Үздік ондыққа енген Агроколледж

6-6

Кенжехан Төлебаев, Шымкент агро колледжінің директоры

ҚР білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева іс сапармен Шымкентке келді. Шымкент аграрлы колледжінің өндірістік базасымен танысты. Осындағы 5,5 гектарға салынған орталықтың тәжірибесіне қанықты.
Оқу базасының аймағындағы жүзiм, алма плантацияларын аралап көрді. Қызанақ, болгар бұрышы, бидай, арпа, жүгерi егiлген базада студенттер ала жаздай еңбек етiп, тәжiрибе жинайды. Егiстiк тамшылатып суғарылады. Егiндi күтiп-баптауды агрономия және орман шаруашылығы бөлiмiнiң студенттерi мен оқытушылары жүргiзiп, теориялық бiлiмдерiн тәжiрибемен ұштастырады. База басшылары тәлімбақтан табыс табатын күн де алыс емес, — дейді.
Мұнда мал дәрiгерi мамандығына оқып жатқан студенттерді тәжірибемен қамту жұмысы да жолға қойылған. Мал қоралары салынып, онда төрт түлiк мал мен қояндар және зертханалық жануарлар орналасқан. Осындай ерекшеліктері ескерліп, колледж еліміздегі үздік 10 базалық колледж қатарына енген. Айта кетейік, бүгінде елімізде аграрлы салада маман даярлайытын оқу орындарында 50 мың студент білім алып жатыр. Оның 82 %-ы мемлекеттік тапсырыс бойынша оқиды.
6-2Эльвира
Суханбердиева, Білім және ғылым
вице-министрі:
— Шымкент агроколледжінің материалдық базасы республика бойынша үздік деп танылып отыр. Сондықтан елемізідің түкпір-түкіпірінен оқу орны басшылары келіп өндірісітік базамен жақынырақ танысуға мүмкіндік алып отыр.

 

 

6-3

Нұрболат Айдаров, болашақ мал дәрігері:

Нұрболат Айдаров, болашақ мал дәрігері:

Екінші курста оқимын. Теориялық сабақтан гөрі, тәжірибелік дәрістерге қатысқанды жақсы көремін. Өйткені базада тың технологияларды жетік меңгеру үшін бар жағдай жасалған. Хирургиялық жолмен емдеу тәсілдерін меңгеріп жатырмыз. Тоқ ішегі жоқ 1.5 айлық қозыға ота жасадық.

Мақпал РЫСБАЕВА

АЙТПАҚШЫ

ОҚО-да аграрлық салада білікті мамандарды даярлау жүйесін жаңғыртуды қолға алмақ. Соңғы төрт жылда аймақта сұранысы төмен 54 мамандыққа мемлекеттік тапсырыс беру тоқтатылған. Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес, соңғы екі жылда 20 мамандық ашылған.  Атап айтқанда, Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын іске асырып отырған кәсіпорындарға қажетті мамандар даярлау мақсатында Шымкент қаласы бойынша 10 мамандық ашылса, облыстың және аудан, қаланың даму бағдарламасына сәйкес Шардара ауданы бойынша 3 мамандық құрылды. Сонымен қатар, Мақтарал ауданы бойынша егістіктер мен мақта алқаптарына дренаждарды іске қосуға байланысты 1 мамандық жаңадан ашылып, Түркістан және Кентау қалаларын газдандыру мен канализациялық жүйелерді іске қосу бойынша  2 мамандық ашылыпты. Облыс басшылығы берген мәлімет осындай. Айта кету керек, бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысындағы 90 колледжде (42-і мемлекеттік, 48-і жекеменшік) 97 мамандық бойынша білім берілуде. Аталған оқу орындарында 71 мыңға жуық студент оқыса, оның 27 мыңнан астамы мемлекеттік тапсырыспен білім алады.

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *