Құс тұмауының алдын алу шаралары

 

Жоғары патогенді құс тұмауы — Н5N1 штаммды вируспен қоздыратын жұқпалы індет. Құс тұмауы құстарда және кейбір үй жануарларында кездеседі. Адамдар бұл індетті құстарды күту кезінде, ұша бөлшектегенде, және де құстармен ластанған ортамен тығыз қатынаста болғанда жұқтыруы мүмкін. Ауырған адамдарда өкпе қабынуының ауыр түрі кездеседі. Ауру кенеттен қатты қалтыраудан, бұлшық еттерінің ауруынан басталып, жөтел, тынысының тарылуы және ентігу пайда болады.

Әсіресе, үй құстары ауру көзі болып табылады деп болжамдалуда. Сонымен қатар, вирус үй құстарында аурудың жеңіл түрлерін ғана тудырады, бұлар көбінесе жасырын түрде өтеді. Тұмау вирустарының табиғи резервуары болып суда жүзетін жыл құстары есептеледі, олар тұмау вирусының штаммдарын нашар жұқтырады немесе көптеген штаммдарымен зақымдалмайды, бірақ оларды ағзасында 21 сөткеге дейін ұстап, қоршаған ортаға сол уақыттарда нәжіспен вирустарды бөліп отырады. Жыл құстары үй құстарымен жанасу арқылы тұмау вирустарын жұқтырады. Адамдардың жоғары патогенді құс тұмауы дүние жүзінде расталған бірінші жағдайы 1997 жылы Гонконгте тіркелді, содан кейін адамдардың ауыруы жыл сайын кездейсоқ жағдайдан бұрқ етіп шығуына дейін тіркеледі. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының ақпараттарына сүйенсек, 2015 жылы 30 шілдеге қарай әлемде 92 жағдайда ауру тіркеледі, оның ішінде Африка (Буркина-Фасо-7, Египет-76) – 83, Азия елдерінде (Индия-5, Китай-3, Турция-2) – 11 жағдай. Ауырған адамдардың арасында 12 адам қайтыс болды, оның ішінде Египет елінде — 9, Түркияда — 3.

Үй құстарында аурудың клиникасы пайда болған жағдайда (асқа тәбеті жоқ, жүйке жұмысының қозуы, бұлшық еттерінің тартылуы, (қанаттарын көтере алмауы), жүрісінің өзгеруі,(тура жерде сүрінеді), басын ұстай алмауы (басы бос, жан-жаққа бұрылып кетеді), түшкіру, тынысының тарылуы, ішінің өтуі), құстардың жаппай қырылуы тіркелген кезде құс иелері жедел түрде ветеринарлық қызметкерлерге хабарласуы қажет. Қолдың, тыныс жолдарының, көздің қауіпсіздігін қамтамассыз ететін арнайы киім қажет, себебі індеттің берілу жолдары ауа арқылы және тығыз қатынас болып табылады. Құстардың мүрдесін пакетке салып зертханалық тексеруден өткізу үшін ветеринарлық қызметкерлерге беру қажет. Тірі құстарды оқшаулап аулаға жібермеу қажет, мәжбүрлеп сойып, құс етін және жұмыртқасын азыққа пайдалануға тыйым салынады. Құстарды күту жұмыстарынан отбасы мүшелері, әсіресе 14 жасқа толмаған балаларды алшақтаған дұрыс. Құс иесінде және отбасы мүшелерінде аурушаңдықтың белгілері пайда болған жағдайда жедел түрде медициналық мекемеге қаралып емделу қажет.

 

 И.НАКЫПБЕКОВ,

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті,

Шымкент қалалық аумақтық инспекциясының

мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *