Әр мекеме мүгедекті жұмысқа алуға міндетті

shutterstock_126466499Жыл сайын елімізде 9 мыңнан аса азаматтың мүгедектігі анықталады. Бұл сан өңірімізде де мәз емес. Мәселен, өткен жылы аймақта 108 мың мүгедек жан болса, биыл олардың саны 112 292 адамға жеткен. Оның ішінде 27 740 адам еңбекке қабілетті. 

Бүгінде мүгедек жандардың жұмыспен қамтылуы – күрделі мәселелердің бірі. Себебі, жарымжан жандарды жұмысқа алғысы келетіндер көп емес. Еске сала кетсек, шаһарда 19 790 мемлекеттік мекеме мен жекеменшік кәсіпорын қызмет етеді. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсетуде түрлі мемлекеттік бағдарламалар іске қосылған.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында жұмыс істеуге ынталы болса, оларға сараптама жұмысы жүргізіледі де жұмыспен қамтылу картасы жасалады. Яғни, әрқайсысының жеке оңалту бағдарламасы болады. Сол жерде кімнің қай жұмысқа қабілеті жететіндігі көрсетіледі. Жұмыспен көбінесе 3 топтағы мүгедектер қамтылады. Мүгедек жандарды жұмыспен қамту бірнеше топтардан тұрады. Соның бірі, Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 Заңында әрбір мекеме кемінде 3% мүгедек жанды жұмысқа алуы қажет делінген. Мәселен, өткен жылы 1213 адам квота бойынша жұмысқа тұруға қол жеткізді. Сонымен қатар, «Мемлекеттік және салааралық бағдарламалар» есебінен яғни, «Нұрлы жол», «Агробизнес» «Өңірлік дамыту» бағдарламасы аясында, «Жастар практикасы» негізінде жұмыспен қамтылғандар бар. Бұл бағдарлама аясында мүгедектер уақытша, тұрақты және ақылы қызметке тұра алады. Айталық, жыл басынан бері 90 адам тұрақты, 359-ы уақытша жұмыспен, маусымдық жұмысқа 9, ақылы жұмыспен 2 адам жұмыспен қамтамасыз етілді. Олар үш сала бойынша білім беру, медициналық қызмет көрсету, құқық қорғау қызметкерлеріне көмекші, көшенің тазалық жұмыстарын атқаруға қатысады.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы еңбек рыногы индекаторларын талдау бөлімінің басшысы Зәуреш Қадырованың айтуынша, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша, 61 адам несие алып, мал бордақылау, сүт өңдеу, тігіншілік және етікшілік секілді кәсіп түрлерін ашыпты.
Мүмкіндігі шектеулі жандар жұмысқа орналасу үшін:
1. Жергілікті жұмыспен қамту орталығына барады.
2. Халыққа қызмет көрсету орталығына барып тіркеледі.
3. ҚР Электрондық үкіметі (egov.kz)жұмысқа орналасу порталына үйде отырып тіркелуге болады.

Қай кезде тегін баспанаға қол жеткізеді?

Мүмкіндігі шектеулі жандар коммуналдық тұрғын үй қорынан жалға берілетін пәтерлерге ие бола алады.
Бұл топқа:
Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
1 және 2 топтағы мүгедектер;
Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар.

2016 жылғы жәрдемақы (22 859 теңге) бойынша:
І топ – 40 690 теңге;
ІІ топ – 31 775 теңге;
ІІІ топ — 22 402 теңге;
16 жасқа дейін 29 946 теңге төленеді.
Бала кезден мүгедектікке шыққандарға:
І топ – 40 690;
ІІ топ – 33 146 теңге;
ІІІ топ – 26 060 теңге төленеді.

Айгүл КЕРІМБАЙҚЫЗЫ

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының телефоны: 21-07-90
Қалалық тұрғын үй және коммуналды шаруашылық бөлімінің тұрғын үй секторының телефоны: 33-95-60

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *