Автобусқа картасыз міне алмайсыз…

9 авто онайАлдағы уақытта Шымкент қала­­сында электронды билет жүй­есі енгізіліп, бұрынғыдай ақшаны кондуктордың қолына ұстат­­пайсыз. Яғни, жолақысын электронды карточка арқылы төлей­сіз. Мұның тиімділігі  қоғам­­­дық көліктер бұрынғыдай адам саны үшін жарысқа түсіп, бірін-бірі қуаламайды. Бар­лы­ғы да өздеріне бекітілген кес­те­­­мен жүреді. Жүргізуші мен кон­­­дуктордың жалақысы да ай сай­­ын төленеді. Үшіншіден, әр авто­бустың кіріс мөлшері, жұм­салған шығын мен салық жағы­нан да қанша табыс (прозрачный до­ход) түсетіні туралы мәлімет ашық көрсетіледі.

Қалалық жолаушылар көлігі және авто­­мобиль жолдары бөлімінің басшысы Қуатжан Жұматаевтың ай­туынша, қоғамдық көліктерге байланысты азаматтардан арыз-шағым көп түседі. Әрі студент жастар да авто­­буста ақша ұрлатып алғандарын айта­ды екен. Сондықтан, ата-аналар да балаларының ақшаны қандай мақ­сатта жұмсап жатқанын біліп отырады. Себебі, студенттер ата-анасы берген ақшаны шын мәнісінде жоғалтып алды ма, жоқ па, оны ешкім тексере бермейді.

9 геройБауыржан Құлышев, «Green bus Company” ЖШС директоры:
— Бұл жаңа жүйені қолдай­мын. Ең бастысы, көлік компа­ниясының барлық табысы айқын болады. Себебі, көптеген компаниялар мемлекеттен табысын жасы­ратыны өтірік емес. Бұл халыққа да үлкен пайда. Және нарықтан көлденең табыспен жүргендер өздігінен ысырылады. Мәселен, бір автопарк­тен 18 автобус шығу керек бол­са, олар 20-25 қоғамдық көлікті пайдалануы мүмкін. Және табысын еш жерде көрсетпей, салықтан жалтарады. Мысалы, бір бағытта 20 автобус бар делік. Жолдама 3000 теңге тұрады, бұл күніне – 60 мың теңге деген сөз. Ал айына 1 миллион 600 мың теңгеден салыққа 3% ғана төлейді. Әрине, осынша табыс тауып келген компаниялар үшін электронды билет өте тиімсіз. Өйткені, олар мұндай жағдайда автобусты жалға алып, табысын ашық көрсетуге мәжбүр болмақ.

9 куатжан жуматаев (4)

Қуатжан Жұматаев, Қалалық жолаушылар көлігі және авто­­мобиль жолдары бөлімінің басшысы

Сонымен, элек­трон­ды билет деге­німіз не? Оның мақ­саты мен тиімділігі қандай? Осыған тоқ­талсақ. Өткен жылы жергілікті билік қара­ша айында Оңтүстік Кореяның «Korea Smart card» кәсіпорнының өкілдерімен кездесіп, өзара екі жақты мемо­рандумға қол қойған болатын. Бүгінде шаһа­рымызға келген Оңтүстік кореялық мамандар қала­дағы көлік ағымы мен тасымалдау сала­сын зерттеуге кірісіп кетті.
— Оңтүстік Кореядан келген деле­гация шаһарда қанша көлік компаниясы бар, күн­делікті неше жолаушы тасымалданады, соның бәрінің тиімділігін есептеп, экономикалық негіздемесін жасайды. Осы айдың аяғында бізге элек­тронды жүйе­ні қанша жылға шыға­ра­тынын, сомасы мен үстіндегі пай­ы­­зы қалай болатынын айтады, — дей­­ді  Қуат­жан Әзімбайұлы. Оның сөзінше, Шымкент қаласында бүгінгі таңда 27 көлік ком­паниясы мен 81 бағыттағы мар­шрут бар. Жолаушыларға 1200-ден аса автобус, газель қызмет көр­сетеді.
Айта кетейік, осы уақытқа дейін әр бағыттағы қоғамдық көліктерге бекі­тілген жоспардың көлемі ашық айтылмай келген-ді. Көлік компа­нияларының басшылығы жүргі­зуші­лер мен кондукторға жалақы төлесе де, олар түскен кірістің нақты қанша болғандығын жасыруы мүмкін. Сол себепті, электронды билеттен түскен таза табыс салыққа кетеді, әрі бұрынғыдай жолаушылар үшін тала­сып, аялдамаларда жарысқа түспейді деп сендірді, Қ.Жұматаев. Сондай-ақ, «бұл жаңа жүйеге көлік компаниялары қалай қарап отыр?» деген сауалымызға, сала басшысы қаламыздағы ең үлкен жолау­шылар тасымалдайтын «Green bus Company” қолдап отырғанын айтты. Бұл мекеме жылдың басын­да 200 автобус әкеліп, қазір 16 бағыт­та қызмет көрсетуде. Мұндай жүйе енгізілген жағ­дайда аталмыш көлік компаниясы өте ыңғайлы бола­тынын айтады. Себе­бі, бізде жолаушылар тасымалы­нан түскен қаржыны анықтап тұратын құрылғы орнатылмаған. Оның үстіне, жүргі­зушілер өз бағытының рента­бельді емес екенін алға тартады екен. Сондықтан, жаңа жүйе енсе, компания басшылығы да түскен табыстың нақты мөлшерін біліп отырады.
Бұл жүйе енгізілсе, Алматыдағы жағдайды қайталамаймыз ба деп алаң­­даған шымқалалықтарға жауап ретін­­де кореялық «Korea Smart card» компаниясының өкілі Ли Ми Хо аталмыш жүйе бүгінде Моңғолия, Жаңа Зеландия, Африканың бірқатар ел­дер­інде табысты қызмет атқарып келе жатқанын жеткізді. Оның үстіне, бөлім басшысы Қ.Әзімбайұлы шет­ел­­­дік кәсіпорынның өз елінде 49 % үлесі мемлекетке тиесілі екенін де құлаққағыс етті.

Шаһар халқы электронды билетке дайын ба?
— Дайын болғанда, бәрібір де осы жүйеге ақырындап өтуіміз керек. Елбасы үздік 30 елдің қатарына кіруіміз керек деп айтқан. Бұл соның алғашқы қадамдарының бірі – дейді сала басшысы. Сонымен қатар, қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың «Ақылды қала» концепциясына сәйкес, 2016 жылғы тарифте жол­ақысын 70 теңгеге көтеруді ұсынған болатын. Соған сәйкес, 1 сәуірден бастап жол ақысын көтеру жоспарлануда. Бірақ студенттерге жолақы 50 теңге күйінде қалдырылады.
— Адам жүре келе, біле келе үйренеді дейді ғой. Кореялық делегация Алматыда қойылған «Оңай» жүйесіне қарағанда біздегінің жақсы болатынын айтуда. Қай жағынан десеңіз, Алматы қаласында жай ғана электронды болса, бізде әр аялдамада LED-экрандар орнатылады. Сол экран арқылы қай уақытта қай автобус келе жатыр, соның бәрін алдын ала көріп тұрасыз, — дейді маман.

4 түрлі карточка болады
1. Жалпы – 70 теңге, 2. Студенттерге – 50 теңге, 3. 7-12 жас оқушыларға 50 пайыз жеңілдікпен, 4. Қонақтарға. Яғни, облыстан, өзге аудан, қалалардан келген қонақтарға бір реттік билет қарастырылған. Ол кондуктордың немесе жүргізушінің жанында тұрады, сол жерден сатып аласыз.
Еуропа елдерінде 2 долларға күндізгі карточка сатылады екен. Оған күніне 10 рет автобусқа міне ме, 1 рет қана міне ме, өзі біледі. Осындай да нұсқалар қарастырылып жатыр екен. Себебі, бұл жерде төлем картасы 300-500 теңге болса, ауылдан келгендерге тиімсіз. Мысалы, бір қария қалаға келіп, немеремді көремін де, қайтамын деуі мүмкін. Сондай жағдайда қалаға келген қонақтар жол билетін жүргізушіден сатып алады.

9 динара геройДинара Балқыбекова, қала тұрғыны:
— Қоғамдық көліктерге осы жылы төлем картасы енгізіледі дегенді деп естіп жатырмыз. Бұған біздің қаладағы авто­бус­тардың дайындығы бар де­генге сенбеймін. Себебі, орта­лықта қатынайтын автобус­тар ғана жаңаланған. Шеткі шағын­аудандарға баратын көліктердің әбден тозығы жеткен. Таңертең жұмысқа барғанда, не қайтқанда адамның көптігінен сығылысып, сыймай жатамыз. Себебі, жол жүрудің машақаты күн сайын жұм­ысқа барып келетін адам­дар­ға жақсы таныс. Ал сондай уақыт­та төлем кассасына қалай жетесің? Оның ішінде қаншама оқушылар мен бүлдіршіндер бар. Одан да кондуктордың қызмет еткені дұрыс. Екіншіден, мұндай жүйені енгізгенде қаншама адам жұм­ыссыз қалады. Жаңа талапты енгізбес бұрын әбден зерттеп, содан кейін барып қана кіріскен дұрыс деп ойлаймын.

Төлем картасын қайдан сатып аламын?
Төлем картасы кез келген дүкен­­де, дүңгіршекте сатылса, сту­дент­тер мен оқушыларға арнайы дис­пет­черлік қызмет көрсететін орта­лықта сатылады. Төлем карта­сы­ның балан­сын терминалдан тол­­­ты­расыз, әрі қалған сома туралы мони­торда көрсетіліп тұрады. Және қанша ақша салып қою да өз құзы­рыңызда. Айтпақшы, төлем карточкасы тек Шымкент қаласына ғана жарамды. Ал, электронды билет енгізілген кезде кондуктордың болу, болмауы маманның айтуынша, процесс барысында шешілетін көрінеді.

Марат Сейітов, «Автоимпульс» ЖШС директоры:
— Алматыда не болып жат­қанын көріп отырсыздар ғой. Мәсе­лен, авто­бусқа орнатылған компьютерлік жүйе бұзылып қалса кешке дейін жолаушыларды тегін тасуы керек пе? Одан кейін жолақыны 70 теңгеге қымбат­тайды деп жатыр. Ол кезде 10 пайызы салыққа, 63 теңгесі өзімізге қалады. Бір айда есептеп көрдік, 7 теңгеден алып отырғанның өзінде мемлекет 105 миллион теңге пайда табады екен. Әрине, электронды төлем уақытылы түссе, бізге де жақсы. Бірақ, компьютерге сенім жоқ. Оған қоса, біреу төлейді, біреу төлемейді. Мәселен, Алматыда жолаушының билеті болмаса жүргізушіге айыппұл салынады. Ауылдан келетіндер бір-ақ рет мінем деп төлем картасын алмайды. Бұл жүйені енгізу үшін бізге әлі біраз жыл дайындық керек. Себебі, көбісі жекеменшік автобустар. Ал базада парктік автобустар аз. Бір жағынан пайдасы, жүргізушілер жарыспай, тек өз уақытымен жүреді. Көшеде бақылап тұратын секундомерлер де керегі болмай қалады. Бірақ, біздерге кондуктор болатын, болмайтынын айтқан жоқ. Негізі төлемді қадағалау керек. Тіпті, кондуктор қасында тұрып жолаушылардан төле деп әрең алып жататын жағдайлар кездеседі. Өйткені, халық өздігінен төлегісі келмейді. Бұған артқы есіктен кіргізіп, алдыңғы есіктен түсіреміз деп айтып жатыр. Кейде адамдар екі есіктен кіргеннің өзінде автобусқа сыймай жатады. Осы­ған байланысты, Алматыда табыс төмендеп кетіп, айқай-шу шық­ты. Бұл жерде халыққа да қиын болайын деп тұр. Егер бәрі алдын ала ыңғайлы орнатылса әрине бізге де тиімді. Десе де, меніңше оның бәрін қою, орнату оңай жұмыс емес. Бірақ, әкімшілік енгіземіз десе, біз қайда барамыз?

Қысқасы, шетелдік компания алты айдан кейін электрондық билет жүйе­сін енгізуді бастайды және бұл үшін мемлекет қазынасынан бір тиын да бөлінбейді. Ал, Алматыдағы жағдай бізде де қайталана ма, жоқ па, оны уақыт көрсетеді.

Жансая СЫДЫҚБАЙ

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *