2017 жылдың коммуналды тарифтері

Жаңа жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысында су, электр және газ қымбаттамайды. Бұл туралы Аймақтық коммуникация қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің ОҚО бойынша департаментінің басшысы Б.Аталықов мәлімдеді. Оның сөзінше, әлемнің дамыған елдеріндегі монополияға қарсы реттеу әдісімен алмастырлады. Департамент баға бойынша сөз байласқан, үстем жағдайды теріс пайдаланған, монополиялық жоғары баға белгілеген жағдайлар үшін жазалайтын болады. Қай салада болмасын тарифтер өсімі инфляция деңгейінен жоғары болмауы тиіс. Ал, тариф шамасы 2017 жылы төмендегідей болды:


Су
Суды таратушы желілер арқылы беру қызметі (теңге/1 м³)
1 топ: тұ
рғындар және жылумен қамтамасыз етуші кәсіпорындар — 68,90 теңге;
2 топ: мемлекеттік ұйымдар — 308,21 теңге;
3 топ: 1,2 топқа кірмейтін басқа тұтынушылар 239,09 теңге.
Есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне 1 айға 1 адамға — 336,05 теңге.
Шымкент қаласы бойынша:

Сарқынды суларды бұру қызметі теңге/1 м³
1 топ: тұрғындар және жылумен қамтамасыз етуші кәсіпорындар — 27,21 теңге;
2 топ: мемлекеттік ұйымдар — 157,13 теңге;
3 топ: 1,2 топқа кірмейтін басқа тұтынушылар — 121,69 теңге.

Есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сарқынды суларды бұру қызметіне 1 айға 1 адамға — 132,49 теңге;
Есепке алу аспаптары жоқ ыстық суды пайдаланатын тұтынушылар үшін сарқынды суларды бұру қызметіне 1 айға 1 адамға — 87,78 теңге.

 

Жылу
«Қуат-жылуорталық 3» АҚ. Жылу энергиясын жабдықтау қызметі 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қосымша құн салығынсыз:
Есептегіш құралы жоқ (жеке тұлғалар үшін) 1м2 үшін төлем – 109,95 теңге;
ескі үйлер үшін 1м2 үшін төлем – 108,29 теңге.

 

Жарық
«Энергопоток» ЖШС-гі электр қуатының орташа бағасы және тұтыну көлеміне қарай тариф бағасы көтерілмей, сол қалпында қалатынын ескертеді.
Алайда,2017 жылдың қаңтар айынан бастап,«Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралау қағидаларын бекіту туралы» ереженің өзгеруіне байланысты мынадай өзгерістерді хабарлайды.
Жеке тұлғаларға тәулік зоналары бойынша 2 деңгейлі тарифтер:
Күндізгі зоналық жүйесінде (7.00 — 23.00 сағатқа дейін) – 17,28 теңге ҚҚС-мен бірге 1кВт/с үшін;
Түнгі зоналық жүйесінде (23.00 — 7.00 сағатқа дейін) – 9,61 теңге ҚҚС-мен бірге 1кВт/с үшін.

Заңды тұлғаларға тәулік зоналары бойынша 3 деңгейлі тарифтер:
Күндізгі зоналық жүйесінде (7.00 — 19.00 сағатқа дейін) – 24,87 теңге ҚҚС-мен бірге 1кВт/с үшін;
Кешкі зоналық жүйесінде (19.00 — 23.00 сағатқа дейін) – 52,50 теңге ҚҚС-мен бірге 1кВт/с үшін
Түнгі зоналық жүйесінде (23.00 — 7.00 сағатқа дейін) – 9,61 теңге ҚҚС-мен бірге 1кВт/с үшін.
Газ
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Оңтүстік Қазақстан өндірістік филиалы, Оңтүстік Қазақстан облысы тұтынушыларының назарына, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап тауарлық газдың босату бағасының өзгеретіндігін хабарлайды.
Газды тасымалдауға тарифін ескере отырып:
— халық үшін және халық үшін жылу энергиясын өндіруге тауарлық газды пайдаланатын заңды тұлғалар үшін – 27 983,12 теңге (31 341,09 теңге ҚҚС-ын қосқанда);
— заңды тұлғалар үшін жылу энергиясын өндіруге тауарлық газды пайдаланатын заңды тұлғалар үшін және өзге заңды тұлғалар үшін – 30 452,62 теңге (34 106,93 теңге ҚҚС-ын қосқанда).
Газды тасымалдауға тарифін қоспағанда:
— халық үшін жылу энергиясын өндіруге тауарлық газды пайдаланатын заңды тұлғалар үшін – 19 655,49 теңге (22 014,15 теңге ҚҚС-ын қосқанда);
— заңды тұлғалар үшін жылу энергиясын өндіруге тауарлық газды пайдаланатын заңды тұлғалар үшін және өзге заңды тұлғалар үшін – 22 124,99 теңге (24 779,99 теңге ҚҚС-ын қосқанда).

 

Жер және мүлік салығы:
Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, елді мекендердің жерлеріне салынатын базалық салық мөлшерлемелері — 9,17 теңге;
Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерге салынатын базалық салық мөлшерлемелері — 0,58 теңге.

 

Күл-қоқыс шығару тарифі:
Көпқабатты үйде бір адамға айына – 102 теңге;
Жеке секторда бір адамға айына – 120 теңге;
Коммерциялық секторларда айына – 920 теңге;
Бюджеттік мекемелерге айына – 920 теңге;
Газ баллон: кішісі – 1200 теңге; үлкені – 2400 теңге

Шымкент қаласы ішіндегі қоғамдық көліктердің жол ақысы – 70 теңге
Қалааралық байланыс қызметі айына – 1006,39 теңге
ауылдық жерлерде — 668,18 теңге.

 

Дайындаған — Айгүл КЕРІМБАЙҚЫЗЫ

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *