Қала бюджетіне өзгеріс енгізілді

Биылғы қала бюджетіне төртінші рет өзгеріс енгізілді. Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 8-ші сессиясында депутаттар 1 млрд 931 млн теңгені ағымдағы және мақсатты трансфертті тиісті салаларға бөлді.

Сонымен, ағымдағы трансферттер 1 млрд 421 млн теңгені құраса, оның ішінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына 112 млн теңге қаржы бөлінді. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеуге республикалық бюджеттен 1 млрд 344 млн теңге бөлініп, мүгедектерге міндетті гигиеналық құралдар алу мен міндетті әкімшілік қызметкерлердің еңбекақысы үнемдеу есебінен қысқартылды.

Даму трансферттерінің көлемі 509 млн теңгеге ұлғайды.

«Астана-1», «Астана-2» подстанцияларының жұмысын бастауға республикалық бюджеттен 150 млн теңге қаржы қаралған.
С. Қожанов көшесіндегі жылу камерасына дейінгі ғимараттардың жылу жүйелерін қайта құруға республикалық бюджеттен 458 млн бөлінді. «Самал-1» шағынауданындағы кәріз жүйелерінің құрылысына республикалық бюджеттен 763 млн теңге бөлініп, «Тұран» шағынауданындағы кәріз жүйелерінің құрылысы келесі жылға ауыс-тырылуына байланысты, қажетті 804 млн теңге қысқартылды.
Қалалық бюджеттің кіріс бөлігі ұлғайтылған жоқ. Бағдарлама әкімшілерінің қаралған қаржыны үнемдеу есебінен, игерілмейтін қаржыны қысқартып, қайта қарауға ұсыныс берілді. Атап айтқанда қала әкімінің аппаратына — 356 млн теңге. Оның ішінде күрделі шығыстар 324 млн теңгені құрады.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 75 млн теңге қаралып, үнемдеу есебінен 111 млн теңге қысқартылды.
Мәдениет саласына келсек, зообақты күтіп ұстауға жыл соңына дейін — 25 млн теңге берілмек. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына іс шаралар өткізуге, күрделі шығыстарына, бір мәдениет сарайын сатып алуға кетеді.

Ішкі саясат бөліміне 123 млн теңге қаралып, аппарат ұстауға, жастар саясатына іс шаралар өткізуге беріледі.

Білім бөлімі бойынша 1 млрд 800 млн теңгесі үнемдеу есебінен республикалық бюджеттен 1 млрд 300 млн теңгенің түсуіне сәйкес, қысқартылып, 635 млн теңгесі қайта қаралды. 486 млн теңге қала мектептеріндегі сынып саны 322-ге көбейгені себепті олардың жалақыларына, коммуналдық қызметтердің жоғарлауына, және де осы мектептердің, балабақшалардың жалақысына, коммуналды қызметтеріне қаралды.

Дене шынықтыру бөліміне келетін болсақ, күрделі шығындарға 691 мың теңге беріліп, спорт шаралары үшін барлық спорт мектептеріне қарастырылды.

Құрылыс бөліміне — 120 млн теңге бөлініп, оның ішінде білім беру нысандарын салуға 115 млн теңге қаралған.
Кәсіпкерлік бөлімі бойынша 21 млн теңге қаралып отыр. Ал, ауылшаруашылығы бөлімі қаңғыбас иттер мен мысықтарды атуға қосымша қаржы сұрап отыр.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуі үшін 11 млн, автомобиль жолдарын жөндеуге 140 млн қажет. Оның 40 млн-ы осы аудандардың шағыл тас төсеуіне, 71 млн теңгесі Тәуке хан даңғылының құрылысын аяқтауға беріледі. Тұрғын үй коммуналды — шаруашалық бөлімі 1 млрд 506 млн теңге сұратты. Оның ішінде жерді алып қоюға 422 млн берілмек. Көшелерді жарықтандыруға — 235 млн теңге жұмсалады.

Қала санитариясын қамтамасыз етуге 139 млн теңге, коммуналды абаттандыруға, көгалдандыруға, «Жасыл қала», «ЛТД Тұрмыс», «Бәйтерек» мекемелеріне жыл соңына дейін көгалдандыру жұмыстарын жасауға — 647 млн теңге, инженерлік- коммуникациялық инфрақұрылымдарға 13 млн теңге бөлінді.

Нәтижесінде қомақты қаражат тұрғын үй коммуналды — шаруашылық бөлімі мен білім саласына берілетіні белгілі болды. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова осылайша қаржының қай салаға бағытталатынын мәслихат депутаттарына егжей-тегжейлі түсіндіріп, депуттардың мақұлдауын алды.

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *