Айналасына шуақ шашатын жан

Адамның бойындағы ізгі қасиеттер туралы айтқанда қай жағынан қарасаң да алуан құбылып, ғажап нұр шашып тұратын асыл алмаз сияқты. Оны білетін, араласып жүрген жандар оның мол адамгершілік қасиеттерін айта алады. Және сол қасиеттерімен айналасына адамдарды шамның жарығы тәрізді тартып жүретіні алдымен ауызға түседі. Сондай жандардың бірі — Ақпан батыр атындағы №10 жалпы орта мектебінің директоры Айгүл Есжанқызы.

 Ол — өте еңбекқор ұстаз. Өзінің белсенділігінің арқасында басшылық етіп отырған ұжымның жан-жақты жағдайын жасап жатқан білікті басшы. Бұл мектепке басшылық қызметке келгеніне көп уақыт өтпей жатып мектептің материалдық-техникалық жағдайына мейлінше көбірек көңіл бөлуде. Сонымен қатар оқыту жүйесінде де бір қатар жаңашылдық танытуда. Ата-аналар мен мектеп ұжымының арасында қалыпты қарым-қатынас орнатты. Мектеп мәртебесін арттыру мақсатында оқушылардың білімін шыңдауда нәтижелі жұмыстар атқарып жатыр. Бұқаралық ақпарат құралдарына мектеп оқушылары мен ұстаздарының жеткен жетістіктері үнемі жарияланып жүр. Осының бәрін — үйдің де, түздің де шаруасын қатар тындырып, барлығына үлгеріп, оны абыроймен атқарып жүргенін бәріміз білеміз. Ортасына сыйлы. Адамның бақыты деген, сірә, осындай еңбекқорлықтан, содан алған абыройдан құралатын болса керек. Біздің тілегіміз, төңірегіңізге шашқан адамгершілік нұрыңыз ортаймасын! Қашанда қадірлісіз!

Ізгі тілекпен: Ата — аналар

     

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *