Қаңтар-ақпандағы көктем

Бадам ағашының гүлі

Биыл Оңтүстікте қытымыр қыстың ызғары сезілмеді. Әдетте қаңтар-ақпанда алай-дүлей мінез көрсететін табиғат мешін жылында тосын мінезін танытты. Қыс бойы аймақта көк шөп жайқалып өсіп, адам танымастай өзгерді. Ерекше құбылысқа жергілікті тұрғындардың өзі таңданыс білдірді. Қыстың ортасында өңірімізде ауа температурасы 14°С — қа дейін жылынды. Сондықтан болар, ағаштар бүршік жарып, өсімдіктер гүлдеді. Бұл табиғат-ананың ерте оянуын білдіре ме, әлде әлемдік жылынудың лебі бізден басталғандай ма, деген ойда қалдық. Дегенмен, көктемнің ерте келуін жақсылыққа жорығымыз келді. 12718151_742959285839596_3811822774544046270_n
Көктемнің жаймашуақ күнімен таласып, гүл ашатын бәйшешек биылғы қаңтарда алқаптарда, жол бойында, қала тұрғындарының бау-бақшасында гүлдеді. Адамдар әдемі, көздің жауын алатын гүлдер мен ағаштардың фото — видеосын әлеуметтік желілерге жарыса жариялап жатыр. Сөйтіп, ерте көктемнің символы саналатын бәйшешек ел-жұрттың назарын қаңтарда-ақ өзіне аудартты. Тұрғындардың бау-бақшаларында бәйшешектен өзге шегіргүл мен ақжелкендер қаптап өскен.
Мұндай тосын жаңалық Қазығұрт ауданы, Қақпақ ауылында да болды. Ауыл тұрғынының бауында бадам (миндаль) ағашы гүлдеді. Жыл сайын бадам ағашы ақпанның соңы, не наурыз айының басында гүлдейтін. Күннің күрт жылынуы бадам ағашының да ерте оянына себеп болып отыр.

10400648_742959689172889_4982812647633073776_n
Сонымен қатар, Шымқаладағы Дендробақта қайың, қара ағаш, мамыргүл (сирень), келіншектал және талшындар да оянды. Ағаштар бүр жаруда. Ондағы мамандардың ағаштан бөлек, Дендробақтағы жасанды көлге жыл құстарының ерте келгеніне алаңдаулы. Қыс болса аяқталған жоқ. «Табиғат аяқасты тосын мінез көрсетсе, ағаштардың жайы не болмақ» деп алаңдаушылық білдірді.

Жапон айвасы бізде көп өсіріледі. Оның екінші «беже» деген атауы бар.
Кел, балақай, Беже ағашын біліп ал,
Таралыпты қытай, жапон елінен.
Күлгін, қызыл және ақ түсті гүлі бар,
Көрген адам қуат алар өңінен.
Жемісі бар кішкене алма пішіндес,
Пайдасы мол теріп алса жөнімен.
Көктем шыға құлпырады гүл жарып,
Бабы жақсы бақшалардың төрінен,- демекші жапон айвасы Шымкентте мезгілінен бұрын гүл ашты. Қонаев даңғылы мен Ғани Ілияев көшесі қиылысындағы гүлзарда беке гүлдеді. Раушан гүлдері тұқымына жататын ерте гүлдейтін беженің гүлдегеніне қызығушылық танытып, тұрғындар суретке түсіріп жатыр. Ең қызығы, түнгі аязға қарамай саңырауқұлақтар да жер бетіне шықты. Гүлзар мен саябақтарда қолына пышақ пен пакет ұстаған жандарды көптеп кездестіресіз. Тіпті, қала тұрғындары 1 келіге дейін балғын саңырауқұлақ жинап та үлгерген. Иә, биыл Оңтүстікке көктем ерте келді.

DSC_0162

Дайындаған — Айгүл Керімбайқызы

Біз көктемге ғашықпыз…

Көктем болып кеткендей мына ғалам,
Боз жусанның иісі аңқып тұр ауадан.
Аяз да жоқ, ақпанмен арпалысқан,
Еріген қар, дейтіндей «жылап алам!»
Көктем Сырға расында асық сынды.
Жылғалардан бір шаттық тасып, күлді.
Астанаға кеш жетер бұл құдірет,
Бізде ерте құшады ғашық гүлді.
Бізде ерте атады бүршік арман,
Таң рауандап, жер жібіп, күн шығардан.
Бізде бәрі ертерек, неткен ғажап,
Жаз да ерте оянар, тыншып алған.
Неткен сезім,
Аймалап бақыт жерді.
Іңкәрлігін паш ете уақыт келді.
Біз көктемге ғашықпыз,
көктем бізге.
Көріңдіңдер ме, осындай бақытты елді?

Толқын Қабылша

DSC_0133

IMG_5279
DSC_0168

 

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *