300-ден астам адам жұмыстан шықты

Қаржылық дағдарыстың елең-алаңы біздің елді де шет қалдырмады. Оны күнделікті күнкөрістен сезініп келеміз. Бүгіннің өзінде елімізде қаншама мекеме-ұйым қызметкерлерін қысқартуға мәжбүр. Олай істемеске амалдары да жоқ-тын.

300-ден  астам адам жұмыстан шықтыМәселен, биыл облыста 300-ден астам адам үйренген жұмыс орнынан айрылды. Мыңға жуық азамат мәжбүрлі ақысыз демалысқа шықты. Сондай-ақ, 12 кәсіпорындағы еңбек жағдайы тұрақсыз күйді бастан кешіріп отыр. Ал, нәпақасынан қағылғандардың жағдайына аудан, қала билігіндегі жауаптылар селқос қарап отыр. Сарыағаш ауданы, Түркістан, Кентау қалаларындағы сала мамандары апта сайынғы ақпарды дер кезінде хабарлап, тиісті шара қолдануға келгенде немқұрайлық танытатын сыңайлы. Бұл жөнінде облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева айтқан болатын.

Айта кетейік, Түркістан қаласында темір жол вагондарын жөндеумен айналысатын «Ақ берен» ЖШС -де жыл басында 97 адам жұмыстан қысқартылған. Бұл мекемеде тағы 50 азамат жұмыстан босатылуы мүмкін. Сондай-ақ, «МАН» ЖШС-нің 200 қызметкері жұмыссыздар қатарына қосылды. Демек, облыстағы жұмыссыздар қатары тағыда біршамаға көбейді деген сөз. Ал, олардың жұмысқа орналасуы жайы өз шешімін табуы уақыт еншісінде қалатын болады.

Лаура Сапарбекова

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *