«Аймен бірге» өлеңі

 

Түніменен сәулесі дала кезген,

Аймен доспын балғын шақ-бала кезден.

Тереземнен сығалап тұр еңкейіп,

Тартқандай тілдесуге дара сөзбен.

Оятып жіберген бе досым менің,

Осы сәтті мен де көп тосып едім.

Оймен айға жақындап мақпал түні,

Пернелерін сезімнің қосып едім.

Түн жамылып айнала тапты тыным,

Тымық күні естимін айдың үнін.

Қалғанымда оңаша аймен бірге,

Жұлдыздай боп жылт етер мөлдір сырым.

Маужыраған кезім бе, түсім бе екен?

Сауалдарым жүрсе сол ішімде кем,

Сұлу айға тіл қатам жауап іздеп,

Күйге түсіп өзімді түсінбеген.

Тағы қалдым түн ұзақ сыр ақтарып,

Таң да атар, күн шығып шуақтанып.

Ойға сыймай жұлқынған сезімдерді,

Айға айту керек-ау сияқты анық.

Оразалы Абдраманов

ЖШС «АЙ-НҰРЫ» Медициналық орталығының

терапевт-дәрігері  

Редакция

1 пікір

  1. ӘНІМ ӨРЛЕЙДІ .
    (Нармаханға жауап)
    Ән шарлайды өлеңімнен өшпейтін ,
    Құдырет бар түсінбесең кешпейтін .
    Тіршілікте сый алмаған Шәмші де
    Дарын болды ел ауызынан түспейтін .

    Кім түсінер ән дегенді тәнімен ,
    Ұйқас қумас нағыз ақын сәнімен.
    Үш шағыңды- үш жақтарға бөлгенде
    Қайта оқы , қазақ тілі пәнінен .

    Ән мәтіні қарапайым өлеңнің ,
    Талабына сай келмейді дегенің-
    Құлаққада енбейтұғын сөздерің
    Кімге дәрі көргенсіздік көргенің.

    Осы әнді киіз үйдің ішінде ,
    М. Шаханов бағаласа сөзінде.
    Қалай ғана жаратпадың сен өзің
    Естігенде түсің емес, өңіңде .

    Іштарлық па, қалай десем білмейсің
    Басқа жаққа қолыңды бір сілтейсің.
    «Ән құдіреті, Шәмшіні іздеу» эфирде
    Өшпейтін ән екендігін білгейсің !
    АҚЫН ДОСҚА .
    (тағыда Нармаханға)
    Ақынсың деп , айтпай-ақ қой өзімді ,
    Неге сонша жаралайсың сезімді .
    Өлең жаздым , қара сөзбен тербеліп
    Елім үшін , ойға батып — өтімді .

    Қалай сыздың жүрегімді өлеңнен ,
    Тіршілікті туған жерден көрем мен .
    Бір құдайым қызғаныштан сақтасын
    Қара сөзге «бояу жаққан» — кеселден .

    Жөні келсе қолдана біл сөзіңді ,
    Тура қара , төмен салмай көзіңлі .
    Жыр жолында піскен шығар ойларың
    Күні жетіп — толғандырып өзіңді?!

    Атақ құмар ақынсымақ пенде көп ,
    Досқа деген жылы сөзі емге жоқ .
    Көтермелеп алған атақ не керек
    Сұрап көрші айтқанымды елден кеп ?

    Бір бетіңе жасырмастан айтайын ,
    Талай көрдім әдебиет айқайын .
    Мәдениет бұлақтарын сарқыма
    Бірлестіктің шығардың ғой талқанын.

    Қосжан ақын қалай ғана кешірер ,
    Түртпектеген поэзияны өшірер !
    Таразыға тартып көргін шындықты
    Ұрлап қана кейбір ақын көшірер !

    ЖАУАП БЕРШІ :
    (Нармаханға)
    Бұрынғыдай қалмапты қарқыныңда ,
    Білмеймін шаршадың ба , қажыдың ба ?
    Өлеңді сызып бетке ұрарлықтай
    Нареке шыныменақ алжыдың ба
    Әлде бір поэзия қалжының ба ?

    Саған деген менде жоқ , қара ниетте ,
    Нар десе «нар» едің-ау әдебиетке .
    Ұлық болсаң , кішік бол деген сөз бар
    Ал енді осы ісің мәдениет пе ?
    Мен күтемін жауабыңды әділетке ?!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *