Қызанаққа да күйе түсті

bolnye-listja-pomidorЖылыжай салу бойынша республикада көш бастаған Сарыағаш ауданында фитосанитарлық сала мамандары қызанақ күйесімен күрес жүргізуге алаңдаулы. Мұндағы жылыжайлардың бірінен қызанақ күйесі анықталғалы мамандардан маза қашқан. Бұл зиянкес ең алғаш Оңтүстік Америкада пайда болып, 2006 жылдары Еуропаға жеткен. Содан бүкіл Украина, Ресей жерін басып өтіп, енді міне, Қазақстанның оңтүстік аудандарына ауыз салып отырған аса қауіпті зиянкес. Қызанақ күйесінің қауіптілігіне биолог мамандар шегірткемен тең деп баға береді. Ол жалпы бау-бақша өсімдіктерінің түйіндеп шығып, толық пісіп-жетілгенге дейінгі кез-келген аралықта 100 пайызға жуығына залалын тигізе алады. Қызанақ күйесі тек томаттарға ғана емес, баклажан, болгар бұрышы, картоп, тіпті дала гүлдері мен бөлме өсімдіктеріне де қауіп тудырады.
Облысымыздағы жылы-жайлардың көлемi 900 гектардан асып отыр. Міне, осыншама еңбектің жемісін көреміз десек мамандардың дабыл қағып, көтеріп отырған проблемаларының маңыздылығына жіті мән беру керек. Қол қусырып отыра берсек, аталған зиянкес «Жылыжайлар астанасы» аталған аймақтың экономикалық ахуалына да орасан зор шығын әкелері сөзсіз.

Анықтау тәсілдері:  

Қызанақ күйесінің белгісін өсімдік жапырақтарындағы миналарға (дақтарға), жемістегі тесіктерден қарап білуге болады, алайда зерттеу жұмыстары барысында мұқият болған дұрыс. Өйткені басқада жылыжай зиянкестерінің заладандауы қызанақ күйесіне ұқсас болып келеді. Қызанақ күйесі жапырақ мезафилласымен қоректенеді, минасы (дақтар) екі жақта болып, орталық камерасы жан жаққа саусақ сияқты іздер аппақ жібек сияқты болып көрінеді. Экскрименттері (нәжістері) жапырақтың төмен жағына жиналады.  Кейде жұлдызқұрттар эпидерместі (сыртқы қабықша) кеміріп, миналарын тастап басқада жапырақтарды және жемістерді зақымдайды.

Карантиндік іс-шаралар және күресу жолдары:

— Ауыспалы егістікті сақтау және әсемдік алқа тұқымдас өсіру технологиясын сақтау;
— Қызанақ күйесін анықтау үшін феромонды ұстағыштарды қолдану;
— Арамшөптерден уақытылы тазартып тұру керек;
— Жылыжайларға зиянкестің көбелегі ұшып кірмеу үшін, терезелеріне арнайы торлар мен дәке (марля) тұту қажет;
— Жылыжайларда қызанақ күйесіне қарсы ҚР рұқсат етілген тізімдегі пестицидтермен өңдеу;
— Көршілес және басқада шет елдерден келетін көкөніс өнімдерін, көшеттіктерді, тұқымдық материалдарды  және бірге келетін қорап-жәшіктерді мұқият тексеру;
— Анықталған жағдайда фитосанитарлық іс-шараларды атқару (залалсыздандыру, жою).

Шегірткемен күрес

Соңғы жылдары дихандар қауымы шегірткенің шабуылына жиі ұшырайтын болды. Шегіртке қаупі қандай деңгейде екендігі әрбір шаруа, диханды алаңдататыны жасырын емес. Өйткені, биылғы қыс ерекше жылы. Фитосанитария мамандары шегірткенің оңтүстіктегі миграциялық картасын, ұрық тастаған жерлерін анықтап, тұрақты мониторинг жүргізіп отыр. Көктемге қарай шегірткелермен күресте белгіленген кешенді шаралар негізінде оларды улы химикаттармен өңдеу жұмыстары қолға алынбақ. Заң бойынша шегірткенің көзін жоятын у-ды сатып алу, сақтау, жеткізу, улау, бәрі бюджет ақшасына жүзеге асырылады, ол үшін шаруалардан бір тиын да алынбайды.
Пестицидтер меншік түріне қарамастан, барлық шаруашылықтарға тегін беріледі. Облыс бойынша ауылшаруашылық дақылдарының арамшөптерге қарсы гербицидтерге 204 млн теңге, ал, мақта зиянкестеріне арналған биоагентке 150 млн теңге бөлінбек.
Айта кетерлігі, біздің елде шегірткенің Марокколық түрі кең тараған. Ол соңғы жылдары – Сарыағаш, Шардара, Арыс, Төлеби, Қазығұрт аудандарын «жаулап алған» болатын. Енді оларға Бәйдібек пен Ордабасы аудандары да қосылып отыр.

Айтқали САДЫҚОВ

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *