«Қара ағаштар» өлеңі

 

Адамдар сұлулыққа ынтығады,

Жер беті көк өскінмен құлпырады.

Жаздың күні жайқалған жапырақтар,

Бұтақта күн көзіне ұмтылады.

 

Ақ қайындар тербелсе қатарласып,

Сендерді көрген адам болар ғашық.

Жап-жасыл жапырақтар арасынан,

Күн сығалап қараса нұрын шашып.

Ақ қайындар майыса иілгенде,

Ақ көйлекпен сәндене киінген бе?

Қызықтыра қаратар өздеріне,

Мың бұралған әдемі биімен де.

 

Қарағай орман тауды мекен еткен,

Бойын соза аспандап көкке жеткен.

Жанға дәру себеді саян сенің,

Барма рахат тамаша бұдан өткен.

 

Шырша да көз тартады бейнесімен,

Көріп оны әдемі күй кешіп ем.

Аппақ қар қонса шырша бұтағына,

Сұлулық жарасады үйлесіммен.

Бұл ағаштар сәнді де сымбатты ғой.

Әр қайсысы біздерге қымбатты ғой.

Болса да көрер көзге қарабайыр,

Ал маған қара ағаштар ұнапты ғой.

 

Қара ағаштар жайласқан жол шетіне,

Жайқала сән береді жер бетіне.

Сыбырлап жапырақтар сыр айтқандай,

Тұрсындар желмен бірге тербетіле.

 

Әркім де сүйеді ғой ұнағанын.

Сендерге қараағаштар жыр арнадым.

Мен үшін көркем сұлу дарақсындар,

Жайқалған жасыл бағым қара орманым.

 

Сендер менің жаныма жақын ағаш.

Қара нардай қайсарлы қара ағаш.

Сән беріп жерімде жайқала бер,

Өздерін ғой мен үшін дара ағаш.

 

Жерімнің сәні болып өсе бергін,

Жасыл желек көркі болып көшелердің,

Сәл дамылдап саялы көлеңкенде,

Шілде күні жаныннан өте бердім.

Оразалы Абдраманов

ЖШС «АЙ-НҰРЫ» Медициналық орталығының 

терапевт-дәрігері  

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *