Қарақшылық қылмыстары ашылды

11 ТУРКЕСТАН 2Өткен мерекелік демалыс күндері Облыстық ІІД-нің полицейлері бірнеше қарақшылық шабуыл деректерінің бетін ашты. Қаскөйлер көлікке де, тұрғын үйге де шабуыл жасап, қомақты ақша мен құнды заттарды қолды еткен.  Сарыағаш ауданында осындай қылмысқа қатысы бар деген күдікпен үш сезіктіні қолға түсірді. Олар түнгі уақытта, Абай-Шардара тас жолының бойында көлік жүргізушісін тонап кетіпті. Жәбірленушінің сөзінше, «ВАЗ-2106» маркалы автокөлігі «Тойота-Камри» автокөлігінің алдын кесіп тоқтатқан. Беттерін тұмшалап алған үшеу  көліктен түскен бойда  жәбірленушіге күш қолданып, қарумен қорқытады. Ұрып-соғып, байлап тастайды. Содан соң, 5 миллион теңге ақшасын, ноутбук пен «Айфон» ұялы телефонын алып кетіпті. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары 1987 және 1991 жылдары туылған Сарыағаш ауданының үш тұрғынын күдікті ретінде қолға түсірді. Тергеу барысында ұсталғандар кінәларын толық мойындаған.

Ал түркістандық полицейлер осы аптада «Қарақшылық» қылмысын жасады деген күдікпен алты сезіктіні қолға түсірді.  Ұсталғандарға көне шаһардың  аумағында қарақшылық шабуылдар жасады деген айып тағылып отыр. Қылмыстық топ мүшелері 21 желтоқсан күні түнгі уақытта беттерін тұмшалап, бір тұрғынның үйіне баса-көктеп кірген. Үй иесіне күш қолданып, қарумен қорқытып, ақшасын, зергерлік бұйымдары мен ұялы телефонын алып кетіпті. Сөйтіп, жәбірленушіге жалпы 300 мың теңгеден астам шығын келтірген. Тергеу барысында ұсталған күдіктілердің 3 қарақшылық жасау дерегіне қатыстылығы анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі жарты миллион теңгеден астам қаржыны құрап отыр. Қазір топ мүшелері қамауға алынды. Айғақ заттар тәркіленіп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

11 САРЫАГАШ 1

Өткен жылы облыс аумағында орын алған қарақшылық шабуыл бойынша 83 жайт тіркеліп, оның ішінде 61 жайт ашылды.  Сондай-ақ, полицейлер соңғы бес жылда қарақшылық шабуылды кәсіп еткен 70 қылмыстық топты қолға түсірген.

Тағы да бір қарақшылық шабуыл оқиғасы Түлкібас ауданында тіркелді. 26 желтоқсан күні Түлкібас АІІБ-нің кезекші бөліміне Тұрар Рысқұлов ауылында қарақшылық шабуыл орын алғаны жайлы хабарлама келіп түседі. Яғни, күндізгі  сағат үштер шамасында беттерін тұмшалаған екі белгісіз тұлға сондағы кеңселердің біріне баса-көктеп кіріп, қызметкерлер мен сырттан келген азаматты соққыға жыққан.  Ұрып-соғып, тіпті байлап тастапты. Содан соң, 200 мың теңгесін алып кеткен. Жедел-іздестіру шаралары барысында 1997 және 1998 жылдары туылған Шымкент қаласы және Түлкібас ауданының екі тұрғыны ұсталды. Полицейлер ұсталған екеудің қарақшылық шабуыл бойынша 2 жайтқа қатыстылығын анықтаған.

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында полицейлер жалдамалы пәтердің 61 жастағы иесіне шабуыл жасады деген күдікпен 29 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Ол түнгі уақытта егде жастағы әйелге шабуыл жасап, сол аяғына пышақ жарақатын салған. Содан соң, ақшасы мен алтын бұйымдарын, ұялы телефонын алып кеткен. Жәбірленушіге бас-аяғы  100 мың теңгеден астам шығын келтірген.

Дайындаған — Айнұр АҚБАЕВА

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *