АИТВ-инфекциясының алдын алу үшін…

 

 

Бүгінгі таңда АИТВ-жұқпасымен күресу — аса қауіпті аурумен күресудің пәрменді шараларының бірі. Әлем ғалымдары АИТВ-жұқпасына қарсы тиімді дәріні тез арада жасап шығару үшін қолдарынан келген мүмкіндіктерді жасауда. Бұл салада біршама жетістіктер бар, бірақ ауруға қарсы нақты екпе табылған жоқ. Сол себепті АИТВ-ның алдын алу–инфекциядан сақтанудың ең тиімді және кепілдендірілген жолы және оның нәтижесі әрбір адамның мінез-құлқына байланысты болады.

Жеке бас профилактикасы қарапайым әрі денсаулық үшін ұтымды. Оларға мыналар жатады:

  1. Cалауатты, әдепті өмір сүру;
  2. Кездейсоқ жыныстық қатынастан және гомосексуалист, жезөкшелермен жақындасудан сақ болу (жыныстық серіктес көп болған сайын АИТВ жұқтыру қаупі арта түседі. Г. В. Сколубовичтің (1989) айтуы бойынша, «Жыныстық тәртіпсіздік, нашақорлық және жезөкшелік — АИТВ вирусын жұқтыру кепілі»);
  3. Стерильденбеген немесе кездейсоқ біреудің шприцін, қайшысын, сақал алғышын және басқа да құрал-жабдықтарын пайдаланбау;
  1. Әсіресе терісі, шырышты қабаттары зақымданған жағдайда бөтен біреудің қанымен, биологиялық сұйықтығымен жанасудан абай болу;
  2. Презервативті дұрыс пайдалану (ол АИТВ-тен қорғайды);
  3. Маникюр, педикюр жасайтын құралдардың стерильдігіне көңіл аудару;
  4. АИТВ-вирусын жұқтырып алдым-ау деген күмәнді жағдайда міндетті   түрде дәрігерге көріну.

Кез-келген азамат АИВ-инфекциясының жұққан-жұқпағандығын анықтау үшін тіркелген емханаларында, облыстық СПИД орталығында анализ тапсыра алады.

Ә.Т. Ашықбекова,

облыстық СПИД орталығының дәрігері

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *