Қауіпсіздікті сақтау – әскериге міндет

Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы азаматтарды әскерге шақыру және жөнелту бойынша жыл сайын алдыңғы қатарда және өз міндеттерін жоғары атқарып келеді.

Сондай-ақ түрлі іс-шараларда белсенді. Басқармада жуырда ғана Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына орай жиын өтті. Басқосуға ОҚО қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Т. Аликулов, ОҚО бойынша ҚР ҚК ардагерлер кеңесінің төрағасы запастағы подполковник Б. Алдабергенов, Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының жеке құрамы қатысты.

Алғаш болып сөз алған Б. Алдабергенов : «Тәуелсіздікке ие болған сәттен бастап мемлекетіміздің алға қойған басым міндеттерінің бірі еліміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауды қамтамасыз етуге лайықты, уақыт талабына сай қабілетті әскер құру болды. Бас қолбасшымыз Н.Назарбаевтың және әскеріміздің табандылығының арқасында бұл межені орындадық. Десе де Қарулы Күштерімізді одан әрі дамыту, әскери дайындықты жоғары деңгейге жеткізу, сондай-ақ, халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысу үшін мүмкіндіктерді кеңейту күн тәртібінен түспейді. Бұл міндет әрбір әскери азаматтың мойнына жүктеледі»,-деді Бабай Алдабергенов. Басқа да сөз алған азаматтар қорғаныс істерінің жеткен жетістіктерін сөз етті. Ал жиын ақталған соң Елбасы мақаласы аясында дайындалған кітап көрмесін тамашалады. Көрмеде Н. Назарбаевтың «Қазақстан жолы», «Сындарлы он жыл», «Тарих толқынында» сынды кітаптары мен жолдауы бойынша материалдар қойылған.

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *