Ұлттық киімнің жаңа үлгісін жасады

 

Біздің мемлекетіміздің маңызды міндеттерінің бірі – шығармашыл жас дарындарды қолдап, әрі қарай дамуына жағдай жасау болып табылады. Осы мақсатта Шымкент қалалық балалар көркемсурет мектебі ЮНЕСКО Клубы жасөспірімдерді білгір де, білікті етіп өсірумен қатар, оларды отаншылдық, ұлтжандылық рухта тәрбиелеу барысында көптеген еңбектер атқарып келеді. Бала тәрбиесіне оң ықпалын тигізетін іс-шаралардың бір «Ана – ұлт тәрбиешісі» атты аналарға арналған кеш жылда өткізіліп отырады. Бұл кеште «Аналар аманаты – әдемі өнер» тақырыбында аналарымыздың қолынан шыққан қолөнер бұйымдарынан көрме ұсынылды. Мерекелік іс- шара балаларға түрлі ой салып, аналарымызға ұмытылмас әсер сыйлады. Сонымен қатар, ата-аналарға арналған «Мектеп – Ата-ана — Оқушы» тақырыбындағы жаңа форматтағы ата-аналар жиналысының апталығы. Осы апталықтың барысында өзекті мәселелер жөнінде ата-аналардан сауалнама алынып, қазіргі жас өспірімдер арасында болып жатқан келеңсіз жайттар туралы пікірлер талқыланды.

Біз үнемі тәрбие оң болуы үшін ұлттық өнерден ізденістер жасап, алға ұмтылып отырамыз. Балалардың өнерін шыңдап, шығармашылық дарындарын анықтау мақсатында үнемі халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық және мектепішілік байқаулар ұйымдастырылуда. Тәрбиелік терең мәні бар асыл мұраларды сақтап қалу тұрғысында «Ата-баба мұрасын сақтаймыз» атты республикалық қолөнер жұмыстарының көрме байқауы ұлттық өнерімізді дәріптеуге үлкен септігін тигізіп отыр.

Ежелден ақ ата-бабаларымыз күнделікті тұрмыс құралдарына, киім үлгісіне баса назар аударған. Осы тұрғыдан мектебіміздің өнерлі ұстаздары мен дарынды оқушылары үнемі ізденісте болуының арқасында ұлттық өнерімізді заман талабына сай өзгертіп, көзтартарлық дүниелер жасауда. Ұлы даланың мәдени мұрасының бірден-бір мұрагері қазақ халқының қасиетті әжелерінен қалған киелі дүниені дамыту мақсатында, ғасырлар бойы сәнін де, мәнін де жетілдіре түскен кимешектің бүгінгі тәуелсіз еліміздегі ерікті үлгілерін ойластырып жарыққа шығарды.

Кимешек – қазақ әйелдерінің әдемілігін арттырып, ажарын ашатын киелі бас киімі. Жаңа үлгідегі кимешекке сай келетін құрақпен үйлестіріп қыз-келіншектерге арналған жейделер де тігілді. Қазіргі жастарымыз батыстық мәдениет үлгілеріне талғамсыз еліктеуде.
Бүгінгіде хиджап киіп, өрмекшінің суреті салынған жейделерді сән үлгісіне айналдырып отырған тұста, барлық түркі тектес халықтарының ұлттық киімдерін заман талабына сай жаңа үлгіде құрақпен үйлестіре отырып арнайы тігіп, үлкен тарихи мәнге ие қазақтың ою-өрнекті символ ретінде тануға болмай ма, деген оймен осындай қазақша нақыштағы топтама шығарылды. Сол топтаманы көпшілікпен бөлісуді жөн санадық. Жұмыла бірлесіп жасаған жұмыс жемісті болады.
Киім үлгілерінде қолданылған құрақ түрлері тек әдемілік үшін ғана жасалған емес, жақсы ойға жетелейтін құрақтан тігілген заттар да оның иесін тіл-көзден сақтап, үйіне бақыт алып келетіндігіне сенген. Ал ең бастысы, құрақ бұйымдар отбасының татулығын сақтап, ру мен ру, тайпа мен тайпа арасындағы адамдардың бірлігін нығайтатындығының белгісі ретінде саналған. Құрақтың құралып көбеюі біздің түп тамырымыз. Осы киім үлгілерін ақ жаулықты аналарымыз бен қыз-келіншектер, ұлттық мерекелерде ғана пайдаланбай, күнделікті тұрмыста қолданса. Өзіміздің ұлттық киімнің тәрбиелік мәнін бағалап жатқандар аз. Өйткені оған мән беріп жатқан да жоқпыз. Егер ұлттық киімнің қадірін біліп, сырын ұғып, ұлтын құрмет тұтса, кешегі бабаларымызбен ғана емес, бүгінгі бағамызбен, ертеңгі болашағымызбен де мақтана алатын ұлт екенімізді дәлелдер едік ау…

Гульнара Кулиева,

Балалар көркемсурет мектебі ЮНЕСКО Клубы, 
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *