«ІІМ оқу орындарында оқытудың инновациялық тәсілдерін қолдану жолдары»

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім  беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде оқытушының инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.

Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді  міндеттейді.

Қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу, яғни оқытудың инновациялық тәсілдері нәтижелі білім алуға бейімдейтін жаңа технологияларды орынды енгізумен тұжырымдалады. Бұлар – кабельдік және спутниктік теледидарлар, бейнеконференциялар, телефорумдар, телемарафондар, партфолио сияқты инновациялық технологиялар, оқудағы және тәрбиелеудегі, өмірлік дағдыларды қалыптастыру жөніндегі тренингтер, соның ішінде әлеуметтік тәлімдегі және т.б. жеке-дара жетістіктер.

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің арнайы бастапқы білім беру мекемелерінің оқу үрдісінде де аталған инновациялық оқыту тәсілдерін қолданудың тыңдаушыларды қысқа мерзім ішінде ІІО қызметі ерекшеліктеріне бейімдеу және машықтандыруда атқаратын рөлі зор. Сонымен қатар, ІІО қызметі ерекшеліктерінің бағыныстыңқылық пен дара басшылық сияқты принциптерін сақтай отырып жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана алу оқытушыдан жоғары кәсібилікті талап етеді.

Оқытушы психологиялық-педагогикалық білімді меңгеруі және оларды оқу процесінде іскерлікпен қабылдап алу әдістерін меңгеру қажет, ақпараттарды тыңдаушылардың жинақтауы және ұсынуы, олардың мінез-құлық қатынастарына ықпал ету керек. Оқытушы оқудың мақсаттары мен міндеттерін, әдістері мен тәсілдерін, ақпараттардың қайнарларын, алдын алу, білім беру бағдарламаларын білулері тиіс.

Табысты оқу үшін қажетті шарттар:

— оқытушының сабаққа дайындығы;

— оқытудың әртүрлі нысандары мен әдістерін қолдану;

— білімді нығайту үшін қайталауды пайдалану;

— оқу процесінің шынайы өмірлік жағдаймен сәйкестігі;

— дұрыс пікірдің, оқытушының тыңдаушылардың әрекеттерін

адекватты бағалаудың дер кезінде болуы.

Сонымен, инновациялық тәсіл оқу процесіне – тіршілік және әрекет етудің даму динамикасы ерекшелігіне, жеке тұлғалардың, қоғамның және мемлекеттің талаптары мен әлеуметтік пайдалы білім алуына, сеніміне, мінез-құлықтың сапасы мен өзгешелігіне, тәлім тәжірибесі мен қатынасына негізделген жаңалық енгізуге бағыттайды.

Бүгінгі таңда жеке тұлғаны емес, оның даму процесін басқару қажеттігі айқындалып отыр. Ал бұл, педагог жұмысындағы артықшылық жанама педагогикалық ықпал жасауға берілетіндігін білдіреді: тікелей жасалатын әдістерден, лозунгтардан және үндеулерден бас тартылады, артық дидактизмнен, ғибаратты сарыннан тежелуді; оның есесіне бірінші орынға қарым-қатынас жасаудың сұхбаттық әдістерін, шындықты бірлесіп іздеуді, сан алуан шығармашылық әрекетті тәрбиелеуші шарттарды жасау арқылы дамытуды білдіреді.

Қытайдың бір нақыл сөзінде: «Маған айтшы – мен ұмытып қаламын; маған көрсетші – менің есімде қалады; өзіме істетші – мен сонда түсінемін» делінген. Осы сөздерден интерактивті оқытудың мәні өз көрінісін табады.

Интерактивті әдістерді пайдалану кезінде тыңдаушылар түсіну процесіне толыққанды қатысушылар болады, оның тәжірибесі оқу танымының негізгі қайнар көзі қызметін атқарады. Оқытушы дайын білімді бере отырып, тыңдаушыларды өз бетімен ізденуге үйретеді. Білім берудің дәстүрлі нысандарымен салыстырғанда, интерактивті оқытуда оқытушы мен тыңдаушының өзара әрекеттестігі ауысады: педагогтың белсенділігі тыңдаушының белсенділігіне орын береді, ал педагогтың тапсырмалары олардың инициативасы үшін жағдай жасаушы болады.

Бұл әдістерді игеру және қолдану үшін, оқытушыға топтық өзара әрекеттердің әр түрлі әдістемелерін білу қажет. Интерактивті оқыту өзара түсінікті, өзара әрекеттестікті, өзара байытуды қамтамасыз етеді.

Оқудың инновациялық әдістерінің үлгілері төмендегідей:

«Ми шабуылы», «ми штурмы» («дельфи» әдісі) – бұл әдіс, берілген сұраққа кез-келген тыңдаушы жауап бере алатын әдіс. Маңыздысы айтылған көзқарасқа бірден баға қоймау керек, барлығын қабылдау қажет және әрқайсысының пікірін тақтаға немесе парақ қағазға жазған дұрыс. Қатысушылар олардан негіздеме немесе сұраққа түсініктеме талап етілмейтінін түсінулері керек.

«Ми шабуылы» хабарландыруды анықтау керек болғанда немесе тыңдаушылардың белгілі сұраққа қатынасы негізінде қолданылады. Жұмыстың бұл нысанын кері байланыс алу үшін қолдануға болады.

Тест сынағы

Тест сынағы әдісінің көмегімен жастардың хабарландырылу деңгейін немесе олардың талқыланатын тақырыпқа қатынасын анықтайды. Тест сынағын дұрыс жасау әдісі орынды болуы тиіс: олар сауатты, анық, ұғынықты тілде жасалуы қажет және тыңдаушылардың сезімін қорғауы керек.

Рөлдік ойын

Рөлдік ойын — бұл өмірлік жағдайлардың белгілі бір мінез-құлық немесе эмоционалдық жақтарын меңгеру ниетінде алдын-ала бөлінген рөлдер арқылы қатысушы топтардың сахналап ойнауы.

Бұл әдістің артықшылығы сол, әрбір қатысушы өзін ұсынылған рөл жағдайында көрсетеді, сол не басқа жағдайды айтарлықтай шынайы байқайды, сол не басқа әрекеттердің салдарларын сезінеді және шешім қабылдайды.

Бейнефильмдерді көру және талқылау

Сабақтарда қылмыстылық пен құқық бұзушылықтардың алдын алу және олармен күрес, адам мен азамат құқықтарын сақтау жөнінде көркем және деректі бейнефильмдерді, олардың фрагменттерін, сондай-ақ бейнероликтер мен бейнесюжеттерді пайдалануға болады.

Тиісті мазмұндағы бейнефильмдерді тек қана қосымша материалдар ретінде емес, сабақтардың және тренингтердің кез-келген түріне оның тақырыбы мен мазмұнына сәйкес пайдалануға болады.

Фильмді көрсетер алдында тыңдаушылардың алдына бірнеше (3-5) шешуші сұрақтар қою керек. Сұрақтар келесі талқылауға салудың негізі болады. Алдын ала таңдалып алынған кадрлар мен фильмді тоқтатып, пікірсайыс өткізуге болады.

Соңында тыңдаушылармен бірігіп міндетті түрде жиынтығын шығару және қорытындысын жариялау керек.

Ширату

Ширату денеге және психологияға түскен салмақты кетіру мақсатында қолданылады. Ширату сондай-ақ коммуникативтік машықты (қарым-қатынасты) дамытуға мүмкіндік береді. Олар мазмұны, іс-әрекеттің нысаны және ұзақтығы бойынша ретті болуы тиіс. Мысалы, айталық, зейінді жинақтауды талап ететін жаттығудың алдында көп қимылды керек ететін ширату ойынын жүргізудің керегі жоқ.

Топтардың хабарландырылу деңгейінің бағасы

Оқытушылардың алдында тұрған міндеттердің бірі — тыңдаушылардың (көпшілігінің жоғары немесе арнайы орта білімдерінің бар екендігін ескере отырып) хабарландырылу деңгейін бағалау болып табылады. Осы мақсат үшін сабақ тақырыбы жөнінде сұрақтары бар сұрақнамалар немесе сауалнамалар пайдаланылады. Сауалнамалар сабақ өтіп болғанша сақталады, содан кейін тыңдаушылардың білім деңгейі тағы бір рет бағаланады. Нәтижелерін салыстыра отырып, тыңдаушылардың білімдері мен машықтарында қандай өзгеріс бар екенін білу қызық болады. Оның үстіне, сабақ әдісінің тиімділігін бағалауға болады.

Сонымен қатар, инновациялық әдістердің әмбебап болып табылмайтынын есте сақтаған жөн. Интерактивті әдістер ешқандай жағдайда да сабақ өткізудің лекциялық нысанын алмастыра алмайды, бірақ лекциялық материалдарды жақсылап меңгеруге бейімдейді, ең маңыздысы сол, пікірлерді, қатынастарды, мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады.

Интерактивті әдістерін пайдалану кезінде оқытушының рөлі күрт өзгереді, ол тек қана процестерді реттеп отырады және оны жалпы ұйымдастырумен айналысады, қажетті тапсырмаларды алдын ала дайындайды және сұрақтарды немесе топтарда талқылауға арналған тақырыптарды қалыптастырады, кеңестер береді, белгіленген жоспардың орындалу тәртібі мен уақытына бақылау жасайды.

Тыңдаушылар әлеуметтік тәжірибеге — өзінің немесе басқа адамдардың тәжірибесіне жүгінеді, сондықтан оларға бір-бірімен коммуникацияға түсуге, берілген тапсырмаларды бірігіп шешуге, кикілжіңдерді болдырмауға, жақындасудың ортақ нүктелерін табуға, ымырашылыққа баруға тура келеді.

Психологтар оқу қарым-қатынасы жағдайында дәл қабылдаудың жоғарылайтынын қадағалаған, жаднама жұмыстарының нәтижелері артады, жеке тұлғаның назар аудару тұрақтылығы, оны тарата білу сияқты интеллектуалдық және эмоционалдық өзіндік ерекшелігі дамиды; қабылдау кезінде қырағылығы; әріптесінің іс-әрекетін, оның дәлелдері мен мақсаттарын талдау қабілеті артады.

Оқудың интерактивті әдістерінің артықшылығы қандай? Ең алдымен, интерактивті әдістер:

* тыңдаушылардың қызығушылығын туғызады;

* әрқайсысының оқу процесіне қатысу белсенділігін кеңейтеді;

* әрбір тыңдаушының сезіміне назар аударады;

* оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді;

* тыңдаушыларға көпжоспарлы әрекет етуге әсер етеді;

* кері байланысты (аудиторияның жауап беру реакциясын) жүзеге

асырады;

* тыңдаушылардың пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады;

* өмірлік машықтарды қалыптастырады;

* мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі.

Интерактивті оқытуды ұйымдастырудың негізгі ережесі қандай?

Бірінші ереже. Жұмысқа сол немесе басқа межедегі тыңдаушылар толық тартылуы тиіс. Осы мақсатта талқылау процесінде семинардың барлық тыңдаушыларын енгізуге мүмкіндік беретін технологияны пайдалану пайдалы.

Екінші ереже. Тыңдаушылардың психологиялық дайындығына қамқорлық жасау. Бұл жерде сөз, барлық өткен сабақтар жұмыстың сол не басқа мысалын тікелей енгізуге психологиялық дайын екендігі туралы болып отыр. Осыған байланысты шарықтап, шыңдау пайдалы, тыңдаушыға өзін-өзі көрсетуге мүмкіндік беріп, жұмысқа белсенді атсалысқан тыңдаушыларды үнемі көтермелеп отыру керек.

Үшінші ереже. Интерактивті технологияда тыңдаушылар көп болмауы тиіс. Қатысушылардың саны мен оқу сапасы тікелей байланыста болуы мүмкін. Қатысушылардың қолайлы саны – 25 адам. Тек осындай жағдайда ғана шағын топтардың жұмысы жемісті болады.

Төртінші ереже. Жұмыс істеу үшін аудиторияны дайындауға көңіл бөліңіздер. Аудитория үлкен және шағын топтарда жұмыс істеу үшін қатысушылар оған жеңіл жайғасатындай есеппен дайындалуы тиіс. Тыңдаушылар үшін физикалық қолайлылық құрылуы тиіс.

Бесінші ереже. Процедура және регламент мәселесіне назар аударып отырыңыздар. Мысалы: кез-келген көзқараста барлық қатысушылардың, әркімнің сөз бостандығы құқығын сыйлауға, оның намысын сыйлауға төзімділік көрсетіңіз. Сонымен қатар, сабақ уақытының да шектеулі еместігін есте сақтаған жөн.

Алтыншы ереже. Тыңдаушыларды топқа бөлуге ерекше көңіл бөліңіз. Ең алдымен оны еріктілік негізінде жасаған дұрыс. Содан кейін кездейсоқ таңдау қағидатын пайдаланған жөн.

Интерактивті оқыту – бұл таным іс-әрекетін ұйымдастырудың арнайы нысаны. Ол толық нақтылықты және болжамды мақсаттарды талап етеді. Осындай мақсаттың бірі тыңдаушылар өзінің сәттіліктерін, интеллектуалдық жағдайларын, оқу процесінің өзінде қандай өнімді іс істеу керектігін сезінетін, оқудың қолайлы жағдайын жасаудан тұрады.

Біз неліктен интерактивті әдістерге «иә» дейміз? Олар мыналарды:

* Жоғары уәжділікті

* Тиянақты білімді

* Қиялдау мен шығармашылықты

* Тез тіл табысуды

* Белсенді өмірлік көзқарасты

* Командалық рухты

* Жеке, дербестіктің құндылығын

* Өз пікірін білдіру еркіндігін

* Іс-әрекетке ерекше назар аударуды

* Өзара сыйластықты

* Демократиялықты қамтамасыз етеді

Жоғарыда аталған қасиеттердің барлығы ІІО қызметкерінің бойынан табылуы тиіс. Ішкі істер органдарындағы қызмет – Қазақстан Республикасы азаматтарының халық пен мемлекеттің алдындағы қызметтік міндеттері мен қызметтік борышын орындауымен байланысты мемлекеттік қызметтің ерекше түрі. Қызмет өткеру олардың тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және ішкі істер органдары қызметкерінің іскерлігіне, адамгершілігіне және моральдық келбетіне жоғары талаптар қояды[4].

Тыңдаушылардың осындай қасиеттерін қалыптастыруда заман талабына сай түрлі әдістемелік және педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолдану — Қазақстан Республикасы полицейлерінің халық пен мемлекет алдындағы қасиетті борыштарын атқару қабілетін дамытудың бірден-бір алғышарты деп есептеймін.

Н. Қуанышбекқызы,

ҚР ІІМ, Б.Момышұлы атындағы оқу орталығы,

«Криминалистика және арнайы техника» циклының оқытушысы,

педагогика ғылымдарының магистрі, полиция майоры.

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *