Құрылыстың бұрылыстары

 13 стройкаБиыл 1 қаңтардан елімізде құрылыс жұмыстарын сәу­леттік жоспарлау және сметалық құнын анықтаудың жаңа түрі, есептеудің ресурстық әдістері күшіне енді. Бұл талап­тар Президенттің «Ұлт жоспары — 100 нақты қадам» құжатының 46, 47, 48, 49 қадамдарында нақты айтылған. Оны орындаудың жолдары туралы ОҚО әкімінің бірінші орын­басары Дархан Сатыбалды ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.

Жыл басынан экономиканың негізін құрайтын сала­лар­дың бірі — құрылысқа енгі­зілген өзгерістер ең алдымен осы іспен айналысушы компанияларға жеңіл­діктерді қарастырады. Мысалы, бұрын 1-2 айға дейін созылатын эскиздік жобаның қаралуы енді 20 күнде аяқталады. Сондай-ақ, ХҚКО арқылы құрылысқа келісім беру анық­тамасын да 10 күнде алуға бола­ды. Ал, құрылыстың сметалық құнын анықтау жаңа әдіспен жасалады. Саладағы олқылықтарға қатысты арыз­дар 1 ай ішінде аяқталуы керек. Оған қоса, мемлекеттік сараптамадан біртіндеп бас тарту жұмыстары барысында бұдан былай, бірінші және екінші деңгейдегі жобалар ғана күрделілігіне қарай мемлекеттік сараптамадан өткізіледі. Қалғандары жекеменшік сараптамадан өтеді. Қазір облыста 1 мемлекеттік, 13 жеке­меншік сараптама мекемесі жұмыс істейді.

13 Дархан Сатыбалды аким

Дархан Сатыбалды, ОҚО әкім­нің бірінші орынбасары:
— Бұл дегеніміз, мысалы, был­тыр битуммен жол салғандар шығынға батса, биыл керісінше, өнімнің арзандауына байланысты, шығыны азаяды. Осы тұстарға қатысты смета қайта қаралатын болады. Ресурстық әдіс дегеніміз осы. Құрылыс компанияларына өте оңтайлы. Баға қалыптастырудың бұл әдісі құрылыс материалдары мен жұмыс күшінің, басқа да қыз­меттердің қолданыстағы нарықтық құнын есептеуге ыңғайлы.

— Қазір осы әдіспен 4,5 миллиард теңге тұратын 11 жоба есептеліп жатыр,-дейді Дархан Амангелдіұлы. Ұлт Жоспарының 49 қадамында «құрылыстың ескірген нормалары мен ережелерінің орнына еурокодтар жүйесін енгізу» жайы айтылған. Осы салаға жауапты тұлғалардың сендіруінше, тиісті жұмыс басталыпты. Нақтылағанда, еурокодтар қазақстандық құрылысшылардың көзін ашып көргені: кеңестік кезең­нен қалған байырғы нормаларды біртіндеп ауыстыру тиіс. Себебі, біздің халықаралық жүйеден қалыс қалуға қақымыз жоқ. Егер осы лекке бір қосылып кетсек, отандық құры­лыс компаниялары тек өзімізде ғана емес, әлемдік нарыққа шыға алады. Ал, бізге инвестор келеді. Еурокодқа көшкендіктен, олармен «бір тілде» сөйлесуге, бәсекелес болуға талпынатын боламыз. Бәсеке бар жерде, сапаның артатыны тағы бар. Бұл жылдам орындалатын жұмысқа жатпайды. Заңнамалық негіз дайындалады. Құрылысшылар оқытылады. Осындай жұмыстар көп. Құрылыс саласының мамандары министрліктің бұл қадамы қайырлы болады, дейді. Сараптама көптеген ұйымға үлестірілсе, құрылыс басшылары тындырымды топты із­дей­ді. Сонда тексеру орталықтары тапсырыс алу үшін жұмысын тия­нақты істеуге талпынады. Яғни, бәсе­келестік орта қалыптасады, сараптама төлемі төмендейді. Қазір жоба көлеміне байланысты сараптау құны 2 миллионнан бастап 15 миллион теңгеге дейін барады екен. Негізі, осындай тиянақтылықтан соң, тұрғын үй бағасы да қазіргіден кем болуы керек. Жалпы алғанда, бағдарлама барлық бағаны көрсетіп, құрылыстың қарқынды жүруіне жол ашады. Сәйкесінше, әр қаланың көркі мен келбетіне сай ғимараттар бой түзейді.

Еурокодтар дегеніміз не?

Еуропалық Комиссияның жетек­­ші құжаттарына сәйкес «Еурокодтар ғимараттар мен құры­лыстардың негізгі тірек конструкцияларының механикалық беріктігі мен өртке төзімділігін қамтамасыз ету үшін ЕҰ мүше елдерінің анықтамалық құжаттары ретінде қолдануға арналған жобалаудың жалпы әдістемесін білдіреді». Олар тікелей қолдануға арналмаған және жергілікті жағдайларға бейімделуі тиіс. Бұл үшін оларды қолданатын әрбір елде Еуро­кодтардың ұлттық қосым­шалары әзірленеді, онда аталған елге тән параметрлер (сандық мәндер) көрсетіледі, сондай-ақ, дәлсіздіктер бойынша қосымша түсіндірмелер келтіріледі: стандартты ағылшын тілінен ұлттық тілге аударуға байланысты туындаған, қолдану ерекшеліктері және басқа ақпарат. Бейімделуден кейін әрбір Еурокод ерікті қолдану стандарты мәртебесіне ие болады (ереже бойынша, ұлттық стандарт дәрежесінде). Еурокодтар он бөлімнен, 58 тармақтан және қазақстандық климат пен сейсмологиялық жағдайлар ескері­летін ұлттық қосымшалардан тұрады. Бүгінгі күні барлық 58 тармақ және ұлттық қосымшалар әзірленді, Стандарттау жөніндегі Еуропалық комитеттен (СЕН) Еурокодтарды Қазақстан территориясында қолдануға ресми рұқсат алынды. Еурокодтар құрылыс саласындағы жобалау ісінің тар көлемді мамандарының құзырына жататынын атап айту қажет. Дәл осы себепке байланысты мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер, БАҚ өкілдері және тұрғындар арасында, біріншіден, Еурокодтар дегеннің не, екіншіден, оларды Қазақстанда енгізуге байланысты құрылыс қыз­метіне қатысушылар қандай нақ­ты практикалық мақсаттар мен мін­деттерге қол жеткізуі және жүзеге асыруы тиіс екені жөнінде анық түсінік жоқ.
Еурокодтар Еуропалық Одаққа мүше елдер территориясында қолданылады. Бұл арада, тіпті, Британ стандарттау институты (BSI) базасында Еурокодтар жөніндегі техникалық комитет жұмыс істейтін Ұлыбританияның өзінде, жобалау саласындағы кәсіпқойлар құрылыс конструкцияларын жобалау және есептеудің қалыптасқан практикасынан бас тартпағанын ескеру қажет. Бұл Еурокодтардың ерікті мәртебесін білдіреді. Осы әдістеме бойынша пилоттық жобалар Беларусь Республикасында іске асырылды, бірақ, құрылыс құнының өсуіне байланысты Еурокодтарды қолдану тоқтатылды. Ресейде қазіргі уақытта Еурокодтарды Ресей Федерациясында қолдану үшін ұлттық бейімдеу мәселесі осыған ұқсас отандық стандарттарға балама есебінде талқылану сатысында жатыр.

30 үй беріледі

Осы брифингте апатты деп танылған нысандар, оларды қайта соғу, тұрғын үй құрылысы мен салымшылар жайы да айтылды. Қазір облыста тұрғын үй кезегінде 30 мың адам тұр. Биыл 30 тұрғын үйді тапсыру жоспарланып отыр.

13 жайымбетов

Мархабат Жайымбетов, ҚР Ұлт­тық экономика министрлігінің коми­тет төрағасы:

Мархабат Жайымбетов, ҚР Ұлт­тық экономика министрлігінің коми­тет төрағасы:
— Мемлекеттік материалдарды қолданып жатқан соң, бағаның қымбаттамауына жұмыс істеп жатырмыз. Әкімдіктер, мемлекет осы бағытта жұмыс істеп жатыр. Баға қымбаттамайды.

Ал «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» бағдарламасы бойынша, 2016 жылғы мамыр- маусым айларында 2 үй пайдалануға берілмек. Біздің өңір бұл бағытта алдыңғы қатарда екен. Апатты мектептер мәселесі 2017 жылдың соңында толық шешіледі, деді облыс әкімінің бірінші орынбасары. Нақтырақ айтсақ, өткен жылдан ауыспалы нысан ретінде және биылға жоспарланған 32 мектеп күрделі жөндеуден өтіп, қосымша ғимараттарын салу жалғасады. Ал келер жылға Оңтүстікте тағы 6 мектепті толық аяқтау межеленіп қойған.

Еуроүлгідегі үйлерді де өзіміз саламыз

Елімізде үй құрылысы еуро­палық үлгіде салынады. Енді батыстық үлгідегі үйлерді шетелдіктер емес, еліміздің құры­лыс­шылары салады. Баспана құры­лысын биылдан бастап еуро­стандартқа көшірген Ұлттық Экономика министрлігі басқа мемлекеттен қымбатқа жұмысшы шақырмас үшін арнайы байқау жариялапты. Онда құрылысшылар батыста тұрғы­зылатын баспаналардың қыр сырын меңгеріп, ғимаратты заман талабына сай етіп салуды үйренеді. Ескі тәсілдегі құрылыстан гөрі еуростандартты қалаған минис­трлік тіпті, 1200-ге жуық құры­лысшыны әзірлеп шығарған. Сөйтіп, еліміздегі шетелдік құрылыс компаниялар бір­тіндеп жойылуы мүмкін. Ал, шенеу­ніктер Еуро санатына сай үйлердің құны қазіргі бағадан қымбат болмайды деп отыр.

Зәуре Оралбаева.

Редакция

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *