Қылмыстың көзірі — агрессия

13 агрессия

Ең алдымен агрессияның не екенін анықтап алсақ. Латын тілінен аударғанда «тиісу, ұстама» деген мағынаны береді. Отандық және шетелдік ғалымдар агрессия мәселесін жан-жақты зерттеп, бірақ ортақ бір көзқарасқа келе алмай отыр.

«Агрессия» термині күш салу, күш жұмсаумен байланыс-ты әрекеттерді белгілеу үшін қолданылады.Агрессия түсінігіне әр түрлі әрекеттер, орынсыз әзіл-қалжың, көре алмаушылық, шыдамсыздықтан бастап, зорлық-зомбылық, кісі өлтіруге дейінгі жағдайлар біріктіріледі.
— Агрессияға ұшыраған адам өз ортасынан өзінен-өзі шеттетіліп қалады. Оның көзіне бәрі жағымсыз болын көрінеді. Шын мәнінде іштей көмекке зәру. Ол, тіпті, қасынан өткен кез-келген адамнан көмек күтеді. Сол сәтте оның қасынан біреу табыла қалса, нұр үстіне нұр болар еді. Бір ауыз жылы сөз оның өмірін оң арнаға бұруы мүмкін,-дейді нсихолог маман Байырбаева Әсия.

13Әсия

Әсия Байырбаева

Байырбаева, психолог
— Агрессияның ашық және жабық түрі бар. Ашық агрессияда бала айқайлан қарсылық тудырады. Жабық кезде түсі қара суреттер, тырнақтар немесе үшбұрыштар көп салады. Отбасындағы қарым-қатынасты байқау үшін «менің жанұям» атты суретті тесті пайдаланамыз. Кейбірі ата-анасын бөлек, өзін бөлек салады. Кейбірі өмірде жоқ суреттер салады. Бұдан баланың ішкі жан-дүниесін оқуға болады.

Агрессиядан арылу

Ең бірінші өзіңізді тексеріңіз. Қай жерден қателескеніңізді табуға тырысыңыз. Бұл – агрессиядан шығудың жолы. Тіпті, болдырмау үшін немесе азайту үшін моральдық құндылықтарды барынша санаға құю керек. Балалар тарапынан туындаған мәселені байыппен әңгімелесе отырып шешу абзал. Олардың қателіктерін бетіне басып, көптің алдында тергеп, ұятқа қалдыруға, мазақтауға болмайды. Кез-келген жағдайда дөрекілік тапытпаған жөн. Балаңызды әрдайым өзіңізге дос тұтыңыз. Жетістіктері туралы көбірек айтып, қолдау көрсетіп отырыңыз.
Бұл — агрессияның алдын алуға байланысты маман пікірі. Агрессия кенеттен пайда болмайды. Демек, алдын алуға болады. Қазіргі таңда мамандар да түрлі дағдарысқа қарсы орталықтар да жеткілікті. Жан азығы болатындай кітап қоры да бар.Көкек әкелердің арбауына түскен аналар мен тастанды балалар үшін «Аналар үйі» жұмыс істейді. Баласын асырауға мүмкіндігі болмай жүрген жалғыз басты аналарға қамқорлық көрсетіп, тығырықтан шығудың жолын сілтейді. Осы бағытта «Сана-сезім» орталығы бар.
«Сана-сезім» әйелдер бастамалары орталығы басшысының орынбасары Шахноза Хасанованың айтуынша, бізге көмек сұрап келген әйелдерге үш бағытта көмектесеміз.психологиялық, әлеуметтік, құқықтық жағынан. Ең көбі психологиялық көмек сұрайтындар. Әйелдердің отбасын сақтап қалғанын қалаймыз. Бірақ, бұл мәселені әйелдер өздері шешеді. Жәбірді көп көретін әйелдердің жағдайы балаларының психикасына кері әсерін тигізетініне көзі жеткен жағдайда, ол ажырасуға шешім қабылдайды. Оларға құқықтық көмек көрсетіледі. Бүгінгі таңда күніне екі-үш әйел көмек сұрап жатады. Және ешқайсысының сұрағы жауапсыз қалмайды. Білместікпен аяғын шалыс бас-қан жастарымыздың болашақта адаспаулары үшін психолог мамандар мен дәрігерлер көмектеседі. Аяғын шалыс басқандарға құшақ жайып олардың қателіктеріне көз жұмып отыр деген түсінік қалыптаспау керек. Бұл жапа шеккендерді агрессиядан шығарудың жолы. Сол сәтте демеп жіберіп, тура жолға салып жіберудің амалы.
Сондай-ақ, 2009 жылдан бастап, ҚР «Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы» заңнамасы қабылданды. Бұл заңнаманың 8-9 баптарында әйелдер мен жасөспірім балаларға қатысты мәселелер қарастырылады.

Отбасындағы зорлық-зомбылық

Өкінішке қарай, кейде болған жайды «ел-жұртқа жариялап, масқара болмайын» деп, қазақи ұяңдығымызға салып, мәселені жылы жауып қоя салатынымыз бар. Ол дурыс емес.Қылмыскердің басқа қылмысқа баруына жол ашып берудің қажеті жоқ.. Мұндай жағдайда жәбірленушінің аты-жөні жария етілмейді. Осыны назарда ұстай отырып, жәбірленуші көрген зорлық-зомбылығын болған сәтте хабарлағаны жөн. Тіпті, кейбірі медициналық көмектен де бас тартып жатады. Өйткені, олар дәрігердің көмегінен емес, сауалдарынан қашады. Расында, көп жағдайда дәрігерге жүгінсең, ем-шараны бастаудан бұрын сұрақтарын жаудырады. Оның үстіне күйеулерінен таяқ жегенін әйелдер сөкет көрмейді Ерлі-зайыптылар арасында көп ер адамдар әйелдерге қол көтеруді қалыпты жағдай деп түсінеді. Күйеуінің не әйелінің ішкі мәселелерін сыртқа әшкере ету отбасының қайта түзелуін қиындатады. Болмашы ұрыс-керістен шаңырағының шайқалғанын ешкім қаламайды. Болған жағдайдың себебін анықтаудан бұрын салдарына көбірек көңіл бөлгені жөн сияқты.
Таяқтың екінші ұшы да бар. Болмашы деп, басты жарып, көзді ағызып отыруға да болмайды. Өткен жылғы статистикаға сүйенсек, Республика бойынша 200-ге жуық әйел, 30-ға тарта жасөспірім қызды айуандықпен өлтірген. 220 әйел, 50 шақты жасөспірім ауыр жарақат алған. 2500 әйел мен 170 кәмелетке толмаған қыздар зорлаушылардың құрбаны болған. Бұл өте үлкен көрсеткіш.

Жаза қандай?

ҚР Қылмыстық кодексінің 120 бабы бойынша, зорлау жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып, не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып, жыныстық қатынас жасау – үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырады.
Зорлауды топпен ұйымдасқан, алдын-ала келісілген топ жасаса, жәбірленушіге қатыгездікпен және бірнеше рет қайталанып, жасалса, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.
Кәмелетке толмаған балаларға тәртіпсіздік және ауыр кездерді пайдалана отырып жасалса, сегіз жылдан он бесжылға дейін бас бостандығынан айырылады. Егер он төрт жасқа толмаған балаларға қатысты жасалса, онда он бес жылдан жиырма жылға бас бостандығынан айырылады.

Қарлығаш Есалықызы

«Сана-сезім» әйелдер бастамалары орталығының тел: 8 (7252) 55-13-00, 55-12-00

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *