Ауданда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 25 мыңнан асқан

Облысымызда ауылшаруашылығы саласын дұрыс жолға қоя білген өңірлердің бірі – Сарыағаш ауданы. Аталмыш аудан жер қойнауынан шығатын шипалы минералды суы мен сауықтыру орталықтарымен елге танылған. Бұдан бөлек, көкөніс пен бау-бақша өсіруге бейім өңірдің тыныс-тіршілігімен танысып қайту үшін, арнайы ат басын бұрған едік.

Халқы тығыз қоныстанған аймақтың бүгінде 319 мыңнан аса тұрғыны бар. Сарыағаш ауданы өзбек елімен шекаралас орналасқандықтан мұндағы халық еңбекқор болып келеді. Қысы-жазы жер тырмалап, егін егетін ауданның әлеуметтік жағдайы да жылдан жылға жақсарып отыр. Ауданның биылғы жылғы өнім көлемі 50,1 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 22%-ға өскені байқалады. Әсіресе өнеркәсіп, ауылшаруашылығы салаларында даму бар. Сондай-ақ, инвестиция тарту жағы жақсарып, сауда-саттық пен қызмет көрсету жағы 7 есеге ұлғайған. Ал жылыжайлардың көлемі 440 гектардан асып, онда 5 мыңға тарта адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Ауданда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 25 мыңнан асқан

Жылыжай жұмысы жанданып келеді

Облыс бойынша жылыжай-лардың 67%-ын құрайтын аймақта 600 гектардай жерде көкөніс өсірілуде. Былтырғы жылы 394,22 гектарға егілген қызанақ пен қиярдан 73 мың тонна өнім алынған болса, биыл жыл басынан бері бұл көрсеткіш 53 мың тоннаны құраған. Ал тамшылатып суару бойынша жүзім, көкөніс, жеміс-жидек, бақша дақылдары өсірілуде. Өз кезегінде шаруашылықты жүргізу үшін мемлекет тарапынан жылына екі рет субсидия беріліп келеді.

Әділхан КЕНЕГЕСОВ, Сарыағаш аудандық ауыл-шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы:

– Биыл 600 гектардай жылыжайдан екі маусым қорытындысы бойынша 130 мың тонна көкөніс өндірдік. Бірақ Ресей рублінің құнсыздануы біздің шаруаларды шығынға батырды. Мәселен, бұған дейін көкөністің өзіндік құны 50-70 теңгенің арасында болса, ол бүгінгі күнде 30-20 теңгеге түсіп кетті. Субсидиялық қаржы бөлінбесе, шаруалар қатты шығынға батайын деп тұр. Себебі, олар ұрықты Нидерландыдан, оған қосатын дәрілерді Түркия, Финляндия, Германия сынды елдерден алады. Мемлекет тарапынан қайта өңдеу кәсіпорындарына қолдау көрсетсе, бағалар көтерілер еді. Одан бөлек өндіріс зауыттарын ашу көзделіп, қияр, қызанақ консервілеу не болмаса томат өндірісі қолға алынса. Сондай-ақ, үкімет тарапынан ескі көкөніс сақтау қоймаларын, қойма ішіндегі қондырғыларды модернизацияласа екен.

Ауданда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 25 мыңнан асқан

Ғабит БИЖАНОВ, Сарығаш аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

– Қала көшелерін кеңейтуге мүмкіншілік жоқ. Яғни, тұрғындардың үйлерін жылжыта алмаймыз ғой. Осындай қателіктерді қайталамау мақсатында «Самал»шағынауданында салынып жатқан 47 ішкі көшелерді жаңа талаптарға сәйкес кең салудамыз. Ол жолдардың ені 6 метр, екі жолақта жаяу жүргінші жолы бір-бір метрден. Ал ауданда бұрын-соңды жол құрылысына бөлінбеген қаржымен, яғни 2 053,915 млн теңгеге «Самал» мөлтекауданынан 2 магистральды көше салынуда. Оның жалпы ені 31 метр болады. 2014 жылы басталған құрылыс жұмыстарын үш жылға өтпелі кезеңмен 2016 жылы аяқтау жоспарланған.

Мәселе

Халық саны 300 мыңнан асатын ауданда шешімін таппай отырған мәселелер де жоқ емес. 154 елдімекеннің 90-ы көгілдір газбен қамтылмаған. Яғни, 58%-ы құбырлы ауыз сусыз отыр. Небәрі 14 елдімекенде ғана мембраналық су тазартқыш қондырғылары орнатылған. Сондай-ақ, аудан көлеміндегі жолдардың 700 шақырымында шағал төселген болса, 350 шақырымы топырақ жол болып отыр. Қазіргі таңда осынау келеңсіздіктерді жою үшін 185 көшенің жобалық сметалық құжаттары дайындалып, асфальттау жағы қарастырылуда. Жергілікті билік түйіні тарқамаған бұл мәселелерді кезең-кезеңімен шешеміз деп отыр.

Ауданда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 25 мыңнан асқан

Ауданда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 25 мыңнан асқан

Он екі нысан пайдалануға берілді

150-ден аса елдімекені бар ауданда әлеуметтік нысандардың жетіспеушілігі өзекті проблемалардың бірі саналады. Бірқатар ауылдық жерлерде балалар әлі күнге үш ауысымды мектептерде білім алса, базбір елдімекендерде балабақшалар жоқтың қасы. Ауруханалар мен емханалар салу да кезек күттірмейтін мәселелер деп айтуға болады. Осы проблемаларды шешу үшін республикалық, облыстық бюджет тарапынан қомақты қаражаттар бөлініп, жаңадан нысанАуданда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 25 мыңнан асқандар салынуда. Мәселен, өткен жылы құрылысы басталған 12 ғимарат биыл пайдалануға берілді. Олардың ішінде 6 жылдан бері үш ауысымда оқып келе жатқан №135 мектеп те бар. «Жаңақұрылыс» мөлтекауданында бой көтерген 300 орындық ғимаратта енді ауыл балалары екі аусымда білім алуда. Аталмыш мектептен бөлек ауданда 11 білім ордасы пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 3 мектеп пен 1 балабақша және денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталады деп күтілуде.

 

Логистикалық орталықтар салынуда

Көрші Өзбекстан елімен 203 шақырыммен шектесетін ауданда былтырғы жылы өндіретін өнімін тиімді тасымалдау және көршілес елден келетін тауар өндірушілерге қызмет көрсету мақсатында жаңадан логистикалық орталық ашылды. Осындай маңызды нысанның екіншісі биыл Жылға елдімекенінде бой көтеруде екен. Жылына 648 тонна жүк айналымын өткізуге қауқары бар орталыққа қазіргі таңда сиымдылығы үлкен қойма салынып, теміржол торабы жүргізілуде. Мұндай логистикалық орталықтарды салумен кәсіпкерлер айналысуда. Ал әкімдік тарапынан оларға қажетті жер телімі мен инфрақұрылым тартып беру жұмыстары жолға қойылған.

Айтпақшы:

Облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов Сарыағаш ауданына келген кезде «Сарыағаш Жер Сыйы» серіктестігінің жылыжайыларымен және «Бесқара» тауық фермасымен танысып, шипажайларды аралап көрген болатын. Ауданның қазіргі тыныс-тіршілігіне оң бағасын берген өңір басшысы өз кезегінде туризмді дамыту жөнінде ұсыныстарын білдірді. Қазір осы тапсырманы орындау мақсатында бірқатар ауқымды жобалар қолға алынуда.

Әділхан АБАЙҰЛЫ

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *