Ақпараттық қоғам қалыптастыру – дамудың ажырамас бөлігі

 razrabotka-saytovҚазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылдың 8 қаңтардағы №464 жарлығымен «Ақпаратты Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасы бекітілген болатын. Осы бағдарламада еліміздің ақпарат кеңістігін дамытуға қатысты тұтас бір бөлім арналған. «Отандық ақпараттық кеңістіктің дамуы» атты бөлімі 4 негізгі міндеттен тұрады. Газетіміздің бұған дейінгі санында «Отандық бұқаралық ақпарат құралдарын жаңғырту» туралы жазған едік. Бүгін енді мәдениет саласындағы ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту  мен мемлекеттің қызметін ақпараттық сүйемелдеуге байланысты не шаруалар атқарылатынын жарияладық.

Ақпараттық қоғамды қалыптастыру – елді әлеуметтік-экономикалық дамытудың ажырамас бөлігі болып табылады. Кітапханаларда, мұражайларда, мұрағаттар мен өзге де мәдениет ошақтарында шоғырланған ақпараттық материалдар аталған үдерісте маңызды рөлге ие.
Халықаралық тәжірибеден көріп отырғанымыздай, соңғы уақытта мәдениет саласын ақпараттандыруға, АКТ негізінде мәдени мекемелердің жаңа қызметтерін дамыту, мәдени және ғылыми мұраны цифрландыру және оған ашық қолжетімділікті ұсыну, электрондық кітапханаларды құруға баса назар аударылуда.
Осыған байланысты, жуық арада мемлекет мәдениет саласындағы АКТ-ны дамыту бойынша белсенді шараларды қабылдауы тиіс.

Ағымдағы жағдай

Қазақстанның мәдениет және өнер саласындағы мемлекеттік мекемелері жүйесінде 40 республикалық және шамамен 8 мыңдай облыстық мәдени ұйымдар қызмет етеді.
Бүгінгі күнгі жай-күйі бойынша елімізде 64 театр, 216 мұражай, 4 171 кітапхана, 94 кинозал және кинотеатр, 74 концерттік ұйым, 3 169 мәдени мекеме, 105 цирк, хайуанаттар бағы, ойын-сауық және демалыс парктері қызмет етуде.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша 2004 жылдан бастап көлемі мен тарихи диапазоны бойынша аналогы жоқ «Мәдени мұра» ұлттық стратегиялық жобасы іске асырылуда.
2004 жылдан бастап ғылымды мыңдаған артефактілермен байытқан және ұлттық тарих туралы түсінік беретін 40-тан астам археологиялық және 30-дан астам ғылыми-қолданбалы зерттеу жұмыстары жүргізілді.
2011 жылы «Мәдени мұра – Культурное наследие» ақпараттық порталының жаңа нұсқасын іске қосу жүргізілді (www.madenimura.kz).
Ресурс жалпы көлемі 70 ГБ құрайтын Қазақстанның мәдени мұрасы жөнінде кең ақпараттан тұрады. Мұнда 1 млн файл, 2000 фотосурет және сурет, 360 кітап, 50 бейнематериал орналастырылған.
Археологиялық, тарихи және мәдени бірегей ескерткіштер, археологиялық қазбалар туралы мәліметтер іздеуге ыңғайлы формат – елді мекендер мен ескерткіштердің географиялық координаттарына сәйкес Қазақстанның мәдени мұрасының виртуалды картасында орналастырылған.
Міндет: азаматтардың мәдениет мекемелерінің материалдары мен нысандарына қолжетімділігін кеңейту.
Нысаналы индикаторлар:
1. Халықтың мәдениет саласындағы қызметтердің сапасымен қанағаттану деңгейі 2017 жылы 61%, 2020 жылы 65% құрайды;
2. Халықтың «Мәдени мұра» жобалары жөнінде ақпараттану деңгейі 2017 жылы 82%, 2020 жылы — 85% құрайды.
3. «Қазақстан кітапханасы» электрондық мемлекеттік кітапхана қоры» ақпараттық жүйесіне кіру 2017 жылы 55 мың бірлікті, 2020 жылы 57 мың бірлікті құрайды.

Қол жеткізу жолдары

Азаматтардың мәдени мекемелердің материалдары мен нысандарына қолжетімділігін кеңейту бірқатар шараларды іске асыру арқылы қамтамасыз етіледі. Атап айтсақ:
— «Ата мұра» веб-порталын сүйемелдеу және техникалық қолдау:
— ұлттық электрондық кітапханаларды, сондай-ақ кітапханалардың еркін электрондық тізбесін құру мәселесін пысықтау;
— мәдениет және өнер саласындағы түрлі ақпараттық ресурстарға қолжетімділікті, электрондық қызметтерді ұсыну мүмкіндігін қамтамасыз ететін бірыңғай интернет-порталды құру мәселесін пысықтау;
— мәдени ескерткіштер, мәдени мұра нысандары туралы 3D-суреттер жиыны бар кітапхана құруды пысықтау;
— Қазақстан республикасының мемлекеттік мұражай қорының электрондық тізбесін және мәдени ескерткіштер мен нысандар бойынша деректер қорын құру мәселесін пысықтау;
құжаттарды ақпараттық іздеу функционалы бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағат құжаттарын автоматтандырылған тіркеудің бірыңғай жүйесін құру мәселесін пысықтау;
— мемлекеттік кітапханаларды Интернет желісіне қосуды қамтамасыз етуді мониторингілеу;
«Ұлттық электрондық құжаттар орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесін құру мәселелерін пысықтау;
— Бірыңғай электрондық мұрағат жүйесін құру мәселесін пысықтау.

Мемлекет қызметін ақпараттық сүйемелдеу

Ақпараттық қоғамға өту кезінде  мем-лекеттің өміріне  әр азаматтың қатыстылығы, қоғамның билікке деген сенімділігі  мемлекеттің басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Қазіргі уақытта мемлекет қызметін ақпарттық сүйемелдеудің негізгі функциялары ақпараттық саласындағы құзіретті органға жүктелген. Алайда, бұл тәжірибе бірқатар кемшіліктерге ие, олардың қатарында түпкілікті ақпараттық өнімнің сапасына деген жауапкершіліктен бас тарту, уақытша және нақты  атқаратын қызметтерінен және БАҚ-тағы ақпараттық көрінісінен алшақ жатуы.
Мемлекеттік органдар арасында және PR-сүйемелдеуді бөлу мемлекеттің имиджін жақсарту мақсаттарының тиімділігін төмендетеді. Ақпарат саласындағы құзыретті орган үнемі толық ақпаратпен қамтамасыз етіледі деп айтуға болмайды, сондай-ақ басқа мемлекеттік мекемелердің ақпарат саласында өздері көздеген мақсаттарын іске асыру үшін тиісті бюджеті мен құзыреті  жоқ.
Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелермен жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін қолдануда толықтай игерілмейді, соның салдарынан қарапайым азаматтар мемлекеттің жұмысы жайында ақпаратты толықтай ала алмайды.
Міндет: мемлекеттің қызметін айқындау және ілгерілету бойынша мемлекеттік органдардың жауапкершілігі және үйлестіру жүйелерін жетілдіру.
Нысаналы индикаторлар:
1. мемлекеттің негізі әлеуметтік және бас-ты бағыттары жөнінде тұрғындардың ақпаратпен қамтылған деңгейі (әлеуметтік сауалнама нәтижесі бойынша)  2017 жылы 65%-ға, 2020 жылы — 75%-ға.
2. мемлекеттік мекемелер мен ұлттық компаниялардың  тиісті кәсіби білімі бар баспасөз-қызметкерлерінің құрамын 2017 жылы — 100%-ға жеткізу.
Мемлекеттің ақпараттық жұмыстары қайта қаралып, азаматтарға толық, уақытылы және дәл ақпаратты жеткізуіне басты назар аударылады.
Ол үшін мемлекеттің ақпараттық сүйемелдеу жұмыстарының белсенділігін бірыңғай PR-стратегиясы  аясында біріктіру қажет. Ол мемлекет қызметінің бір саланың аясында қамтылатын және мемлекеттік ақпараттық саясатқа қол жеткізбейтін көптеген салалы медиа-жоспарлардың орнын ауыстыруы қажет. Айрықша назар мемлекеттік органдардың Ғаламтор желісіндегі әлеуметтік алаңдардағы ұсыныстарына аударылатын болады.
Ақпараттық кеңістікті басқарудың тетіктерін оның нақты шектеулі жауапкершілікті салаларын, өкілдіктер мен жеке мемлекеттік органдар мен ұйымдардың атқаратын қызметтерінің біртұтас басқару орталығын мемлекеттің стратегиясын айқындаушы есебінен қайта қарау қажет болады. Жаңа тетік ведомствоаралық өзара іс-қимылдың бірыңғай алгоритмін көрсететін, қайталауды болдырмайтын және де  мемлекеттің ақпараттық жұмысын еліміздегі маңызды оқиғалары кезінде назарға алатын болады.Тұтастай алғанда, мемлекетке мемлекеттік органдардың ақпараттық жұмыстарын негізгі рөлін нығайту бойынша бағдар белгілеу қажет, оған жоспарлы әдістемелік жұмыс арқылы қол жеткізуге болады:
— бұқаралық ақпарат құралдарының сұраныстарына баспасөз-қызметтерінің тез арада назар аударуларын арттыру,
— мемлекеттік баспасөз-қызметтерінің мамандарын орталықтандыру арқылы жаңа әдістемелер мен технологиялы жұмыстарын, Интернет желісіндегі қоғаммен тиімді байланыстарымен қоса оқытуды ұйымдастыру,
— халықтың Интернет желісі мен байланыс құралдарына  қолжетімділігін ескере отырып, мемлекеттік тапсырысты қайта қарау,
— мемлекеттік сайттардың ақпараттық және қолданбалы сервистерінің сапасын жақсарту,
— жаңалықтарды верификациялау және ақпараттық оқиғаларды, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түрлендіретін мемлекеттік емес қызметтердің дамуына ықпал ету,
— халықтың мемлекеттің қызметі туралы  ақпараттануы мемлекеттік органдардың БАҚ аудиториясымен тікелей байланыс арқылы, Краудсорсинг тренингін қоса қамтамасыз етілетін болады.
Барлық кезеңде құнды ақпараттық-талдау жүзеге асырылғанда жоғарыда жазылған ақпараттық қызметтің ауқымдығын қайта құру мемлекеттік органдарға қажет болады. Қазақстандық әлеуметке ақпараттық қоғамға біртіндеп өткенінше бұл міндеттерді шешу ахуалдық және формальды қадамдарды жояды.  Негізі осы қызмет байланыс жүйесі келесі бағытта  жүзеге асырылатын болады:
— республикалық және өңірлік деңгейде ақпараттық талдау алаңы мен  мониторинг өткізіледі,
— түпкілікті жұмыстың ұйымын байқауға, бейімделуге және енгізу бойынша шарттарын құру және ақпараттық саясаттың құзырлығын табысты шетелдік тәжірибесінің Қазақстанның, тиімді медиа технологиялардың, соның ішінде Интернет саласында,
— әлеуметтік зерттеу жасау  ақпараттық қажеттілік пен проблемалық  және жанрлық халықтың форматын бағалау мен  ұсыныстарды мемлекеттік ақпараттық саясатына қарап  түзету,
— негізі аталмыш республикалық және өңірлік БАҚ пен талдау зерттеу  масс-медиа саласындағы мемлекеттік ақпараттық саясаттың сұранысын әдістемелік қамсыздандыруы керек.
Ақпараттық кеңістікті мониторингілеу, мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру мәселелерін әдістемелік және талдамалық қамтамасыз ету бойынша бизнес-процесстерді тиісті технологиялық қамтамасыз ету проблемаларын шешу үшін отандық мемлекеттік құрылымдарды заманауи телекоммуникациялық жабдықтармен, ақпаратты жинау және ұзақ мерзімді сақтау құралдарымен, жаңа технологияларды пайдалану арқылы мәтіндік, аудио- бейне деректерді өңдеу жүйелерімен және материалдық-техникалық қордың өзге де элементтерімен жарақтандыру мәселесі пысықталады.
Сонымен қатар, осы міндеттер аясында ақпараттық кеңістікке мониторинг жүргізудің автоматтандырылған жүйесі енгізілетін болады. Бұл түрлі мәліметтердің біртұтас алгоритмін қолдану арқылы мемлекеттік органдардың ақпараттық жұмысына баға берудің объективтілігін арттыруға мүмкіндік береді. Адами мүмкіндіктердің шектеулігімен сипатталатын дәстүрлі әдіс қолдана алмайтын деректердің үлкен легін жедел өңдеу мүмкіндігі елеулі пайда әкелмек.

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *