«Ақ бидай» балабақшасында семинар өтті

75 «Ақ бидай» бөбекжай 3 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Жақында ғана Шымкент қалалық білім бөлімінің бастамасымен «Педагог пен балалардың жеке өзара әрекеттестігінің технологиясы» тақырыбында қалалық семинар ұйымдастырылды.

Семинардың басты мақсаты мектеп жасына дейінгі педагог пен балалар қарым-қатынасты құру арқылы ортақ әрекетті ұйымдастырып, топпен тіл табыса ала отырып, балалардың қабылдау және түсіну қасиеттерін арттыру болмақ.

Балабақшадағы ең кішкентай «Құлыншақ» тобының бөбектері суға түрлі түсті бояумен бейне салып, ал «Самұрық» тобында «Гүлдер бідің сәніміз» тақырыбында ашық оқу қызметі ұйымдастырылды. «Бәйтерек» тобында «Математика таңғажайып әлем» тақырыбында балалардың логикасын жетілдіретін сабақ өтті. Осылайша педагог пен балалар ортақ әрекетке барып бірлесе жұмыс жасады. Балабақшадағы мамандардың барлығының жоғары білімі бар. Сол себепті болар мұндағы бөбектер кез-келген сабақ түріне алғырлықтарын танытып, белсене ат салысты. Балабақша меңгерушісі Әлия Сұлтанбекқызының айтуынша алдағы уақытта бөбекжай ұжымы облыстық және республикалық семинар беруге ниетті.

 

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *