«Ана тілі және отбасы» байқауы өтті


Шымкент қалалық Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен «Ана тілі және отбасы» байқауы өтті.. №56 «Тұлпар» бөбекжай балабақшасының ұжымы болып осы байқауда бағымызды сынап, тілдің мәртебесін арттыруға үлесімізді қостық. Байқаудың мақсаты — еліміздегі әрбір отбасы мен қоғамымыздың әрбір мүшесін қазақ тілінің мерейлі мәртебесін қамтамасыз етуге, жан-жақты оқып үйренуге және қолдануға, қазақстандық патриотизм ұғымын терең түсіне отырып, ұлттық тілімізді мемлекетіміздің келешегі, еліміздің ертеңі ретінде үйретіп, ана тілінде сөйлеуді ұлттық мақтанышқа айналдыру, озық тәжірибелерді насихаттау болатын.

Әр балабақшада өткен байқауға бүлдіршіндер бірі анасымен, бірі әкесімен, бірі ата-әжесімен қатысты. Сондай-ақ, өзге ұлт өкілдерінің балғындары мен ата-аналары да жарыстан сырт қалмады. Тәрбиешілердің мұндағы еңбектері орасан зор болды. Қойылыммен басталып, мақал-мәтел айтумен жалғасты.

Балалар «Шықбермес Шығайбай мен Алдар Көсе» туралы ертегіні сахналаса, үлкендер қауымы «шөберенің алақанынан май жалату», «Бесік құда болу», «Бауырға салу» салт-дәстүрлерін көрсетіп, түсінік берді. Ырым-тыйымдар, мақал-мәтелдер, салт-дәстүр мен әдеп-ғұрыптан, ертегі айтудан жарысқа түскен отбасы мүшелері ана тіліне деген құрметтің өздерінен басталатынын дәлелдей түсті. Ерекше дайындықпен келген қатысушылардың өнеріне көпшілік тәнті болды.

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *