Әр жұлдыз белгісінің асыл тасы бар

fonБойтұмар адамды сұқ көзден, жамандықтан, бақытсыздықтан сақтайды деген түсінік бар. Кейде бойтұмар орнына асыл тастарды кәдеге жаратады. Мұның өзі мінез-құлыққа оңды әсерін беріп, адамды айналшықтайтын жағымсыз әсерді жолатпайтын қасиеті бар екендігі айтылады. Тастар өзіне берілген міндетін дұрыс орындаса, иесіне сенімділік береді. Ой-санасын реттеп, психологиялық жағынан қорғаныш та болады екен.  Бұл тұста, әр адам өзіне қорғаныш тасын дұрыс таңдаса болғаны. Ал, сізге қандай асыл тас бақыт әкелетінін білгіңіз келе ме?

diamondТоқты

Күш-қуаттың, жеңістің тасы алмаз – тоқтылардың бойтұмары десе болады. Алмаз жұлдыз белгідегі жандардың жетістікке, мақсатына жетуі үшін күш береді. Дегенмен, оның  иесіне бірден жақсылық жасай қоюы неғайбыл. Егер адамның рухани тазалығы тас-пен сәйкес келмесе, зиянын тигізеді. Өйткені, бұл тастың энергетикасы өте мықты. Әйел-тоқтылар рухани күйзеліп, өмірге деген қызығушылығы төмендеп, түнгі ұйқысы дұрыс болмаса – лағыл тасы шипасын береді. Қызуқанды, жылдам шешім қабылдайтын тоқтыларға күлгінтас (аметист) сезімін бақылауда ұстауына көмектеседі.

torpa%d2%9b

Торпақ

Бұл жұлдыз белгідегілер табиғатты ұнататындықтан жасыл түсті зүмірет пен хризопраз жанына жақын. Қолға алған ісін соңына жеткізуге қос тастың көмегі тиеді. Әсіресе, зүмірет махаббатта жүрегі таза адамдар ұстағанда, жарқырай түседі. Бұл асыл тас иесін ұнатса, өмірге деген көзқарасын жақсартып, идея туындауда оңды ықпал етеді. Әрі отбасына келетін кірісті көбейтеді. Алтын әшекейге қондырылған хризопраз бақытсыздықтан және тұрмыстық жарақаттан қорғап жүреді.

egizderЕгіздер
Егіздердің тасы – ақық, сутас, александрит және топаз. Шығармашылықпен айналысатындарға ақық тас тек жеңіс сыйлайды. Александриат шаршаған жүйкені тыныштандырады. Сутастың егіздер үшін берер жақсы қасиеттері көп. Мәселен, отбасының жылулығын сақтайды, мансапқа қол жеткізуге және жаңа бастаған істің берекелі болуына пайдасын тигізеді. Егіздер үшін топаз тасы денсаулығын жақсартуда пайдалы.

shayanШаян
Інжу, зүмірет, ай тасы (лунный камень), мысықкөз (кошачий глаз) – шаяндардың бойтұмары. Айталық, інжу — шаяндардың талантын ашып, жаман энергиядан қорғайды. Махаббатта не болмаса кез-келген жанмен тіл табысуда жолы болмай жүргенде, масықтастың тылсым күшіне сенуге болады. Күміс әшекейге қондырылған ай тасы шаяндарды жүйке ауруларын емдейді.

arystanАрыстан
Кәріптас гауһар секілді жарқырамайды, зүмірет секілді әдемі көрінбейді. Дегенмен, адамға жұғымды қасиеттері жетеді. Улануға және күйзеліске қарсы күресуде керемет құрал. Арыстан көбіне жүрек қан-тамыр дертінен зардап шегеді. Сондықтан, кәріптас қышқылын жүрек кеселінде, отадан кейін, қаназықта, тыныс жолдары ауруында ішеді. Жүкті әйелдер бұл тастан әшекей тақса, жеңіл босанады. Сары топаз арыстандардың шаңырығына байлық әкеледі.

bikeshБикеш
Күміс, платинаға қондырылған хризолит, яшма, нефрит тастары бикештерге бақыт әкеледі. Тек, тас алтын әшекейде болмасын. Яшма тасының ерлі-зайыптылардың бірлігін жарастырып, отбасының берекесін келтіреді. Асыл тас бикештерге адал достық сыйлайды және махаббатта айырылысуға жол бермейді. Бүйрек, бауыр, сақина кеселінен сақтайды. Көздің көру қабілетін жақсартады әрі сұқ көздің жауы.

tarazyТаразы
Аквамарин, лазурит, жылтыр тас (опал), турмалин — таразылардың тасы. Аквамарин махаббат тасы болғандықтан жігіттер қыздарға сыйлауына болады. Бұл ерлі-зайыптылардың бір-біріне сенімді болуына кепілдік береді. Достық пен махаббатта тұрақсыз жандардың өзгеруіне лазуриттің ықпалы жоқ емес. Турмалин көңіл-күйдің жабығуына жол бермей, адамға сенім береді. Оның оңды әсерінің нәтижесінде жетістікке қол жеткізеді. Ағзада бұл тас эндокриндіктің жүйенің қызметін реттеп отырады.

Сарышаян
saryshayanОтбасында жас-жұбайлардың бір-біріне сенімі мықты, махаббаты мәңгі, құрметі ерекше болсын десе, аквамаринді тұмар етсін. Күміс әшекейдегі асыл тас тамақ, тіс ауруларын емдейді. Бұл жұлдызбелгідегілерге анартас болса, билікке жетуінде ғажайып күш береді. Анартастан жасалған бұйымды тастамай таққанда, көтеріңкі көңіл сыйлайды. Қара түсті жылтыр тас қызуқанды сарышаяндарға жақсы. Әсіресе, адамдармен қарым-қатынас кезінде өзіне «көзсіз» сенімді болғанда, қыңырлығы кезінде сабасына түсіреді. Жылтыр тастың қасиетін дұрыс пайдасына жаратса, бойындағы энергиясын беруде сараңдық танытпайды.

mergenМерген
«Көгілдір ақық» (бирюза) араб тілінен жеңіс пен жетістік әкелетін бағалы тас деп аударылады. Көгілдір ақық оптимист мергендерді ұнатады. Кәсібі бар мергендер үшін бұл тас таптырмас бойтұмар. Оның көмегімен биікке жетіп, материалдық жағдайды жақсартуға болады. Ол сенімсіздік қасиетін жойып, шешім қабылдауда жәрдем береді. Мәселен, сары түсті топаз дұрыс шешім қабылдауға ықпал етіп, демікпе, подагра, ұйқысыздыққа ем.

taueshki

Тауешкі
Тауешкі белгісінде туылғандарға оникс, лағыл, малахит тасы табиғатына сәйкес келеді. Отбасын құрғысы келетін жандар сүйіктісіне лағылдан әшекей сыйласа, қайтарамын көреді. Ол тағы да микробтан ауаны тазалайтын, қансырауды тоқтататын қасиетке ие. Лағыл қарайып кетсе – иесіне қауіп төніп тұр деген сөз.
Күміс әшекейдегі оникс жүрек дертінде шипалы. Сондай-ақ, бұл сананы жаман ойларды тазалайды. Малахит денсаулықты жақсартатын тас болғандықтан ми, жүрек, ас қорыту жүйелерін дерттен емдейді.

su%d2%9b%d2%b1j%d2%93yshСуқұйғыш
Ескі ырымдар күлгінтасты сыйқырдан, аурудан қорғайды дегенді айтады. Бұл суқұйғыштарға сәттілік алып келетін бойтұмар. Ертеректе онымен бас ауруын емдеген. Күлгінтас қан айналымды жақсартады. «Алмаздың кіші інісі» деп аталатын циркон атты тас бар. Сирек кездесетін асыл дүние суқұйғыштардың ғылымға деген қызығушылықты оятады. Есте сақтауды және зеректікті күшейтеді.

baly%d2%9btarБалықтар
Балықтарды бақытты ететін аквамарин, інжу, күлгінтас. Інжу иесінің ұзақ өмір сүріп, бақытты ғұмыр кешкенін қалайды. Көз тиюден қорғап, болжағыш қасиетін аша түседі. Інжу жүзік ұрыдан және қара ниетті адамдардың пейілінен алшақтатады. Оның түсінің жылтырауы адамның көңіл-күйі мен денсаулығына байланысты. Інжуді ұзақ таққан адам қайтыс болса, түсі қарайып кетеді екен.

 

Дайындаған –  Айгүл КЕРІМБАЙҚЫЗЫ

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *