«100 нақты қадам» және Оңтүстік

атамкул87

Оңтүстік —  Үдемелі индустрияландыру бағдарламасын  жүзеге асырып, өзгелерге үлгі болған аймақ. Бірінші бесжылдықта алдына жан салмаған өңірде 164 жоба іске асқан. Енді алда іске асырылатын шаруалардың легін облыс басшысы Бейбіт Атамқұлов тізіп берді. Тек тізіп қана қоймай, орындалатынына сендірді.

Тындырылған тірліктер

ОҚО өнеркәсіп өндірісінің өсімі бойынша өңірлер арасында II орында
2016 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіп кәсіпорындарымен 186,6 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 48 млрд теңгеге артық.
Сарапшылардың айтуынша, мұндай нәтижеге қол жеткізуге, ең алдымен экономиканың шикізаттық емес секторын дамытуға бағытталған индустрияландырудың бірінші бесжылдық бағдарламасының сапалы жүзеге асырылуы мүмкіндік берген. Қазіргі кезде, ОҚО-дағы өнеркәсіп өнімінің жартысынан астамы өңдеу өнеркәсібінің үлесіне тиесілі.
004Осылайша, облыста соңғы 5 жылда тек қана Индустрияландыру картасы аясында өңдеу өнеркәсібі саласында жыл сайын бірнеше ондаған жобалар іске қосылуда. Аталған фактор, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың қуаттылығын ұлғайтумен қатар, экономиканың бүгінгідей қиын кезеңінде өңіріміздің өскенін көрсетеді.
Мемлекеттік бюджет қаражатын есепке алмағанның өзінде, шикізаттық емес секторына бағытталған инвестициялардың өсу қарқынын (2016 жыл003дың 3 айында өткен жылмен салыстырғанда 123,4% құрады) ескерсек, өсу тенденциясының сақталынатынына және Облыс өнеркәсібінің дамитынына сенімді ұйғарым жасауға болады.
Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының оңтүстікте орындалу барысын облыс басшысының өзі сараптап берді. Айтуынша, бес бағыт бойынша атқарылған ауқымды тірліктер ауыз толтырарлықтай. Әсіресе, өңірдің экономикалық өсімі көңіл көншітеді, дейді. Жаңа инвестиция тарту тиімді тірлік екенін дәлелдеген. Нәтижесінде, оңтүстікте шетел инвесторларының қатысуымен 24 жоба іске асқан. Әсіресе, Еуропа, Азия елдерімен Ресей іскерлері отандық өнім өндіруде өз септігін тигізіп келеді. Осы орайда облыс басшысы Бейбіт Бәкірұлы күнгейді күллі әлемге танытады деген ірі жобаларды атады. Саннан сапаға көшкен кәсіпорындардың көшін
«Азала текстиль», «Әлем — ВТ», «Карлскрона» және «Хил корпорэйшн» мен «Кентау Трансформатор зауыты” бастап тұр. Әкім атын атап, түсін түстеген зауыттарға өңір экономикасының өсімі жүктел
ген.
002Оңтүстікте фармацевтика кластерін қалыптастыру жоспары тың. Республикада өндіріліп жатқан фармацевтикалық препараттардың тең жартысы біздің өңірде өндіріледі. Отандық дәрілердің көшін бастап, польшалық инвесторлармен бірге алып жобаны іске асырып отырған «Химфарм» акционерлік қоғамы тағы да төрт кезеңнен тұратын жобаны жүзеге асырады. Бүгінгі таңда бірінші кезеңі іске қосылып, 500 жұмыс орны ашылған. Цехта инъекциялық және инфуззиондық қоспалар өндіріледі. Ал, биыл ұнтақты антибиотиктер өндіретін цех та өз жұмысын бастайды. Облыс әкімі өз сөзінде, «Бұдан бөлек дәрі-дәрмек өндіретін және медициналық бұйымдар шығаратын 6 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде екі зауыттың құрылысы басталады. Онда таблеткалар өндірісі мен қан жинайтын контейнер өндіру көзделген. Сонымен бірге ортопедиялық бұйымдар шығаратын зауыттың іске қосу жұмыстары аяқталуда»-деп қосты.
Оңтүстікте әр аудан өз индустриалды аймақтарын іске қосқан. Әрқайсысында кем дегенде б001ес жоба жүзеге асып, экономикалық өсім ілгерілеген. Нақтырақ айтсақ, 11 индустриалды аймақ құрылған. Оның төртеуі Шымкентте. Бұл аймақтарда 143 жоба іске асырылып, 11 400 жұмыс орны ашылған. Соңғы бес жылда инфрақұрылым тартуға жұмсалған қаржының 67 пайызы бюджетке салық түрінде қайтарылған.

Уәде берді

1 Бес жылда шитті мақтаның өнімін 90 пайызға жеткіземін, деген әкім сөзі журналистерді елең еткізді. Айта кету керек, бүгінгі таңда шитті мақтаның 35 пайызы облыстың тоқыма кәсіпорындарында өңделуде. Алдына мақсат қойған өңір басшысы шитті мақта көлемін 54%-ға өсіруді жоспарлап қойғанын айтып отыр. Алайда, жыл сайын мақта алқабының азайып, мақта сапасының күрт төмендеуін ескермесе керек, бұл сұрақты бес жылдан кейін сұрайсыздар деп күлді.
2 Ауылшаруашылық саласын дамудың даңғыл жолына түсіремен, деген әкім осы мақсаттағы жоспарларымен де бөлісті. Бейбіт Бәкірұлы биыл Түркістан қаласында Қытай инвесторларының қатысуымен құны 5,7 млрд теңгені құрайтын түйе сүтін өңдеу жобасын іске қосамын, деп бекініп отыр.
3 Атамқұлов Арыс қаласындағы «Ақдала» томат зауытының бүгінгі жайы туралы ләм-мим демеді. Есесіне, қытайлықтармен бірлескен «COFCO tunhe» томат зауытының құрылыс жобасы әзірленіп жатыр, деді. Осылайша, шағын шаруаларға қолдау көрсетіп, өнімдерін өткізуге қолайлы жағдай жасайтынын айтып мақтанды. Бұл томат зауытының ғұмырлы болатынына әрі ауыл адамдарын тұрақты жұмысқа орналасатынына уәде етті.
4 Жаңа қызметіне келгеніне жыл толмаған әкімнің айтқан уәделерінің ішінде Оңтүстікті «Жібек жолы жүрегіне» айналдыру жобасы бар. Жуырда ғана ашылған «Ontustik Tourism Centre» орталығына артылған жауапкершіліктің жүгі ауыр. Әр аудан-қалада туризм маршруты жасалып, келген қонақтарды таң қалдыру міндеті бар. Әсіресе, киелі шаһар Түркістанға келушілерге қызмет көрсету саласын дамытуды көздеп қойыпты. Сондай-ақ, қойнауы тарихқа толы Сайрам, Отырар, Ордабасы, Созақ аудандарына ат басын тірейтіндерге заманауи үлгіде қызмет көрсету де көзделген.
5 Халықтың пікірі өзі үшін қаншалықты маңызды екенін тілге тиек еткен Бейбіт Бәкірұлы республикалық және облыстық БАҚ өкілдерінің алдында барлық аудан-қалаларға қарасты ауылдарды, түкпір-түкпірдегі аумақтарды аралауды, әрбір тұрғынның айтарын тыңдап, көкейтесті мәселелерімен жақынырақ танысуды уәде етті. Алдымен Созақ ауданындағы ауыл-аймақты аралап, қарашаның қамымен танысамын, деді. Халықпен неғұрлым көп тілдескен сайын, көптеген мәселелердің ұшы шығатынын, өзінің жұмысына бағыт алатынын мәлімдеді.
6 Ұлт жоспарының 5 бағытындағы «Ашық әкімдік» жобасын әлдеқайда тиімді етемін, деген ол: әрбір шенеунік халықпен тығыз жұмыс жасайды, сонда ғана Ұлт жоспарындағы міндеттерді орындап, мүдірмей шығамыз, бір тоқтады әкім.
7 Айтпақшы, оңтүстікті қауіпсіз аймаққа айналдыруға сөз берген Бейбіт Атамқұлов жергілікті полицияны жасақтап алғанын, оның құрамында 2747 қызметкер мен оларды басқаратын 19 басшы барын мәлімдеді. Жергілікті атқарушы билік пен полицияға ортақ міндеттер қойылып, көптеген жобалар іске асып жатқанын жеткізді.
8 Ендігі міндет — қоғамдық көмекшілер санын арттырып, құқықбұзушылықтың жолын кесу. Бұған қоса, облысымызда алғаш рет қылмыстық құқық бұзу картасы әзірленіп жатқанын айтты. Осылайша, қылмыстық әрекетті немесе оқиғаны ашудың заманауи озық тәсілін қолдануды мақсат етіп отыр.
9 Өнеркәсіп саласын төрт бағытқа бөліп жіті талқылап берген Бейбіт Бәкірұлы ауылшаруашалығы өнімдерін өңдеуде оңтүстіктің көш бастайтынын да жария етті. Әсіресе, ет өңдеу оны экспорттау саласына айрықша көңіл бөліп отыр. Биыл облыста құс етін өңдеу көлемін 4 есеге асыру көзделуде. «Қазығұрт құс», «Аk kazina», «Ордабасы құс» серіктестіктерінде жаңа кешен іске қосылуды жоспарлап отыр. Оңтүстік Қазақстан облысында төрт түлік малдың етін өңдеу 2,5 есеге арттыру да міндеті тұр.
10 Шілдеде мал етін халықаралық деңгейде өңдейтін ірі зауыт ашылады. Бұл отандық мал өнімдерін экспортқа шығаруға үлкен мүмкіндік бермек. Мұндағы салмақ «Қайып ата» және «Agro kamf group» компанияларына түсіп отыр. Аталған өндірістерді іске қосу күнгейлік ет бордақылайтын ағайынның өнімін Ресей, Өзбекстан, Ауғанстан және Иран елдеріне экспорттауға мүмкіндік береді.
Әкімнің уәдесі қаншалықты орындалады? Бұл дәл осы мақаланы оқып отырған оқырманның көкейіне түйген бірінші сауал. Ендеше әкім уәдесінің ауа-да ілініп қалатын, не қалмайтынын бірге бақылайық.

Ардақ Жақсылықова

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *