Қазығұртта 7 жоба жүзеге асады

%d2%9bazy%d2%93%d2%b1rt03Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы Холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Ерболат Досаев Қазығұрт ауданына сапарында Шарапхана ауылдық округіндегі Индустриалды аймақта орналасқан «Lotus Food Company LLC» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Тез әзірленетін тағамдар» өндірісімен және ауыл шаруашылығы саласына арналған биоорганикалық тыңайтқыштар шығаратын фабрикасының жұмысымен танысты.

Жобалық құны 472 млн теңгені құрайтын кәсіпорын жылына 620 мыңнан аса қаптама әзірлеуге қауқарлы. Өнімді Республика аумағының барлық қалаларына өткізу жоспарда бар. Күнделікті тұрмыста жоғары сұранысқа ие, тез дайындалатын өнімдер шығаратын кәсіпорын 48 адамды жұмыспен қамтуда.

Қазіргі таңда аудандағы индустриалдық аймақта 5,8 млрд теңгенің 7 жобасы мақұлданып, осы жылы жалпы сомасы 722,7 млнтеңгелік 2 жоба Индустрияландыру картасына енгізілді. Олар: «Отырабат Құрылысы» ЖШС-ның құны 120 млн теңгелік газоблок өндірісі мен «Асыл Бастау КZ» ЖШС-нің құны 602,7 млн теңге болатын майсыздандырылған құрғақ сүт және сары май өндіру жобалары.

Қызылқия ауыл округіндегі 500 гектардан астам жерге қарқынды бау шаруашылығын дамытып отырған «Аманкелді» ЖШС аралады. Алма, алхоры, шабдалы, шие, жүзім жеміс-жидектерін өсіретін серіктестік өнімдерін Қазақстан аумағынан бөлек, Өзбекстан, Ауғанстан, Тәжікстан Республикаларына шығаруда.

Сондай-ақ, олар мұндағы жеміс-жидектер мен көкөністерді сақтайтын сыйымдылығы 2 мың тонналық қойманы және тұқым бағында өндірілетін алма мен жүзім көшеттерін көрді.

Шынар ОРАЗОВА

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *