№4 колледж ұжымы Елбасы Үндеуіне қолдау білдірді

Елбасының кемеңгер саясаты мен басшылығының нәтижесінде 25 жылдың ішінде Отанымыздың экономикасы да, мәдениеті де, халықаралық деңгейдегі абырой – беделі де бұрын соңды болмаған жағдайда өсіп –өркендеді. Бұл Үндеу қазақ қоғамын жаңартып, жаңғыртудың заңды жалғасы болатынына ешқандай күмән келтіруге болмайды.

4 колледж ұжымы Мемлекет басшысының халыққа арнаған Үндеуін талқылап, Үндеуге қолдау білдірді. Бас қосуда колледж директоры Асылбекова Ләззат Абибуллақызы сөз алды.

Президенттің Үндеуін білім алушылар арасында белсенді түрде насихаттап, оның қабылдануына кең ауқымды үлесімізді қосамыз.

Үндеуде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Ұсынылып отырған реформаның мәні билік өкілеттік-терін сарабдалдықпен қайта бөлуде, тұтастай саяси жүйені демократияландыруда жатыр. Президент үшін жаңа жағдайларда стратегиялық функциялар, жоғарғы арбитрдің биліктің тармақтары арасындағы қатынастардағы рөлі басым болады.

Мемлекет басшысы, сондай-ақ, сыртқы саясатқа, ұлттық қауіпсіздік пен елдің қорғаныс қабілетіне күш-жігер жұмылдырады. Парламенттік сайлауларда жеңіске жеткен партия Үкіметті жасақтауға шешуші түрде ықпал ететін болады» — деп негізгі мәселелерді түбегейлі тарқатып берді. Елбасының «Осыны басшылыққа ала отырып, Үкіметтің өкілеттігін бұрынғыдай Президенттің емес, жаңадан сайланған Мәжілістің алдында тоқтатуы заңды болмақ.

Елбасымыздың осы уақытқа дейінгі еңбектері орасан. Осы жылдар ішінде Елбасымыздың атқарған еңбектерінің арқасында біздің елімізді бүкіл ел таныды. Еліміз жыл санап дамуда, көркеюде.

Заман да өзгерді, осыған байланысты Елбасымыздың үлкен шешімге , ақылды іске келуі, тек қана халықтың жағдайын жақсарту, оңалту, елімізді бұданда жоғары дамыту мақсатында өзінің өкілеттілігін Парламентке, министрлікке, әкімдіктерге ұсынылды.

Елбасы тарапынан кәсіптік-техникалық білім саласына аса назар аударылды. Тегін оқу,тегін тамақ, жатақханамен қамтылып, кәсіпорындар ашылып, жастарды жұмыспен қамтылды, және көріп отырғандарыңыздай Президентіміздің үлкен ұсыныстары бар. Сіздер, біздер болып Елбасымыздың кемеңгерлік саясатын қолдап, ерінбей еңбек етіп, еліміздің табысы үшін жұмыс жасаймыз –деп сенемін.

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *