АИТВ-ның алдын алу шаралары

АИТВ жұқпасы — ағзаға адамның иммун тапшылығы вирусы енуімен пайда болатын инфекция.
ЖИТС — жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы. Бұл АИТВ жұқпасының соңғы (терминальді) стадиясы. Вирус адам ағзасында бірнеше жылдар бойы болып, кейін адам қандайда бір аурудың симптомдарын сезуі мүмкін. Осы уақыт аралығында адам өзін жақсы сезініп, бірақ басқа адамдарға вирусты жұқтыра беруі мүмкін.
Адамның иммунтапшылық вирусы үш жолмен беріледі:
· қан арқылы;
· жыныстық қатынас арқылы;
· жұқтырылған анадан балаға жүктілік кезінде, босану және емшек сүтімен емізгенде.
АИТВ алдын алу ережелері қиын емес:
· жыныстық қатынасқа түскен кезде мүшеқапты қолдану;
· есірткіден бас тарту, залалсыздандырылған шприцтермен инені қолдану;
· жүктілік кезінде АИТВ –жұқтырған әйел алдын алу препараттарды қабылдау.
АИТВ-жұқпасы диагнозы тек зертханалық тексерулердің негізінде — АИТВ-ға тестілеуде қойылады. Аталған анализді тұрғылықты жері бойынша кезкелген емханада немесе ЖИТС орталығында тапсыруға болады. Зерттеу ҚР азаматтарына және оралмандарға ақысыз түрде жүргізіледі.
Көп жағдайда жастар АИТВ-ға тестілеуден өтуге ұялады немесе қорқады, алдын алу әдістерінен аз ақпараттандырылған болады. Облыстағы медициналық ұйымдарда өз еркімен, конфиденциалды және анонимді түрде тегін АИТВ-жұқпасына тексеріліп, облыстық СПИД орталығының және оның бөлімшелерінің (Жетісай, Түркістан қалаларында орналасқан) дәрігерлерінің кеңестерін ала алатын Достастық бөлмелері жұмыс істейді. Сонымен қатар, АИТВ-жұқпасы және басқа да жыныстық жолмен берілетін басқа аурулар, өзін ұстау формалары, АИТВ жұқтыру қауіпін төмендету, контрацепция әдістері, АИТВ-на тестілеу, мүшеқаптарды тегін алу және ақпараттық құралдарды (буклеттер, брошюралар) туралы ақпаратты алуға болады.
Шымкенттегі Достастық кабинеті сенбі, жексенбіден басқа күндері сағат 9:00-ден 17:00 дейін жұмыс істейді.

Айман Болатбек,
Облыстық СПИД орталығының маманы

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *