«Өрлеу» — масылдықты жоятын жаңа жоба


7 ОрлеуБиылдан бастап облысымыздың барлық қала, аудандарында табысы төмен, қаржыға мұқтаж отбасыларға мемлекет ақшалай жәрдем береді. Және ол қаржыны сіз қандай мақсатта алғалы жатқаныңыз жөнінде нақты жоспарыңыз болуы керек. Мәселен, жеке кәсіп ашасыз ба немесе мал сатып аласыз ба, өзіңіз білесіз. Ал, егер жұмыстан шығып кетіп, әрі  алған қаржыны басқа мақсатқа жұмсаған болсаңыз, онда алған ақшаны кері қайтарасыз. Бұл іске жаңадан шыққан «Өрлеу» жобасы мұрындық болып отыр. Сөзіміз түсінікті болу үшін «Өрлеу» жобасы деген не, соған тоқталсақ. 

ҚР Үкіметі 2014 жылы 17 ақпандағы №97 Қаулысына сәйкес, «Өрлеу» жобасын бекіткен болатын. Жоба аясында берілетін шартты ақшалай көмек — жан басына шаққандағы отбасының табысы күнкөріс деңгейінен 60% төмен болатын отбасыларға беріледі. Жоба Ақмола, Шығыс Қазақ­стан облысы, Жамбыл облысында тәжірибе ретінде іске қосылды. Ал, 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап еліміздің барлық өңірлерінде жүзеге асырыла бастады. Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас, Төлеби, Сарыағаш аудандары мен Арыс қаласына енгізілді. Осы жарты жылдың ішінде 139 отбасы, яғни 913 адам 23 миллион теңге көлемінде шартты ақшалай көмек алған. Бұған өз кезегінде жергілікті әлеуметтік қорғау органдары, ауыл әкімдері жоба туралы халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, көмектескен.
Айтпақшы, «Өрлеу» жобасы Елбасының «100 нақты қадам» жоспары негізінде жасал­ған. Себебі, жоспардың 84-қадамында былай делінген: «Әлеуметтік көмекті оның атаулы сипатын күшейте отырып, оңтайландыру. Әлеуметтік көмекті тек оған шынымен зәру азаматтар ғана алады. Кірісі төмен еңбекке қабілетті азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеу­меттік көмек тек олардың еңбекке ықпал ету және әлеуметтік бейімдеу бағдар­ламаларына белсенді қатысуы жағдайында ғана беріледі».

Қазіргідей дағдарыс кезінде жұмыс­сыздық пен кедейліктің шегінен шығудың жолдарын мемлекет те барынша ұсынып жатыр. Соның бірі — «Жұмыспен қамту — 2020 жол картасы» бағ­­дарламасы. Жасыратыны жоқ, қоғамда әйелі мен бала-шағасының нәпақасына жар­­масып, жұмыс істемей жүре беретін ер азаматтар көбейіп кеткен. Оларға атаулы әлеуметтік көмек беру арқылы кедейліктен арыл­тудың мүмкін еместігі күн сайын аңғарылып келеді. Сондықтан, мемлекет халықтың қолына қармақ беру үшін «Өрлеу» секілді жобаларды қолға алуда.
Сонымен, «Өрлеу» жобасының облысымызда қалай жүзеге асып жатқаны жөнінде жұмыспен қамту­ды үйлестіру және әлеуметтік бағдар­ламалар басқармасының бөлім башысы Назира Сайдуллаевадан сұрастырған едік.

7 Назира Сейдуллаева— Жалпы, «Өрлеу» жобасы — отбасының еңбекке қабілетті мүше­лерін жұмыспен қам­тудың белсенді түр­лер­іне және «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағ­дар­ламасына қатысқан жағ­дайда отбасын әлеу­меттік келісім­шартына отыру арқы­лы шартты қар­жылай көмек ұсыну бағдарламасы. Бұдан бөлек, жоба жұмысқа орналастыруға, маман­дықтарға оқытуға, қай­та оқы­туға, сол сияқты жас­тар практикасына қоғамдық жұмысқа және әлеуметтік жұмыс орындарына тартуға ықпал ете алады. Жобаның негіз­гі мақсаты — шартты қар­жылай көмек алған аз қам­тылған от­басы тек қана жәрдемақы алып қана қоймай, осы жағдайдан шығуға әлеуметтік тұрғыдан бейімделген, кәсіби бағдар алған болуы тиіс. Бұл белсенді шара­ға жатады. Яғни, мұқтаж отбасылармен әлеуметтік келісім түзіліп, алты айға шартты ақшалай көмек беріледі. Оны ай сайын төлеуге немесе 3 тоқсанның ақшасын бірден беруге болады. Бірақ өтінім берушінің ақшаны қалай жұмсайтыны туралы жоспары болуы қажет. Мәселен, жеке іс бастау үшін тігін машинасын немесе мал сатып ала ма, жоқ шаштараз, асхана т.б. ашқысы келе ме, көрсетуі керек. Бұл ақша қайтарымсыз және тоқсан сайын құжат тапсырудың қажеті жоқ, — дейді Н.Кеңесбекқызы.

Газет анықтамасы:

Биыл «Өрлеу» жобасына 14 927 адам,
яғни 2512 отбасы қатысады,
Бұл мақсатта бюджеттен 602,5 млн теңге бөлінді.
Күнкөріс деңгейі облыста І тоқсанға — 18 770 теңге.
Оның 60 %-ы 11262 теңге.
Мысал: бір отбасында бес адам яғни ата-анасы және 18 жасқа дейінгі үш балаcы бар дейік.
Отбасы табысы айына — 30 000 теңге,
бес адамға 6000 теңге. 11 262-6000=5262 теңге.
Яғни бес адамға айына 26 мың теңге,
үш тоқсанның ақшасы шамамен 78 мың теңге.

Айта кетейік, жоспар бойынша биыл «Өрлеу» жобасына 14 927 адам, яғни 2512 отбасы қаты­сады. Бұл мақсатта бюджеттен 602,5 млн теңге бөлінген, оның ішінде 66,6 млн теңге республикалық бюджеттен бөлінбек. Биыл республикалық бюджеттен тек төрт ауданға бөлініпті.
Тағы бір айта кететін жайт, «Өрлеу» жобасына қатысушыларды ай сайын аудандағы жұмыспен қамту орта­лық­тарының мамандары тексеріп тұрады, әрі ақыл-кеңестерін беріп, көмектеседі. Маманның айтуынша, аталмыш жобаның арқасында өз ісін бастаған жандар баршылық. Мәселен, Арыс қаласында бір азаматша шартты ақшалай көмектің қаржысына асхана ашса, Төлеби ауданында бір азаматша лаваш орталығын іске қосыпты.
Бұдан шығатын қоры­тынды, бұрын тек қана атаулы көмек пен балалардың жәрдем­ақысына қарап отыр­ған отбасылар қазір өз­дері жұмыс істеп, айлығын алады. Оған қоса, жеке кәсіп ашқан отбасылар қосымша табыс тауып жатыр. Бірақ, жұмыстан кетіп қалып, келісімшартты бұзса, шартты ақшалай көмек тоқтатылады және төленген ақшаны қайтаруы тиіс. Айтпақшы, 6 айға түзілген келісім-шартты 12 айға создыруға болады.

Шартты ақшалай көмектің мөлшері қанша болады?

Отбасының жан басына шаққан­дағы табысы белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен отбасыларға беріледі. Бүгінде күнкөріс деңгейі облысымызда І тоқсанға 18 770 теңге мөлшерінде белгіленді. Оның 60 пайызы 11262 теңгені құрайды. Мысалы бір отбасында бес адам бар делік. Ата-анасы және 18 жасқа дейінгі үш баласы бар, әйелі жұмыссыз дейік. Ай сайын мұндай отбасына 30 000 теңге табыс түсіп, оны бес адамға бөлсек 6000 теңге шығады. 11 262 теңгеден 6000 теңгені алып тастағанда 5262 теңге. Яғни бес адамға айына 26 мың теңгеден шартты ақшалай көмек беріледі. Ал үш тоқсанның ақшасы шамамен 78 мыңды құрайды.

2018 жылдан бастап әлеуметтік жәрдемақы берілмейді

2018 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек, балалардың жәр­демақысы, көпбалалы аналарға берілетін арнаулы әлеуметтік үш көмек тоқтатылады. Оның орнына жаңа фор­маттағы атаулы әлеуметтік көмек — еңбекке жарамсыз отбасыларға сөзсіз ақшалай көмек, ал еңбекке жарамды отбасыларға шартты ақшалай көмек қалдырылады. Мақсаты – халықты еңбек­­ке үйрету, масылдықты жою, өз еркі­мен кедейлік шегінен шығуына көмек­­тесу. Бұл тұрғыда сала маманы Назира Сайдуллае­ва былай дейді:

— Былтыр алған азаматтар алғысын айтып жатыр. Көп деп айтпаймын, бірақ үйінде жұмыссыз, ішіп жататын азаматтар болады. Әйелдері жүгіріп жүреді. Тек жәрдемақымен күнін көріп отырған отбасылар бар. Ол бір балаға — 2000 теңге. Бұдан өздері де, кейін бала-шағасы да өмір бойы кедейліктің шегінен шыға алмайды. Ал мына «Өрлеу» жобасымен шығуларына мүмкіндік берілген. Біріншіден, оларды жұмысқа тұрғызады, екіншіден зейнетақы қорына аударылатын жинағы болады. Өйткені, алдағы уақытта зейнетақы жұрттың бәріне емес, тек аударған адамдарға ғана берілмек. Айтпақшы, үш жасқа толмаған бала немесе мүгедек туыстары бар азаматтардың да жобаға қатысуға мүмкіндігі мол. Бірақ міндетті түрде күнкөріс деңгейі мен табыс мөлшері қатаң ескеріледі.

Кім­­дер қатыса алады?

«Өр­леу» жобасына ШАК алуға өтініш берген азамат (отбасы), егер отбасының әр мүшесіне шаққандағы айлық табысы күнкөріс дең­­гейінен 60%-нан төмен болса және әлеуметтік келісімнің шарттарын орындауға келісім берген жағдайда қатыса алады.

Не істеу керек?

Жобаға қатысу үшін отба­сы мүшесі жұм­ыс­пен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне немесе кент, село, ауыл әкімдігіне тұрғылықты мекенжайы бойынша өтініш біл­діреді. Өтініш білдіру үшін отбасының барлық мүшелерінің ЖСН (жеке сәйкестік нөмірі) болуы керек.
Сонда ғана өтініш иесі өтініш бланкісін, отбасы және мате­риалдық-тұрмыстық жағ­дайы туралы анкетасын ақысыз алады.
Өті­ніш беруші өтініш пен анкетаны жеке өзі тол­тырады және басқа құжаттармен «Өрлеу» жобасына қатысу үшін ау­дан­дық жұмыспен қам­ту және әлеуметтік бағ­дар­ламалар бөліміне немесе село, ауыл әкім­­дігіне тапсырады. Құжаттарды қабыл­дау кезінде оның түгел және толық толтырылғандығы тексеріледі.

7 документы2
Қандай құжаттар қажет?

1. «Өрлеу» жобасына қатысуға өтініш;
2. Анкета;
3. Жеке басын рас­тай­тын құжат (ҚР азама­тына – жеке куәлігі, орал­мандарға – оралмандар куәлігі, ҚР тұратын шетел­діктерге – тұруға рұқсат беретін құжат);
4. Баланың (бала­лар­дың) туу туралы куәлігі немесе туу туралы тіркеу актісінің, 2007 жылдың 13 тамызына дейінгі жазбасы, Қазақстан Республикасынан тыс жерде туғандардың куәлігі;
5. 2008 жылдың 1 маусымына дейін тіркелген үйлену (айрылысу) туралы, Қазақстанда, не Қазақстаннан тыс жерде тіркелген куәлігі, егер өтініш берушінің көр­сеткіші баланың туу куәлігінен өзгеше болған жағдайда;
6. Қорғаушылық пен қамқорлық көрсе­тушілерді бекіткенін растайтын құжат (қажет жағдайда);
7. Банктегі жәрдемақы алатын шотын растайтын уәкілетті органның құжа­ты;
8. Ереженің 3-ші қосым­шасы бойынша отба­сының құрамы туралы мәлімет;
9. Ереженің 4-ші қосым­­шасы бойынша қосымша шаруашылығы туралы (табысын есептеу үшін) негізгі құжат бойынша тол­тырылған мәлімет;
10. Тұрақты тұратын мекенжайын рас­­тай­тын (мекен-жай анық­тамасы) қала­лық­тар үшін анықтама құжаты, ал ауылдық аймақта тұра­тындарға – кенттің, село­ның, ауыл әкімінің анықтамасы.

Түйін:
Қорыта айтқанда, «Өрлеу» жобасы көмектің белсенді түрін ұсы­нады. Әлеу­меттік бейімделу, өмірде кездесетін отба­сы­ның ауыр кезеңдерден дұрыс өту жағдайы қарас­тырылған. Ақшалай көмектен басқа, отбасы жобаға қатысу шарты есебінде өзіне міндеттер алады. Бұл міндеттер мемлекет жә­не отбасы тарапынан қабылданатын «Өрлеу» жобасының келісімінде көрсетіледі. Ең­бек нарығы дамыған қалаларда әлеуметтік бейімделу – жұмыс орнын іздеу, жұмысы барларға қосымша табыс көзін табу, уақытша жұмыс орнындағыларға тұрақты жұмыс орнын іздеу, оқыту және қайта оқыту көмегін көрсету.
Ауыл тұрғындарына келсек, әлеу­меттік бейімделу, өзіне тиісті жерін кеңей­ту және оны ұтымды пайдалану, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, жеке меншіктегі өнім­ді өткізу, оны сатып алушыларға көлікпен жеткізу. Адамдардың өмір сүру деңгейін жақсартып, келешекте тұрмысы төмен отбасы мүшелерін еңбек ету арқылы кәсіпкерлікке, ауыл шаруашылығын тиімді жүргізіп, өзін-өзі қамтамасыз етуге үйрету. Жобаның жұм­ыс­сыздар саны мен кедейлікті жоюға айтар­лықтай үлесін қосады деп сенеміз.

 Жансая СЫДЫҚБАЙ

Редакция

16 комментариев

  1. менин 1кыз1балам бала бакшаб акшада куйеуим карауыл болып жумыска енди кирди35мын айлыгы мен базарда сатушы болып жумыс истеймин кунине 1000тг аламын квартирада турамыз.енди бир места алып озим жеке бизнес ашкым келип жур акшалай комек алаламынба кредит алуга коркып журмиз тапкан акшамыз квартира мен балабакшага толеймиз акша жиалмай жатырмыз отиниш жауаптарынызды кутемин 87758947723

    • салематсыз ба? мен өзім мектепте істеймін, жалғыз өзім 3 баланы өсіріп отырмын. жеке кәсіппен айналыссам деген едім, өрлеу бағдарламасына қатыса алам ба мен?

  2. менин 1кыз1балам бала бакшаб акшада куйеуим карауыл болып жумыска енди кирди35мын айлыгы мен базарда сатушы болып жумыс истеймин кунине 1000тг аламын квартирада турамыз.енди бир места алып озим жеке бизнес ашкым келип жур акшалай комек алаламынба кредит алуга коркып журмиз тапкан акшамыз квартира мен балабакшага толеймиз акша жиалмай жатырмыз отиниш жауаптарынызды кутемин 87758947723

  3. Мен жакында уйленгенмін жұбайым окиды. Өзім сіменный жұмыс жасаймын. Жұмысты 1кун істеп 2кун дем алам . Айлығым 55мың жобасы . жұбайым екеуміз квартирада турамыз. Басымызда баспана жоқ. Мен жеке өзім бизнес ашсам боладыма мебел құрастырушы или сварка ма колымнан келетін жумыстар бірак менің залокка қояатын ешкандай нарсем жок?жұмыстан тыс кезде ?

  4. Сəлеметсіздерме. Менің жасым 24 те. 2 улым бар куйеуім жумыссыз мен 2016 жылы коледж бітірдім. Жумыссызбын. 2020 тіркелдім бірак жумыс жок. Өрлеу бағдарламасына катыса аламынба. Жауап к

  5. Менің 4бала-шағам бар.12жастағы қызым мүгедек. Жолдасым екеумізде жұмыссызбыз.Өкіметтен 4балама берілетін жәрдемақы жəне мүгедек қызыма берілетін жәрдемақы аламыз.Енді сол берілетін жəрдемақылар 2018 жылы тоқтатылып қалады ма?Өтініш жауап берсеңіздер. 87057170108

  6. Сəлеметсіздерме! Бизнес ашу үшін қандай мекемеге бару керек, телефон номерлерін қайдан алуға болады? Көмек беріңіздерші?

  7. Менин 1 балам бар жасым 28де менде жубайымда екеумизде жумыс истемеймиз орлеуге катыса аламыз ба малмен айналысам дегенем

  8. Менин еки балам бар. Куйеуим екеумизде жумыссызбыз. Таксимен кун корип отырмыз. Асхана ашып алгым келеди. Маганда комек бола ма?

  9. Салеметсіздерме!Менің күйеуім қалалық транспортта жалдамалы жүргізішісі,айлығы 34000шамасында
    Мен екі баламен үйде отырам осы жобаға қатысып жеке кішігірім сауда сатықпен айналысуға мүмкіндік ала аламын ба?
    Рахмет жауап берсеңіздер….

  10. Сəлеметсіздерме! Біздің 1 қызымыз бар. Куйеуімде менде жұмыссызбыз. Куйеуім жұмысқа жарамды. Просто ауылдан жұмыс таппай жүр. Бізге мемлекеттен кіретін кіріс 12.000 ғана. Одан басқа ештеңе алмаймыз. Атымызда ештеңе жоқ. Біз осы өрлеу бағдарламасы бойынша жеке кəсіп аша аламызба?

  11. Сəлеметсіздерме! менің 3балам бар күйеуім жұмыссыз,өзім балабақшада медбике болып жұмыс жасаймын.Айлығым 30000тг отбасыма шаққанда жетпейді. Мен Өрлеу бағдарламасына қатыса аламынба , мал шаруашылығымен айналыссақ деген ойымыз бар. Өтініш жауап берсеңіздер. 87479894834

  12. Салеметсиз бе? Менин 1 ул, 1 кызым бар ,Куйеуім стройкада истейди, мен уйде отырамын жұмыссыз, озимнин жеке кәсібімді ашсам деген едім , соған осы өрлеу жобасына қатыса аламын ба? 87786099750

  13. бул жерден сурамай тургылыкты каланыздагы жумыспен камту орталыгына барып сурасаныздаршы! бул тек макала гой

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *