Қышыма — паразиттік терi ауруы

Қышыма — бұл  жұқпалы – паразиттік терi ауруы, оның қоздырғышы -қотыр кенесi.
Қотыр кенесi адамның терiсiне енгеннен кейiн жылдам көбейе бастайды, ол адам терiсiнде жұмыртқа салады, олардан 7 –10 күн өткен соң, ересек қотыр кенелер пайда болады. Санитарлық-гигиеналық тәртiптi сақтамаған жағдайда — ауруды қоғамдық моншалардан, душ қабылдайтын орындардан, жатақханалардан, қонақ үйлерден, жүргiншi поездарынан жұқтырып алуға болады.

     Аурудың өзiне тән белгiлерi — қолдың саусақтарының арасында, кеуде мен iштiң, санның, аяқтың терiсiнде  бөртпелердiң   пайда болуы.Анықтап қарайтын болсақ,терідегі бөртпелер жұптасып орналасады.Ол қышыма тудырушы аналық және аталық кенелердің бірге өмір сүріп, тіршілігін жалғастыруының бір белгісі болып табылады.

     Қышыманың  ерекшелiгi—  ауырған адамның денесi әсiресе түнде қатты қышиды. Қышыма кенесі тіршілігін түнде ,яғни ,егесі тыныштық ұйқыға кете бастаған кезде бастайды.Аталық кене мен аналық кене кездесу мақсатында тері астында жол салады.Кененің қозғалысы кезінде қышу пайда болып, науқас терісін қасиды. Сол сәтте терінің бетінде сызықшалар пайда болады.Бұл сызықшалар «қышыма кенесінің жолдары» деп аталады. Терiнi үнемi қасығанда оған микроорганизмдер  түседі, қышымаға   терiнiң iрiңдi  жұқпасы қосылып, ауру әрi қарай асқынып кетедi. Қышымаға қарсы арнаулы емдi  терi ауруының дәрiгерi  ғана жүргiзедi. Ауырған адам өзiн-өзi емдеуге  болмайды.Дер кезінде дәрігерге қаралмай,өз бетінше ем жүргізген адамдар айналасындағылардың да ауруына және асқынулармен ұзақ емделуге себепкер болады.
Тексеру  нәтижелерiне қарағанда     қышымамен  әлеуметтiк  жайсыз және тұрмысы нашар отбасындағы адамдар  жиi ауырады.

     Қышыманы жұқтырмау үшiн  мынадай қарапайым жалпы гигиеналық ережелердi орындау қажет:

  әрбiр 5-6 күн аралығында  моншаға түсiп, жуынып отыру керек.

 — iш киiмдердi   және  төсек жаймаларын  жиi-жиi ауыстырып, жуып, үтiктеп отырған дұрыс.

 — әр адамның жеке төсек орны, сүлгiсi   және  жөкесi болғаны жөн.

 — үйге келген соң мiндеттi түрде қолды сабындап жуу керек.

 — жаңадан сатып алған  киiм-кешектi, iш киiмдi және  төсек жаймаларын мiндеттi түрде жуып –үтiктеп пайдаланған дұрыс.

 — қышыма ауруына күдiктенгенде дереу терi ауруларын емдейтiн дәрiгерге көрiну қажет.

  1. Дәрiгерге ерте қаралу — айналасындағы адамдарға қышыманың  таралмауын және   одан тез сауығуын қамтамасыз етедi. 

 Г.С.Шамансурова,

Шымкент қаласы Абай ауданы ҚДСБ жетекші маманы

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *