Арнаулы әлеуметтік қызметкердің міндеті қандай?

Қаламызда Шымкент қаласы әкімдігінің «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» КММ деген орталық бар. Аталмыш мекеме ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына сәйкес қызмет алушылардың тұрғылықты жері бойынша үйде қызмет көрсету жағдайында белгілі бір санатқа жататын адамдарға әлеуметтік қызмет көрсетеді. Олардың бұл жұмысы министрліктің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығына 3-қосымшасына сәйкес реттеледі. Сонымен бұл мекеме қызметкерлері қай санаттағы адамдардың үйіне барып, қандай қызмет түрін атқарады?

Үйде қызмет көрсету жағдайында мына адамдар:
1) психоневрологиялық ауытқулары бар балаларға;
2) тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға;
3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектерге адамдарға;
4) бірінші және екінші топтағы мүгедектерге;
5) егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ қарттарға арнаулы әлеуметтік қызмет алады.

Үйде қызмет көрсету ұйымының негізгі міндеттері:
1) осы стандартта белгіленген көлемдерге сәйкес үйде қызмет көрсету жағдайында стандартқа сәйкес арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету;
2) қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жеке даму деңгейін арттыруға, әлеуметтендіруге және кіріктіруге бағдарланған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету;
3) көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтің сапасын және тиімділігін арттыру болып табылады.

Арнаулы әлеуметтік қызметкердің міндеті
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының мамандары
1) үйде қызмет көрсетуге мұқтаж қызмет алушыларды анықтау және есепке алу;
2) дағдыланған әлеуметтік ортада қолайлы моральдік-психологиялық жағдай жасауға жәрдемдесу;
3) қызмет алушыларға осы стандартқа сәйкес сауықтыру және әлеуметтік-оңалту іс-шараларын өткізуге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы жан-жақты көмек көрсету;
4) үй жағдайында мүгедектерге әлеуметтік, медициналық және кәсіптік оңалту жұмыстарын жүргізу;
5) қызмет алушылар мен оның отбасы мүшелерін әлеуметтік қызмет көрсетудің көлемі мен түрлері туралы хабардар ету;
6) еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру және персоналдың біліктілігін арттыру;
7) үйде қызмет көрсету ұйымының құрылтай құжаттарына сәйкес өзге де функцияларды атқарады.

Көрсетілетін қызмет түрлері
әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер:
1) денсаулық жағдайы бойынша әдеттегі, оның ішінде, төсектен тұру, төсекке жату, киіну және шешіну, жуыну, тамақ ішу, сусын ішу, дәретхананы немесе дәрет ыдысын пайдалану, қозғалып жүру, тісін немесе жағын күту, көзәйнекті немесе есту аппаратын қолдану, тырнағын алу, ер кісілерге – сақал-мұртын алу сияқты күнделікті рәсімдерді орындауға қабілетсіз қызмет алушыларға жеке қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерді көрсету;
2) қызмет алушылардың отбасы мүшелеріне жеке қызмет көрсетушінің және
гигиеналық-санитарлық сипаттағы практикалық дағдыларды үйрету;
3) қарттар мен мүгедектер үшін қосымша:
үйден тыс жерде бір елді мекен шегінде ілесіп жүру;
хат жазу және оқуда көмек көрсету;
ыстық тамақ, азық-түлік және күнделікті қажетті азық-түліктік емес тауарларды сатып алу және үйге жеткізіп беру;
ас әзірлеуге көмектесу;
пеш жағуға, отын, көмір және су әкелуге жәрдемдесу;
киімдерді жууға, химиялық тазалауға, жөндеуге тапсыру және оларды алып келу; кір жууға көмектесу;
тұрғын үй-жайларды жөндеуге және жинауға жәрдемдесу;
тұрғын үй және коммуналдық қызметтерді төлеуге жәрдемдесу;
жерлеу қызметін ұйымдастыруға көмектесу (қайтыс болған қызмет алушының туыс-тары (заңды өкілдері) болмаған кезде) жатады.

Әлеуметтік-медициналық қызметке:
1) дәрігерге дейін көмек көрсету;
2) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесу;
3) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға жәрдемдесу;
4) дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрі-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
5) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторлық-курорттық емдеумен, техникалық қосалқы (орнын толтырушы) құралдармен, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
6) қызмет алушыларға техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды және міндетті гигиеналық құралдарды пайдалануды үйрету;
7) мүгедектердің жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес протездік-ортопедиялық және есту-протездік көмек алуына жәрдемдесу;
8) әлеуметтік-медициналық мәселелер бойынша, оның ішінде жасына қарай бейімделу мәселелері бойынша консультация беру;
9) арнайы маманның, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымы маманының медициналық консультация беруіне жәрдемдесу;
10) денсаулыққа байланысты рәсімдерді жүргізу (дәрі-дәрмек қабылдау, дәрі тамшылату және басқа рәсімдер);
11) емдік-физикалық жаттығулар жасауға көмек көрсету;
12) үйге дәрігер шақырту және денсаулық ұйымдарында дейін қызмет алушыларға ілесіп жүру;
13) балаларды, ТҚА бұзылған балаларды патронаждық бақылау;
14) мүгедектер мен қарттарға санитарлық-гигиеналық қызметтер көрсету (сүрту, жуу, гигиеналық шомылдыру);
15) оңалту іс-шараларын жүргізуге жәрдемдесу.

Әлеуметтік психологиялық қызметтерге:
1) әлеуметтік-психологиялық патронаж (жүйелі бақылау);
2) қызмет алушыларға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету, оның ішінде әңгімелесу, қарым-қатынас, тыңдау, көңілін көтеру, белсенділікке ынталандыру;
3) қолайлы психологиялық климат қамтамасыз ету, келіспеушілік жағдайларының алдын алу және жою үшін қызмет алушылармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету жатады.

37. Үйде қызмет көрсету жағдайында балаларға, ТҚА бұзылған балаларға, он сегіз жастан асқан адамдарға көрсетілетін әлеуметтік-педагогикалық қызметтерге:
1) әлеуметтік-педагогикалық консультация беру;
2) балалардың дене мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеттеріне сәйкес арнайы оқу бағдарламалары бойынша білім алуына жәрдемдесу;
3) ТҚА бұзылған балалардың жалпы білім беретін мектептерде білім алуына жәрдемдесу;
4) балаларды және он сегіз жастан асқан адамдарды тұрмыстық бағдарлау және қол еңбегі дағдыларының негіздеріне үйрету;
5) өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, жеке гигиена, тұрмыста және қоғамдық орындарында өзін-өзі ұстауды, өзін-өзі бақылауды, қарым-қатынас жасау дағдыларын және тыныс-тіршіліктің басқа да нысандарын қалыптастыру жөніндегі қызметтер;
6) балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеуге және олардың арнайы оқу бағдарламалары бойынша білім алуына жағдай жасау мәселелері жөнінде отбасы мүшелеріне консультация беру;
7) кәсіптік білім алуына жәрдемдесу;
8) ата-аналарына және отбасы мүшелеріне оларды үй жағдайында оңалтудың негіздерін үйрету;
9) отбасы мүшелеріне балаларға және он сегіз жастан асқан адамдарға қажетті өмір сүрудағдыларын қалыптастыруды үйрету жатады.

39. Он сегіз жастан асқан адамдарға, мүгедектер мен қарттарға үйде қызмет көрсетужағдайында көрсетілетін әлеуметтік-еңбек қызметтеріне:
1) ТҚА бұзылған балаларды, мүгедектерді кәсіптік бағдарлау;
2) қызмет алушылар мен олардың отбасы мүшелерін үй еңбегін ұйымдастыруда консультация беру;
3) мүгедектердің жұмысқа орналасуына жәрдемдесу жатады.

41. Үйде қызмет көрсету жағдайында көрсетілетін әлеуметтік-мәдени қызметтерге:
1) мерекелер мен тынығу іс-шараларын ұйымдастыру;
2) клуб және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
3) қызмет алушыларды тынығу іс-шараларына, мәдени іс-шараларға қатысуға (экскурсиялар ұйымдастыру, театрға, көрмелерге, концерттер мен басқа да іс-шараларға бару) тарту жатады.

43. Үйде қызмет көрсету жағдайында көрсетілетін әлеуметтік-экономикалық қызметтерге:
1) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы, «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуірдегі, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі, «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тиесілі жеңілдіктерді, өтемақыларды, алименттер мен басқа да төлемдерді алуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға жәрдемдесу;
2) қарттар мен мүгедектерге, сондай-ақ балаларды тәрбиелеп отырған және он сегіз жастан асқан адамдарды күтуді жүзеге асыратын отбасыларға өзін-өзі қамтамасыз ету және отбасының материалдық жағдайын жақсарту мәселелері бойынша консультация беру жатады.

45. Үйде қызмет көрсету жағдайында көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық қызметтерге:
1) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек алу құқығымен байланысты мәселелер бойынша заңгерлік консультация беру;
2) заңды мәні бар құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету;
3) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін және қызмет алушылардың заңды құқығын бұзатын немесе шектейтін ұйымдардың әрекетіне немесе әрекетсіздігіне өтініш дайындауға және беруге көмек көрсету;
4) заңнамада белгіленген жеңілдіктер мен басымдықтарды, әлеуметтік төлемдерді алуға заңгерлік көмек көрсету және жәрдемдесу;
5) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен жәрдемақыларды, басқа да әлеуметтік төлемдерді сенімхат бойынша алу;
6) қызмет алушыларға немесе олардың отбасы мүшелеріне жасалған дене және психологиялық зорлыққа кінәлі адамдарды қылмыстық жауапқа тартуға жәрдемдесу;
7) Кодекске сәйкес қамқоршылық немесе қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға балаларды, оның ішінде ТҚА бұзылған балаларды асырап алуға, қорғаншылыққа, патронатқа, қамқоршылыққа алуға жәрдемдесу.
8) қызмет алушыларды арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелерге, ұйымдарға орналастыруға, сондай-ақ стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарға құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету;
9) кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияға балаларының, оның ішінде ТҚА бұзылған балалардың тәрбиесінен жалтарған ата-аналардың үстінен ұсынымдар ресімдеу;
10) қызмет алушыларға жұмысқа орналасу, жеке басын куәландыратын құжат және заңды мәні бар басқа да құжаттар алу үшін құжаттарды ресімдеуде заңгерлік көмек көрсетуге жәрдемдесу;
11) Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде, «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Заңында белгіленген жағдайларда және тәртіппен адвокаттың тегін заңгерлік көмегін алуға жәрдемдесу жатады.

Нұрлан Бакиров,
Шымкент қаласы әкімдігінің «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық
аумақтық орталығы» КММ
директоры

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *