Азаматтық хал актілерін тіркеу үшін электронды өтініш беру тәртібі

Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу адамдардың тілегі бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органда жүргізіледі, сонымен қатар Электронды Үкімет порталы «е-gоv» бағдарламасы арқылы өтініштері қабылдануда.

Осы мәселеге тоқталсақ, биылғы жылдың 1 тоқсанында Электрондық үкімет порталы арқылы азаматтық хал актілерін тіркеуге 3417 өтініштер қабылданып, тіркелді.

Аталған қызметті алу үшін міндетті түрде электрондық сандық қолтаңба болуы қажет, оны Электрондық үкімет порталынан, немесе туратын қалаңыздағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуға болады.
Интернет пайдаланушылар бүгінде осы қызметтің басымдығын бағалай алады – азаматтық хал актілерін тіркеу туралы өтінішті түрлі қалалар мен мемлекеттерде жүріп бере алады.

Электрондық өтінішті беру үшін порталда авторизациялау жүргізіп, өтінішті толтыру жеткілікті – жүйеге қажетті деректерді енгізеді, электрондық сандық қолтаңба көмегімен өтінішке қол қояды, осылайша ұзақ кезектерде тұрудың және мемлекеттік органдарға барудың қажеттігі жоқ.

Өтінішті беруге мемлекеттік баж төлемі электрондық үкіметтің төлем шлюзінің автоматтандырылған жүйесі арқылы іске асырылады.

З.Шайдуллина,

АХАТ және апостильдеу
жұмыстарын қамтамасыз ету,
бақылау бөлімінің бас маманы

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *