Қала қыс қамына кірісті

Қала әкімі жұмысын жылу жүйелерінде жүргізіліп жатқан құрылыс барысымен танысудан бастады. Ғабидулла Әбдірахымовтың айтуынша, әрбір шымкенттіктің үйіне кіретін жылу сапалы әрі шығынсыз болу керек.

Қала қыс қамына кірістіОсы орайда, Ұлттық Қордың қаржысынан биылға 1,6 млрд. теңге қаралып, Шымкент қаласының Оңтүстік бөлігіндегі магистралды жылу жүйелерін қайта құру жұмыстарына ЖСҚ әзірленді. Жалпы сметалық құны 1236,9 млн теңгені құрайтын, 5.3 шақырым құбырлар ауыстырылатын болды. Сондай-ақ, әкім Қапал батыр көшесінің бойындағы көпірдің қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты. Кестеге сәйкес көпір 2 жақты,6 жолақты болады. Қазіргі таңда жөндеу жұмысының 40% аяқталған. Бас жоспарға сәйкес 2016 жылдың І жартыжылдығында көпірдің құрылысы бітеді деп күтілуде. Алдағы уақытта мұндай жұмыстар қала әкімінің қатаң қадағалауында болады. Мұнан бөлек, №25 мектептегі жөндеу жұмысы биылғы жылдың 30 қыркүйегінде аяқталады. Ал, № 44 мектептегі жөндеу жұмыстары 25 тамызда аяқталып, пайдалануға берілетін болады.

Лаура Сапарбекова

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *