелет жасына жетпеген жастардың некеге тұруы ата-аналарының және өздерінің келісімі бойынша ғана жүзеге асырылады.

Әңгіме барысында Шахаризаде Сматуллақызы ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 257 бабы, 10-тармағына сәйкес, некеге тұрған әйел жұбайының тегіне жазылған болса, міндетті түрде уақыт оздырмай жеке куәлігін ауыстыруға кеңес беретіндерін айтты. Себебі, құжат ауыспаған жағдайда, балалы болған кезде жаңа туған нәрестеге құжат алу кезінде қиындықтар тууы мүмкін екен.

Ажырасу шығыны некеге тұрудан қымбат

Бір айда ажырасуға болады

Ажырасу – ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік құқық қатынастарының тоқтатылуы, яғни, некенің бұзылуы болып табылады. Сала мамандарының сөзінше, ажырасу процесі ерлі-зайыптылардың өзара келісімі негізінде және сот арқылы жүзеге асырылады. Яғни, егер некесін бұзуға ниет білдірген ерлі-зайыптылардың ортақ балалары болмаса, мүліктік дау туындамаған жағдайда олардың некелері ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне сәйкес АХАТ бөлімінде бұзылады. Некені бұзу арыз түскен сәттен бастап 30 күнтізбелік мерзім ішінде жүзеге асырылады. Және ерлі-зайыптылар ол үшін 2 АЕК көлемінде мемлекеттік баж салығын төлеуге міндетті.

Яғни, осы уақыт аралығында ерлі-зайыптылар қабылдаған шешімі туралы тағы да ойлануға мүмкіндігі бар. Бұл заң аясында жүзеге асырылатын шара. Осы уақыт аралығында шешімін өзгертіп, райынан қайтып жатқандар да табылып жатыр. Дейтұрғанмен, ондай азаматтар өте аз, – дейді маман.

Ал егер ажырасуға ниет білдірген азаматтар белгіленген күні келмей, бір күнге кешіксе, олардың арыздары кері қайтарылады. Сөйтіп, олар кешіккен бір күн үшін қайтадан арыз жазып, тағы да 30 күн күтеді.

Айтпақшы, егер ерлі-зайыптылардың бірі сот арқылы хабарсыз кеткен деп танылса, сот жүйке ауруларынан немесе ақыл-есінің кемдігінен әрекет қабілеті жоқ деп танылса, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айырылса, АХАТ бөлімі мұндайда екінші тараптың арызы негізінде некені тоқтатуға құқылы. Жоғарыда аталған жағдайларда жұбайлардың ортақ кәмелет жасына толмаған балалары болса да, некені бұзуға болады.

Егер де, ерлі-зайыптылардың ортақ кәмелетке толмаған балалары болса немесе мүлікті бөлісе алмаған жағдайда ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 19 бабына сәйкес, неке сот тәртібінде бұзылады. Мұны ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 32 бабы қарастырады.

Туу туралы куәлік алу

Туу туралы куәлік ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 188-бабына сәйкес беріледі. Туу туралы куәлікті рәсімдеу үшін:

– ҚР Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш;

– ата-аналарының жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

– 2008 жылға дейінгі неке қиюды тіркеген тұлғалар үшін ата-аналарының неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігінің көшірмесі (болған жағдайда);

– туу туралы медициналық куәлік немесе туу фактісін белгілеу туралы сот шешімінің көшірмесі;

– ата-аналарының немесе мүдделі тұлғалардың өтініш беру мүмкіндігі болмаған жағдайда өкілдің өкілеттігін растайтын құжат қажет.

Ал егер, ерлі-зайыптылардың некесі заңды түрде тіркелмеген жағдайда, ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 206-бабына сәйкес, баланың ата-анасы АХАТ бөліміне бірлесіп өтініш жазуы керек. Бұл өтініш арқылы ер азамат өзінің баланың әкесі екенін растайды. Соның негізінде балаға туу туралы куәлік беріледі. Егер де, жолдасыңыз белгілі себептермен АХАТ бөліміне бара алмаса немесе төл құжатын жоғалтқан жағдайда анасы өзінің сенімді өкіліне нотариалдық расталған сенімхат жазуы керек. Сол сенімхат арқылы үшінші тұлға перзентханада жатқан әйелдің барлық құжаттарын АХАТ бөліміне тапсырып, нәрестенің туу туралы куәлігін ала алады. Бірақ, ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 192-бабы, 4-тармағына сәйкес, әйел «жалғызбасты ана» деп танылып, балаға анасының тегі беріледі. Алайда, ата-ананың екеуі құжаттарын алып, қайтадан АХАТ бөліміне бірлесе арыз жазса, соның негізінде балаға әкесінің тегі берілген жаңа туу туралы куәлік беріледі. Өзгертілген куәлікті алу үшін мемлекетке 1АЕК мөлшерінің 50% төлеу керек. Ал егер, әкелік расталмаса бала анасының тегінде қала береді.

Айжан ЕРМЕКҚЫЗЫ

Редакция

18 комментариев

  1. Мен Ал-Фараби ауданында турамын ажырасуга арызды қай жерге берсем болады мекен жайын айтсаңыздар

  2. Алиментке Арыз беріп едім. 5 айлық балам бар. Сот жүзінде ажырасқан жоқпыз. жолдасммен бөлек тұрамыз. Ажырасу жөнінде арыз бердік біраз елі ажырасалмай жатрмз. Мен сонда да алимент ала аламынба

  3. Салематсыз ба?! Менде ажыраскым келеди. Неке курганымызга е жыл болады. Бирак бир биримизди тусине алмадык. Орынсыз кызганады. Коп урсысамыз. Еки балам бар. Урыс, айкайдан катты шаршадым.

  4. Салеметсиздерме.менин 2 жасар кызым бар.озим алмалински аудананда турам.ажырасуга арызды кайда берем.алеумент алу ушин ше

  5. мен айелимнен ажыраскым келет бирак кай сотка барам пропескидегима сосын кандай кужат керек? сосын алимент керек емес деди ози.бирге баруымыз миндетпа?

  6. Мени куйеуиммен ажырасуга барлык кужаттарды сотка откизип койган едим, оган карамастан мени куйуим мени келип тагы да катты соккыга жыкты. Мен полиция шакырып устинен арыз тусирдим. Суд мед экспертизага да бардым. Оган осы жагдайда канша тг колеминде айып пул салады?

  7. Адыраскым келеді. Арада бала жок. Бирак той истеп оз торкиним артымнан дуние алып келгнн оны да сотта боледи ма алде мен озим иеленип алып кете аламын ба?

  8. Ажырасуга миндетти турде еки адам да баруы керек па алде биреуы кейынрек баруга болады ма мысалы баска каладан келуы киындаса жане баласыз ажырасуды 1 айдан тездетуге болады ма?

  9. салематсизба? биз некеге 2016 жылдын караша айына некеге турдик енди мен ажырасуга арыз бергим келед бирак 3 аилык балам бар… енди бизге арыз жазсак 1 сотта развод бирема? менде куйеуимде ажырасуга карысы емеспиз. сосин некеге занды турмаи турганда алган кредитти ажыраскан жагдаида занда они еки жакка болип толеу карастирилган екен солаи болама?

  10. Менин 8…айлык балам бар ажырасуга арыз берген жокпын бирак берем болек турамыз алиментке арыз берсем ажыраспасакта толей бере ма?

    • иа, казир куйеуинмен бирге турып жатсанда алимент ондирип ала аласын!!!Ажырасу болек

  11. Сәлеметсіздерме мен неке куалигимди жогалтып алдым оны кайта востановит етсем канша уакытта дайын болады.оны миндетти турде тиркелген жерде жасату керек пе?оган да акша төленедіма?

  12. биз куйеим екеумиз бир биримизди кимаимыз бирак арада бузушылар басм болып жатыр не истеуге болады казир еки аи болды бирге турмаимыз бирак еки кунде кездесип турамыз еки балам бар озим ушиншиге жуктимин

  13. Меен Ефимии Анель 2011де уйлендик Аллага шутки 2балам барс.Кыскасы 2014бери более турамыз некедемиз сотка берсем 3жылдын алиментов ондире алатын ба?

  14. Мен куйемнин ажыраскым келеди онын мени алдаганынан шаргадым онын баска биреуи бар ол анык.

  15. Саламатсыздарма! Мен турмыска шыкканыма еки жыл болды 9 айлык улым бар, улым ушин шыдагым келген, бирак, катты шаршадым. Калай тезирек ажырасуга болады?

  16. Салеметсиздерма мен Тараздыкымын озим казир Алматыда турып жатырмын, жолдасым мени бир кызыммен тастап кетти. Не стеуиме болады, ажырасу занын айтып жибересиздерма, кызым жетиде, озим жумыссызбын, денсаулыгыма байланысты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *