Әйелдерге субсидия беріледі

Бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жұмысынан айырылған әйелдерге мемлекет есебінен субсидия беріледі. Иә, иә, қателескен жоқсыз. Бұл ақпаратты алғаш есітігемізде біз де таңырқап қалдық. Субсиядия дегенде көз-келген жанның ойына ауылшаруашылық саласы оралатыны бар. Сондықтан да, мұның қандай субсидия екенін білуге асығып, мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы ОҚО бойынша филиалының бастығы Сағира Айтанаеваға жолықтық.

мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы ОҚО бойынша  филиалының бастығы Сағира Айтанаева

Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы ОҚО бойынша филиалының бастығы Сағира Айтанаева

– Сағира Ермекбайқызы, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған әйелдерге мемлекет есебінен субсидия беріледі деген ақпар қаншалықты рас?

– Бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жұмысынан айырылған әйелдердің зейнетақы қорындағы міндетті жарналары субсидияланады. Субсидиялау – Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңға сәйкес, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жүзеге асырылады.

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңнамаға сәйкес І және ІІ топтардағы мүгедектер мен мүгедектігі мерзімсіз белгіленген жандар үшін міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау әлеуметтік төлем сомасынан міндетті зейнетақы жарналарын ұстауға оның келісімі болған кезде ғана жүзеге асырылады. Алайда, бұл әйелдің қолына ақша беріледі немесе есепшотына ақша аударылады деген сөз емес.

– Міндетті зейнетақы жарналарының ай сайынғы бюджеттік субсидиясының мөлшері қалай анықталады?

– Міндетті зейнетақы жарналарының ай сайынғы бюджеттік субсидиясының мөлшері, БЖЗҚ аударылған орташа айлық табыс мөлшері мен бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнен ұсталатын міндетті зейнетақы жарналарының сомасы арасындағы айырмасымен айқындалады.

Мәселен, әйелдің 24 айға шаққанда орташа айлық табысы 100 000 теңгені құрайды делік. Яғни, ай сайын оның айлығынан БЖЗҚ-на 10%-ы жарна аударылады. Бiр жасқа дейiн бала күтiмiне байланысы табысынан айырылғандықтан оның зейнетақы қорына ешқандай аударымдар жүргізілмейді. Алайда, ол бір жасқа дейінгі бала күтімі үшін мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ай сайын әлеуметтік төлем алып тұрады. Біздің жағдайда оның сомасы 40000 теңге болмақ. Тағайындалған соманың 10%-ы, яғни 4000 теңгесі БЖЗҚ-дағы шотқа түседі. Егер де ол бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылмаған жағдайда, оның бастапқыдағы табысынан 10 000 теңге көлемінде зейнетақы жарналары ұсталуы тиіс болатын. Алайда, оның арасында 6000 теңге көлемінде айырма шығып тұр. Соған сәйкес, айырмасын мемлекет өз тарапынан Республикалық бюджет қаражаты есебінен субсидия түрінде төлеп береді.

– Міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау барысы қай мерзімге дейін жүзеге асырылады?

– Міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау баланың туу туралы куәлігінде көрсетілген баланың туған күнінен бастап, ал баланы асырап алған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бір жасқа дейінгі балаға қамқоршылық тағайындалған жағдайларда баланы асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап немесе қорғаншы тағайындалған күнінен бастап, бала бір жасқа толған күнді қоса алған күнге дейін жүргізіледі.

– Қандай жағдайларда субсидиялау тоқтатылады?

Егер:

Әлеуметтік төлемді алушының зейнетақы қорына жұмыс беруші тарапынан 10 пайыз міндетті зейнетақы жарналарын аудару фактісі анықталса;

Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге тұрақты тұруға кету фактісі анықталса;

Қайтыс болса;

Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімі өтсе;

Босатылған және шеттетілген қамқоршылар туралы мәліметтер келіп түскенде уәкілетті органның шешімінің негізінде субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарын аудару тоқтатылады.

Айтпақшы, қордан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді алушыға жұмыс берушінің есебінен 10 пайыз міндетті зейнетақы жарналарын аудару фактісі анықталғанда субсидиялану тоқтатылатынын айттық. Алайда міндетті зейнетақы жарналары біржолғы болып, алушы расымен бала күтіміне сәйкес табыссыз отырған болса, орталық бөлімшеге жұмыс орнынан бекітілген нысандағы (қосымша №8) анықтаманы тапсыруы қажет. Жұмыс істемейтіндігі жөніндегі анықтаманы тапсырған соң, субсидиялау қайта жаңғыртылады.

– Уақыт бөліп, түсіндіріп бергеніңізге рахмет.

Айжан ЕРМЕКҚЫЗЫ

Редакция

3 комментария

  1. Сәлеметсіз бе сонда маған выплатой орталық есептеп берген 20мыннан бөлек 40мын толенедиме

  2. Сәлеметсізбе? бала 1 жасқа толғанға дейін алатын ақшасынан бөлек косымша 40 000 тенге тусип тұрадыма (мысалга сиздердин есеппен алғанда). жане тускен ақшасынан 10% ұсталынадыма?

  3. Сəлеметсіздерме? бала 1 жасқа толғанға дейін алатын ақшасынан бөлек қосымша 40 000 тенге түсіп тұрама?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *