Аралар азайып бара жатыр…

bee on yellow flower in summer

bee on yellow flower in summer

Бау-бақшамен айналысатын
бағбандар соңғы уақытта аралардың азайып бара жатқандығын айтып алаңдаулы. Жеміс-жидек ағаштары гүлдейтін уақытта аралар бұрынғыдай емес, аз екендігін айтады. Ал, өңірде жеміс-жидек шаруашылығын дамыту өткен жылдардан бері қарқынды қолға алынып жатыр. Жеміс ағаштарына табиғи жағдайы ыңғайлы
Сарыағаш, Төлеби, Түлкібас ауданының шаруалары жеміс ағаштарының алқаптарын кеңейтуде. Бұған мемлекет тарапынан да қолдау жақсы. Алайда, аграрлық салаға өте тиімді араның азаюы расында егін шаруашылығының дамуына зиян келтіруі мүмкін ба, деген сауал туындайды. Кезінде Эйнштейн: «Адам ауасыз – үш минут, сусыз – үш күн, ал, арасыз – төрт жыл ғана өмір сүре алады» деген екен.

Күннің көзі жылына аралардың да тіршілігі басталады. Ызыңдаған араны жақтырмайтынымыз текке секілді. Өйткені, ара өсімдіктердің тез жетіліп, мол өнім алуына септігін тигізеді. Кішкентай ғана жәндік табиғи ресурстарды сақтаушы күш. Ғалымдар араның жергілікті жердегі экологияны жақсартатындығы және табиғаттың тепе-теңдігін сақтайтындығын айтады. Ара жеміс ағаштары гүлдегенде тозаңдануына қатысумен қатар, топырақтың да құнарлылығын қалпына келтіреді. Ол шөптің түбіне шірінді қабат жинап, топырақ құнарын молайтуға атсалысады. Соңғы уақытта аралардың азаюы омарташылардың алаңдаушылығын туғызып, әлемдік проблема саналуда. Себебі, аралар топ-тобымен қырылуда. Экология, техникалардан шығатын радиация салдарынан араға келген қауіптен кейін болар, көптеген омарташылардың ара шаруашылығын тастап кеткендігі байқалады.
Аралардың жойылып жатқандығын омарташылар ұялы телефонның салдарынан көреді. Бұдан бөлек, егін алқаптарын өңдеу және өнім алуда химикаттарды көп қолданудың өзі аралардың жойылуына ықпал ететіндігін алға тартуда. Соңғы уақыттағы климаттың күрт өзгерісіне (әлемдік жылыну және күннің суытуы) де аралар көндіге алмайды. Екінші жағынан, араның көмегімен тозаңданатын жеміс ағаштары уақытынан бұрын гүлдеп жатқандығы тағы бар. Өсімдіктерді түрлендірудің өзі аралардың тіршілігіне кері әсер етіп жатқандығы тағы бар көрінеді. Осыны ескерген Еуроодаққа кірген елдер бірнеше жыл егін шаруашылығында пестицидтерді қолдануға тыйым салатын заң қабылдаған.

IMG_5579Лашын Балабеков, агроном:
Қазір аралар әлі де ұйқыда, ояна қойған жоқ. Күн көзі жылынғанда толық тіршілігі басталады. Көбінесе аралар алма ағашының гүлдеген кезінде көбейеді. Олардың азайып бара жатқандығына себептер көп. Бір жылдары олардың саны азайып, келесі жылында қайта көбейеді. Соның ішінде, аралардың да өзінің аурулары болады. Оны «ара тұмауы» деп атайды. Аралардың өздеріне тән ауруларының әсерінен де саны азаяды.

20160315_102616Гаухар Захиқызы,
М. Әуезов атындағы ОҚМУ тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау кафедрасының профессоры:
Жәндіктердің азайып бара жатқандығын бір жақты пікірмен түйіндеу мүмкін емес. Оған климаттың өзгерісі, жаһандық жылыну, радиациялық фонның өзгерісі, егін шаруашылығында пестицидтерді көп қолданудың да әсері бар. Климаттың өзгерісінің өзі аралардың тіршілігіне кері әсер етуі мүмкін. Олар қыста ұйқыда кезінде ауа райы күрт жылығанда мезгілінен бұрын оянады да, ал кенеттен болған суыққа шыдамай өліп қалады. Содан олар жемістің тозаңдану процесіне қатыса алмайды. Екіншіден, соңғы уақытта жылыжай шаруашылығына бетбұрыс жасалды. Мұның өзінің аралардың тіршілігін жояды. Бұл ауыл шаруашылығының дамуына кедергі жасайтын бірден бір факторлар.

Дайындаған — Айгүл Керімбайқызы

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *