ҰБТ мен ЕМТИХАН: не өзгеріс?

2-t%d3%99zhievaБолашаққа қадам басқан жас түлектер үшін көптен күткен жаңалық. ҚР Білім және Ғылым министрлігі ҰБТ-ның жаңа форматын бекітті. 2017 жылдан бастап түлектер мектеп бітіргені туралы аттестат пен «Алтын белгі» алу үшін өз мектептерінде емтихан тапсырып, ЖОО-ға түсу үшін ҰБТ тапсырады.

Мұндай өзгерістерге бұған дейін түлектердің білімдерін сай бағалай алмайтынымыз, көптеген ата-ана мен мұғалімдердің ҰБТ жадты жаттықтырғанымен, оқушылардың сапалы білімін анықтай алмайды деген ойлары түрткі болған. Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Ж. Тәжиеваның сөзінше, мұны айтарлықтай жаңалық деп айтуға болмайды, себебі аттестаттау емтихандарын да, тестілеуді де балалар бұрыннан тапсырып жүрген, бұл мұғалімдер үшін де таңсық емес. Оның сөзінше, бұл өзгерістер баланы компьютерге бағыныштықтан құтқарып, шығармашылық талабын ашуға көмектеседі.

Сонымен, 11 сынып оқушысын қорытынды аттестаттау 5 пәннен, оның ішінде 4 міндетті (ана тілі, екінші тіл, алгебра және анализ бастамалары, Қазақстан тарихы) және оқыту бейіні (Қоғамдық-гуманитарлық бағыт және жаратылыстану-математика бағыты) ескеріле отырып таңдау бойынша бір пәннен болады. Барлық емтихандар білім алушының өзі оқитын мектебінде өтеді.

1. Ана тілі және әдебиеті (эссе жазу);

Ұсынылған үш тақырыптан оқушы бір тақырыпты таңдайды. 250-300 сөзден тұратын эссе жаз-уы қажет. Эссеге 3 сағат беріледі.
2. Қазақ тілінде білім беретін мектептерде — орыс тілінен, ал орыс, өзбек, тәжік, ұйғыр мектептерінде — қазақ тілінен (тест түрінде);

Берілген уақыт 80 минут, барлығы 40 сұраққа 40 балл

3. Қазақстан тарихы (ауызша емтихан, билет бойынша);

Әр билетте 3 сұрақтан болады. Екі сұрақ Қазақстан тарихының барлық курсының негізгі бөлімдерінен теориялық сұрақтар, 3-ші сұрақ шығармашылық тұрғыдағы тапсырма (карта, кескіндер, портреттер, хронологиялық кестелер пайдалану арқылы тапсырмалар т.б

4. Алгебра және анализ бастамалары (жазбаша);

Бұл емтихан 5 тапсырмадан тұрады және жазбаша емтиханға 5 сағат уақыт беріледі.

5. Таңдалған пән бойынша (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, информатика, шет тілі (ағылшын, француз, неміс) — тест түрінде;

Мұнда барлығы 40 тест тапсырмасы болады (80 минут, 40 сұраққа – 60 балл беріледі), оның 20 сұрағы бір дұрыс жауабын табу арқылы (20 балл беріледі), 20 сұрағы бірнеше дұрыс жауабын табу арқылы (40 балл беріледі).

Қорытынды аттестаттаудың нақты мерзімі Министрліктің «2016-2017 оқу жылын аяқтау туралы» бұйрығымен айқындалады (2017 жылғы 30 сәуірге дейін). Емтихандар шамамен 2017 жылғы 29 мамыр мен 9 маусым аралығында өтеді.

Ал, ҰБТ-ның жаңа форматы 2 блоктан тұрады: 3 міндетті пән бойынша 20 тапсырма және 2 бейінді пәннен 30 тапсырма.
Міндетті пәндер: Математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы, Қазақстан тарихы.

Бейінді пәндер талапкердің жоғары оқу орнына тапсыратын мамандығына байланысты қарастырылған. Бейінді пәндер бойынша ұсынылған тапсырмалар 2 түрлі. Әр пәннің 20 сұрағында бес жауаптың ішінде 1 ғана жауабы дұрыс болса, қалған 10 сұрағының бірнеше жауап нұсқасы бар, оның бірнешеуі дұрыс жауап болады. Қазақстандық ЖОО-ның барлық 175 мамандығы 10 комбинацияға бейінді пәндер (таңдау пәні) шегінде бөлінді. Бейінді пәндерді бітіруші түсетін мамандығын анықтауы үшін өзі таңдауы тиіс (Мысалы, математика + физиканы тапсыру кезінде, талапкердің 52 мамандықтың ішінен таңдау мүмкіндігі бар).Математика+физика таңдаған түлек 52 мамндықтың ішінен,математика+география=18,тарих+география=7, Биология+химия=22, Биология+география=12, Шет тілі+тарих=11, Оқыту тілі және әдебиет+тарих=7, география+шет тілі=4, химия+физика=5, тарих+Адам.Қоғам.Құқық=4, шығармашылық емтихан=33 мамандықтың ішінен таңдай алады.

ҰБТ-да жалпы саны 120 сұрақ қойылады. Оны шешуге 3 сағат 30 минут уақыт беріледі. Ең төменгі шек –50 балл; Ең жоғары көрсеткіш –140 балл.

Дереккөзге сүйенсек, ҰБТ-ға қатысу туралы өтініш 2017 жылдың 10 наурызынан 10 мамырға дейін қабылданады. ҰБТ өткізілу мерзімі –20 маусымнан 1 шілдеге дейінгі аралық. Сондай-ақ, ҰБТ-дан өте алмай қалғандар үшін ақылы тапсыру мүмкіндігі ұсынылған. Ол 2017 жылдың тамыз айы мен 2018 жылдың қаңтарында өткізіледі.

«Алтын белгі» иегерлері, республикалық және халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары ҰБТ-дан босатылмайды. Бірақ балл саны бірдей болған жағдайда білім беру гранттарын алу басымдығы оларға беріледі (Мысалы, егер бітіруші және «Алтын Белгі» иегері де 122 балл алса, грант «Алтын Белгі» иегеріне беріледі. Егер бітіруші көбірек балл жинаған жағдайда, «Алтын Белгі» иегеріне басымдық берілмейді.

Әлия ӘДІЛБЕК

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *