Ана тілі және отбасы байқауы мәресіне жетті

4Шымкент қалалық Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен өткен «Ана тілі және отбасы» байқауы өз мәресіне жетті. Бір жарым айға жуық қаламыздағы 35 балабақша байқауда бақтарын сынап, тілдің мәртебесін арттыруға үлестерін қосты. Байқаудың мақсаты — еліміздегі әрбір отбасы мен қоғамымыздың әрбір мүшесін қазақ тілінің мерейлі мәртебесін қамтамасыз етуге, жан-жақты оқып үйренуге және қолдануға, қазақстандық патриотизм ұғымын терең түсіне отырып, ұлттық тілімізді мемлекетіміздің келешегі, еліміздің ертеңі ретінде үйретіп, ана тілінде сөйлеуді ұлттық мақтанышқа айналдыру, озық тәжірибелерді насихаттау болатын.
Әр балабақшада өткен байқауға бүлдіршіндер бірі анасымен, бірі аға-әпкесімен қатысты. Сондай-ақ, өзге ұлт өкілдерінің балғындары ата-аналары жарыстан сырт қалмады. Тәлімгерлерінің мұндағы еңбектері орасан болды. Қойылыммен басталып, мақал-мәтел айтумен жалғасты. Ырым-тыйымдар, салт-дәстүр мен әдеп-ғұрыптан, ертегі айтудан жарысқа түскен отбасы мүшелері ана тіліне деген құрметтің өздерінен басталатынын дәлелдей түсті. Ерекше дайындықпен келген қатысушылардың өнеріне көпшілік тәнті бола түсті.
Жуырда байқаудың Оқушылар сарайында қорытындысы өтіп, ерекше көзге түскен бөбекжай-балабақшалар жеке номинациялар және алғыс xаттармен марапатталып, сыйлықтарға ие болды. Қазылар алқасының шешімімен «Тоғжан», «Жеңіс», «Гүлдер», «Самал» бөбекжай балабақшалары III орынды иеленді. II орынға «Шолпан» және «Жасұлан» бөбекжай-балабақшалары лайық деп табылды. I орын «Балбұлақ» бөбекжай-балабақшасына, ал бас жүлде «Еркебұлан» бөбекжай-балабақшасына бұйырды.

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *