Үш ауысымды мектеп мәселесі шешіледі

Бүгінде облыста 2,5 млн-нан астам халық тұрады. Оның төрттен бірі мектеп жасындағы балалар. Олар 1022 мектепте білім алуда.

Үш ауысымды мектеп мәселесі шешіледі   Бірақ бұл мектеп саны жеткілікті деген сөз емес. Себебі білім беру мекемелері тапшы. Оған дәлел, облыстағы 24 мектеп әлі күнге дейін үш ауысымда білім беруге мәжбүр. Дегенмен қуантарлығы, облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасындағылардың берген мәліметіне сенсек, бұл мәселе 2016-2017 жылдары түбегейлі шешіледі екен. Яғни, өңірде үш ауысымда білім беретін мектептер мүлдем болмайды. Ал алда келе жатқан 2015-2016 жаңа оқу жылында мұндай мектептердің саны үшеуге қысқарады. Олардың алғашқысы Шымкент қаласына қарасты Бозарық елдімекеніндегі №57 мектеп. 470 орынға шақталған ғимаратта 1593 оқушы білім алып келеді. Енді жаңа оқу жылында мұндағы оқушылар үшін 1200 орындық жаңа ғимарат есігін айқара ашады. Шымкенттегі Қаражол елдімекеніндегі мектепте де дәл осы жағдай. «Қалалықтар» деген статусқа ие болғанымен, қаражолдық оқушылар білім аларда біраз қиналып жүр. Өйткені бұл білім ошағы 350 орындық. Бірақ, мұнда 701 оқушы білім алып келген.

Қыркүйекте сарығашақтық оқушылар да қуанышқа кенелгелі тұр. Дәл осы күні №135 мектепте білім алып келген сарыағаштықтық балақайлар оқу жылын жаңа ғимараттан бастайды.

Айта кетейік, 2014-2015 оқу жылы біткенге дейін аталған мектепте 722 оқушы білім алып келген. Ал бұл білім нысаны небәрі 300-ақ орынға лайықталып салынған.

Айтпақшы, облыстағы апатты деп танылған 48 мектептің 33-інде құрылыс жұмыстары жүргізіліп, төртеуі ел игілігіне берілген. Ал, 29 нысан биыл аяқталса, 15 мектептің мәселесі 2016 жылы шешілетін болды.

Жансая Тәуекелқызы

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *