Әке, алимент төлеші!

016-400x300Соңғы кездері әкелік жауапкершілікке немқұрайлы қарайтын «азаматтар» көбейіп кетті.  Осы мәселеге қатысты Ордабасы ауданынан бір оқырманымыз хабарласып, екі баласына алимент өндіре алмай жүргенін айтты. Жауапкершілігінен бас тартатын әкелерге қатысты  іс заңда қалай қаралатынын сұрайды.

Сот актілерін орындамағаны үшін бас бостандығынан айыруды белгілеу арқылы жауапкершілікті күшейту, ҚР ҚК 139 бабы (алимент төлеу бойынша міндеттерін орындамау) бойынша және ҚР ҚК 450-бабының 1 бөлігі (сот үкімін, шешімін және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша 2 жылдан 3 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру енгізілді. Аталған шараларды белсенді қолдану олардың алдын алуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
ҚР «Неке және ерлі-зайыптылық « туралы Кодекстің 75 бабына сәйкес, егер ата-ана өзінің ата-аналық міндеттерін орындаудан жалтарса, оның ішінде алимент төлеуден жалтарса, оны ата-ана құқығынан айырады.
Оған қоса борышкерге шет мемлекеттерге шығуға, оның атындағы жылжымайтын мүлікті сатуға тыйым салынады. Осыған қарамастан, қанша борышкерлер алимент төлеуден жалтарып жүр, есесіне сонша бала әлеуметтік көмекке зәру.
Облыс бойынша 2015 жылы 26 474 борышкер тіркелген. Алимент алатын балалардың саны 33 140-қа жеткен. Борышкерлердің қарызы 204 842 590 теңгені құрайды. Оның 118 336 996 теңгесі өндіріліп алынса, қалған 86 565 теңгені өндіру үшін жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылы 226 борышкерге сот ұйғарымымен іздеу жарияланып, 180 борышкер табылып, қарыздары өндірілді. 3 борышкер қылмыстық жауапқа тартылды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес алимент өндіруге берілетін талаптар мемлекеттік баж төлеуден босатылады. Мәлім етілген талаптың мәні бойынша сотқа арыз түскен күннен бастап үш күн ішінде судья сот бұйрығын шығарады. Сот бұйрық шығарғаннан кейін судья тапсыру туралы хабарлай отырып, оның көшірмесін дереу борышкерге жібереді.
Борышкер сот бұйрығының көшірмесін алғаннан бастап 10 күн мерзімде байланыстың кез келген құралдарын пайдалана отырып, мәлімделген талапқа келіспеген қарсылығын бұйрық шығарған сотқа жіберуге құқылы.
Егер белгіленген мерзімде борышкерден сотқа қарсылық келіп түспесе, судья өндіріп алушыға оны орындауға көрсету үшін соттың мөрімен куәландырылған сот бұйрығын береді немесе өндіріп алушының өтінуі бойынша сот бұйрығы тікелей соттың орындауы үшін жіберілуі мүмкін. Соңғы кездері әкелік жауапкершілікке немқұрайлы қарайтын «азаматтар» көбейіп кетті. Оған түрткі болатын жайттар сан алуан болғанымен, себебі біреу ғана, ол – рухани әлсіздік, яғни, балаға деген әкесінің сүйіспеншілік, тіпті, аяушылық сезімінің болмауы. Қазіргі қоғамда бұл кеселге айналып барады.

51

Ай сайын балаға төленетін алимент мөлшері борышкердің табысына қарай белгіленеді. Бала кәмелеттік жасқа толғанша, ал мүгедек болса, әрі қарай да төлене береді.
— бір балаға — борышкер табысының 1/4 бөлігі,
— екі балаға – борышкер табысының 1/3 бөлігі,
— үштен көп балаға – борышкер табысының 1/2 бөлігі.

Қарлығаш Ноғаева

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *