Әскери билетті қалай алуға болады?

131«Әскери қызмет және әскери қызметшінің мәртебесі» туралы Заңның 12-бабына сәйкес, азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтарға даярлау ақылы түрде де қарастырылып отыр. Оған әскери қызметке денсаулығы жарамды, келісім-шартпен қызметін өтеуге мүмкіндігі бар, 22-27 жас аралығындағы азаматтар қабылданады. Сондай-ақ, әскери қызметке шақырудан уақытша босатылған, әскери-оқу резервіне алынған жастарға да мүмкіндік беріледі. Бұл бағдарлама бойынша азаматтарды іріктеу және жолдама беруді әскери басқармалардың жергілікті органдары (Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті, аудандық, қалалық бөлімдері мен басқармалары) іске асырады
Аталған бағдарлама бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде де әскери дайындықтан өтуге болады. Ол үшін әскери дайындық жүргізуге лицензиясы бар арнайы ұйымдардан Қорғаныс істері министрлігінің мобилизациялау органдарына өтініш ретінде жолдама берілуі тиіс.

Арнайы ұйым үміткердің өтінішін бұйрықпен рәсімдеген күннен ол азамат әскери-оқу резервіне алынады. Ал, дайындықтан өтті деп ұйым басшысы қол қойған күні оқу процесі аяқталады. Азаматтардың оқу мерзімі бағдарламаның қай мамандығы бойынша дайындықтан өтуіне байланысты болады. Курстардың соңында әрбір азаматқа мемлекеттік үлгідегі сертификат табысталады. Оны арнайы әскери-оқу резервінің дайындығы бағдарламасы бойынша ҚР Қорғаныс министрлігі бекітеді. Әскери билеттер осы оқу жүйесі аяқталған соң, жергілікті әскери басқармалардың тәртібімен беріледі. Билетті алу үшін жоғарыда айтылған арнайы сертификатыңыз болуы керек. Министрліктің арнайы ұйымдарында оқу дайындық курсынан өту үшін, жұмыс беруші өз жұмыскерін оқу демалысына жіберуге міндетті. Оқу кезінде жұмыскердің жұмыс орны, қызметі сақталуы тиіс.

Н. Мықтыбаев,

Шымкент гарнизонының әскери прокуратурасының аға прокуроры, Әділет майоры

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *