Алаяқтық үшін – сотталу!

Мүлікке қарсы кез келген қылмыс, мәселен, ұрлық – бұл тек материалдық ғана емес, сондай-ақ моральдық шығын болып табылады. Алайда, ең сорақысы, жәбірленушінің, алаяқтың құрбаны болып өз еркімен ақшасын бергені.

ҚР ҚК «Алаяқтық» туралы Заңының 190 бабына сәйкес, Шымкент қаласы гарнизонының әскери прокуратурасымен, әскери қызметкерлердің қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағандығы жөніндегі хабарламаларды қарастыру тәжірибесі біріктірілді.

Жалпы, 2015 жылы 4 әскери қызметкерге қарсы, 11 өтінім тіркеліп, қаралды. Жәбірленушіге келтірілген зардап мөлшерінің жалпы сомасы 40 млн.теңгені құрап отыр. Аталған оқиғалардың 80% пайызында алаяқтардың құрбаны болған бірге істейтін әріптестері болса, 20% пайызында қарапайым азаматтар.

Жәбірленушілердің немқұрайлылығы немесе «оңай олжалы болуға» ұмтылуы, барлық оқиғаларда заңсыз іс-әрекеттердің насихатталуына негізгі себеп болған.

Кең таралған тізбе – өзге тұлғалардың атына несиелерді рәсімдеу. Мәселен, 2 жыл бойы әріптестерінің атынан, өзіне арнап несиелерді рәсімдеуге сөз байласумен айналысқан әскери қызметкер О.мырзаға қатысты қылмыстық іс қаралды. Әріптестері неге келісімін берген деген сұрақ туындайды? Себебі, О.мырза әр алынған несие үшін ақшалай сыйақы беріп, жобамен жалпы сомасы 5 млн.теңгеге 6 несиені рәсімдеген.

Аталған тізбеге сәйкес, алаяқтар өз құрбандарын тиімді бизнеске ақша қажеттілігіне сендіріп отырады. Қылмыскерлер жәбірленушілердің әбден сеніміне кіріп, әр түрлі айлакерлігімен несиелерді рәсімдеуге көндіреді. Әскери қызметкер О. мырзаның оқиғасында, «клиент» әлде бір сыйақы алғандығын ескермеуге болмайды. Егер, «әріптестің» ісі тиімді болса ол барлығын қайтаратынына сенімді. Бірақ, барлығы аңғара бермейтіні: алынған несиелердің жеңілдетілмегені. Олар жоғары пайызбен берілген. Бір мезетте банкке ақшаны төлеп отырып, жәбірленушіге сыйыақыны беру «бизнесменге» тиімсіз. Негізі, ол әлі ештеңені түсінбей отырған құрбанын алдау үшін, алынған несиенің аз мөлшерімен бөліседі. Өңінде алаяқтар алдын ала: адамның атынан несиені төлеу үшін, мұндай пайданы көре алмайтынын біліп отырады.

Әскери қызметкер О.мырза жоғары пайдасы бар бизнесті жетілдіріп отырғанындығын және өзіне алынған жоғары пайызды қарыздық міндеттемелерді төлегенін алға тартып, осы тізбені қолданған.

6 жәбірленушінің барлығында О.мырзаның өз үәдесін орындамайтынына дәйекті негіздер болған.

Кез келген әскери қызметкер, заңнамада бекітілген міндеттемелерге сәйкес, өз қызметінен басқа төлемақы төленетін қызметпен айналыса алмайды және әлде бір өндірісті жетілдіруге мүмкіндігі шектелген, себебі жұмыс күні бойында әскери қызметі бойынша міндеттерін атқарады.

Сондай-ақ, қолданыстағы заңнаманың талаптары да орындалмаған. О.мырза әр әрекетінде жүз айлық есептік көрсеткіштен аса сома көлемінде қарыз ақша алып отырған, алайда осы оқиғалардың бірде-біреуінде міндетті түрде жасалатын, келісімнің жазбаша түрі орындалмаған. Өзге әскери қызметкер, Г.мырза Ресейден арзандатылған автокөлікті сатып алуға ақша алғаны анықталды. Заңнаманың талаптарын жүзеге асыру мақсатында, әскери қызметкер мемлекет ішінде өз еркімен жүріп тұру құқығынан айрылып, шетелге шығу үшін жоғары қолбасшысының рұқсатымен ғана шыға алатын болды. Яғни, өзіне тиесілі міндеттерін орындау мүмкіндігінен айрылды. Әскери қызметкер Ш. мырза 4 азаматқа жеңілдетілген мемлекеттік бағдарламалармен пәтерлер алуға көмектесемін деп уәде берген. Алайда, жәбірленушілерден тек жеке басын куәландыратын құжаты мен пәтердің жалпы құнының жарты сомасын сұраған (жобамен 5 немесе 6 млн.теңге). Өз әрекеттерінің заңдылығын айта келе, Ш.мырза қарыздық келісім-шарттар жасаған. Бұл жағдайда да, жәбірленушілерде Ш.мырзаның оларды алдап жатқанын және одан қалса әкімшіліктегі қызметтік тұлғаларды пара алуына итермелеп отырғанына толық негіз болған.

Жеңілдетілген мемлекеттік бағдарламалармен пәтерлер алу, тек банктер арқылы жүзеге асырылады, ал несиені немесе ипотеканы беру үшінкірістерді растауы туралы анықтамасы, несие тарихы, жеңілдету дәрежесін растайтын құжаты және басқа да алушының өзінің қатысуын қажет ететін құжаттар талап етіледі.

Банкте несиені немесе ипотеканы, рұқсатнама құжатынсыз әрекет еткен арада түскен адамның алуына мүмкіндігі жоқ.

Көңіл аудара кететін жәйт, жоғарыда көрсетілген оқиғаларлың барлығында, жалпы сенімге залал келтірілу көрініс тапқандығы анық байқалады – бұл өз кезегінде жәбірленушінің өз «салымдарының» қозғалысы мен айналымын қадағалау заңдық құқықтарынан айыру болып табылады. Алаяқтардың көп бөлігі жоғары байланыстылығымен, әңгімелесушіні тез өзіне қаратып алумен, барлық қарапайым адамдар мінездеріндегі артықшылықтарын, яғни қиын жағдайда қол ұшын созу сияқты жақтарын пайдалана алуымен ерекшеленеді.

Дәл осылай, Шымкент қаласына ауысқан әскери қызметкер К.мырза отбасындағы қиын жағдайды және ата-анасының сырқаттанғанын алға тартып, өзінің 5 әріптесінен, қарызға жалпы сомасы 180 мыңнан 600 мың теңгеге дейін ақша алған. Алайда, К.мырза өз әрекеттерін өзгелерден жасырып, ақшаларды алуды және келіссөздерді жеке кездесулерде жүзеге асырған.

Ақшаны алған соң, К.мырза оларды сол мезетте қыдыруға жұмсап, ойланбастан ақшаларды ойын автоматтарында жеңіліп отырған, яғни өзініңең өзгеріссіз сезімдері мен менменділігін көрсеткен. Аталған оқиғада, олардың «қарыз алушысы» материалдық көмек көрсету жөнінде басшылықтан арнайы өтінішпен қаралмағандығы және осы туралы барлық әріптестерінен ашық сұрамағандығы жәбірленушілерде күдік туғызуы тиіс еді. Көбіне, келтірілген залалды уақытылы және түгел қайтару мүмкін болмайды, себебі алаяқтар өз «пайдасын» қажетінше жұмсап, соның ішінде өз несиелерін төлеу сияқты, ал тәркілеуге жататын мүлкілері жоқ болып шығады. Ақшаны қайтару процессі ұзақ жылдарға созылып кетуі мүмкін және қарыздың толық қайтарылуына ешқандай кепілдік жоқ. Жоғарыда аталғанның негізінде, халық даналығын еске түсіру орынды-ақ, яғни аурудан емделіп жүргенше, оны алдын алған жөн. Әскери қызметкерлерге қарыз берерде немесе өзге де іс-әрекеттерді жасаудан алдын төмендегілерді есте сақтау қажет:

— әскери қызметкер, өзінің қызметтік жүктілігінің көптілігінен, басқа істерге көңіл аударуға, кәсіпкерлік немесе өзге де қызметтермен айналысуына заңдық тұрғыдан да және өңінде де мүмкіндігі жоқ;

— оның ішінде, өз салымдарын қадағалау туралы және қарызды өтеудің өзге де мүмкіндіктерін қарастыра отырып, келісімнің жазбаша түрінің қажеттілігі туралы (мүлкін кепілдікке қою және т.б.)

Жоғарыда аталған талаптарға сәйкес, бекітілген заңнамалық тәртіпбойынша, ақшалай міндеттемені жасау туралы алаяққа ұсыныс жасаған кезде, ол түрлі сылтаулармен ақшаны алудан бас тартады. Қарызды өтеудің кепілі болып қалатын өз мүлкінен айрылу, алаяқтардың жоспарында жоқ. Осыған байланысты алаяқтардың алдын орау үшін бірігіп жұмыс істеуге шақырамыз. Кезкелген жағдайда алақтық фактісі бойынша мәлімет алған болсаңыз Шымкент гарнизоны әскери прокуратурасына хабардар етуіңізді сұраймыз. Шымкент гарнизоны әскери прокуратурасының есігі ашық. Біздің мекен жайымыз: Шымкент қаласы Нұрсат мөлтек ауданы (сенім телефоны 87715052132, 51-05-22).

Алаяқтардан сақ болыңыздар.

 

А. Подушкин,

Шымкент гарнизонының

әскери прокуроры

әділет полковнигі

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *